Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. 2001 жылғы 14 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Словакия Республикасының стандарттау, метрология және сынақтар басқармасы арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Словакия Республикасының стандарттау, метрология және сынақтар басқармасы арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі мен Словакия Республикасының стандарттау, метрология және сынақтар басқармасы,
Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюына және саудадағы техникалық кедергiлердi жоюға ұмтыла отырып,
халықаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ұйымдарының қабылдаған қағидаттар мен нормаларына сүйене отырып, стандарттау, метрология, сертификаттау және сынақтар саласында ынтымақтастықты дамыту ұмтылысын бiлдiрiп,
Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасының экономикалық мүдделерiн басшылық етiп,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар осы Келiсiм шеңберiнде екi мемлекеттiң мүдделерiне нұқсан
келтiрместен Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылық етедi. 2-бап Тараптар: ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен және талаптармен үйлестiру, сауда-саттықта кездесетiн техникалық тосқауылдарды жою және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту; екі Тараптың стандарттау, сынақ, сертификаттау және метрология жөнiндегi органдары арасында тiкелей байланыстарды орнату жолымен стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ынтымақтастықты дамытуға келiстi. 3-бап Тараптар:
стандарттау жөнiндегi ұлттық органдар жариялаған ақпарат пен мерзiмдiк басылымдарымен, нормативтiк құжаттарымен;
ұлттық стандарттар тiзбесi, жеке ұлттық стандарттар, нормалар мен ережелерiмен;
сертификаттау органдарын, сынақ зертханаларын тiркеу, сертификаттау
туралы негiзгi ақпараттар мен жарияланымдары, мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс өнiмдердiң тiзiмiмен; стандарттау, метрология, сертификаттау және сынақ саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалары мен оқу бағдарламаларына қатысты ақпараттары мен мәлiметтерiмен алмасуға келiстi. 4-бап Тараптар стандарттау, метрология, сертификаттау және сынақ саласында кадрларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруда, мамандармен алмасуда және кеңес беруде өзара әрекеттеседi. 5-бап Тараптар осы Келiсiм шеңберiнде жүргiзiлетiн жұмыс жөнiндегі құжаттамалар мен ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етедi. Ұсынушы Тараптың келiсiмiмен ғана бұл ақпарат үшiншi мемлекетке берiлуi мүмкiн. 6-бап Осы Келiсiмдi талқылау мен орындау барысында пайда болған пiкiр алшақтықтар Тараптардың өзара келiссөздерi мен кеңестерi арқылы реттелетiн болады. 7-бап
Осы Келiсiм Тараптардың басқа халықаралық келiсiмдерiне қатысуы нәтижесiнде қабылдаған құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
8-бап
Осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет ішілік рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi
Тарапқа Келiсiм қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап 6 ай мерзiмi аяқталғанға дейiн қолданылады. Осы Келiсiмнiң тоқтатылуы Келiсiм шеңберiнде қабылданған бағдарламалар мен жобаларға ықпал етпейдi. Астана қаласында 2001 жылғы 14 қарашада әрқайсысы екi түпнұсқа данада қазақ, словак, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, барлық тiлдегi мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруге қатысты келiспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады. Қазақстан Республикасының Словакия Республикасының Экономика және сауда стандарттау, метрология және министрлігі үшiн сынақтар басқармасы үшiн Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.