"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 мамыр N 492

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

                                                          Жоба

                      Қазақстан Республикасының Заңы
 
       "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
     әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
                        өзгерістер енгізу туралы
 
      "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Z960028_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      2-баптың в) тармақшасында:
      "кәмелетке толған адамдарға" деген сөздер "жазасын өтеп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшiн;";
      б) және в) тармақшаларында "ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға екi немесе одан да көп мәрте сотталған" деген сөздер "ауыр және аса ауыр қылмыстар үшiн немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға екi немесе одан көп мәрте сотты болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3-бап алынып тасталсын;
     4-бапта, 5-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацында, алтыншы бөлiгiнде, 9, 10-баптарда "еңбекпен түзеу мекемесiнен", "еңбекпен түзеу мекемесi" және "еңбекпен түзеу мекемесiнiң" деген сөздер тиiсiнше "түзеу мекемесiнен", "түзеу мекемесi" және "түзеу мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     9-бапта "босатылған" деген сөз "сотталған" деген сөзбен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады