Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi әскери қызметке шақыру туралы" 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 844 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 сәуір N 463

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi әскери қызметке шақыру туралы" 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 844 U020844_ Жарлығын iске асыру мақсатында және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі белгiленген тәртiппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өтінімi бойынша мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери

 

қызметшiлерiн тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық

бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегiнде тасымалдауды жүзеге асыратын

ұйымдарға тiкелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргiзсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады