Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары
және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі
процесті іске қосу туралы меморандумға Хаттамаға Қазақстан Республикасының
Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің
арасындағы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Аймақтық экономикалық
ынтымақтастық негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен
инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті
іске қосу туралы меморандумға
Хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі
2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру туралы Декларацияның 9-тармағына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумның (бұдан әрі - Меморандум) 4-бабына сәйкес,
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарын іске асыру және сауда мен инвестициялық қызмет үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен,
тең құқық және өзара тиімділік, өзара түсіністік қағидаттарын, мүмкін дерлік туындайтын айырмашылықтарды келісу жолымен шешу қағидатын басшылыққа ала отырып,
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда
қызметіне жауапты министрлерінің кездесулері тетігін құру туралы шешім
қабылдай келіп,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда
қызметіне жауапты министрлерінің (бұдан әрі - министрлер) кездесулері
Меморандумда айқындалған мақсаттарды өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдау
немесе ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтеріне ұсыныстар енгізу жолымен іске
асыру үшін өткізіледі.
2-бап
Министрлердің тұрақты кездесулері тетігі шеңберінде мыналар құрылады:
- Аға лауазымды тұлғалар комиссиясы;
- арнайы жұмыс топтары.
3-бап
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жылына кемінде бір рет министрлердің
кезекті кездесулері өткізіледі.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының (премьер-министрлерінің) шешімдері бойынша, сондай-ақ елдердің бірінің ұсынысы бойынша барлық қалған ел келіскен ретте министрлердің кезектен тыс кездесулері өткізіледі.
Министрлердің кезектен тыс кездесуін өткізу қажеттігі негізделген ұсыныстар, күн тәртібінің және тиісті құжаттардың жобалары өткізу ұсынылған мерзімге дейін 15 күннен кешіктірмей барлық министрге жіберіледі.
ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекетпен келісім бойынша кезектен тыс кездесу өткізудің уақыты мен орны айқындалады.
Кездесу аумағында өткізіліп отырған мемлекеттің министрі кезекті және кезектен тыс кездесулерде төрағалық етуші болады.
Төрағалық етуші кездесуді ашады және бекіту үшін күн тәртібі мен жұмыс тәртібін ұсынады, Комиссияның, арнайы жұмыс топтарының жұмыс қорытындылары туралы ақпарат береді, баяндамалар және сөйлеу үшін сөз береді, қаралатын мәселелер бойынша құжаттардың жобалары мен ұсыныстарды келісуге қояды, кездесуде қабылданатын шешімдерді (өзара түсіністік туралы бірлескен мазмұндамалар, декларациялар, меморандумдар, бағдарламалар және басқалар) жария етеді.
4-бап
Аға лауазымды тұлғалар комиссиясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының функцияларына сыртқы экономикалық және сыртқы сауда мәселелері жатқызылған құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құралады. Комиссия жұмысына қажеттілігіне қарай тиісті сарапшылар тартылады.
Комиссия өз қызметінің нәтижелері туралы министрлерді кездесулерінде есеп береді, кездесулердің күн тәртібін және бағдарламаларын келісуді жүргізеді, құжаттарға министрлер кездесулерінде қол қойылуы және бекітілуі үшін олардың жобаларын тікелей немесе арнайы жұмыс топтары арқылы дайындауды ұйымдастырады.
Комиссия министрлер кездесулерінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, жұмыс топтарын құру жөнінде ұсынымдар дайындайды, сондай-ақ олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Комиссия мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
Мәжілісті өткізу уақыты, орны, күн тәртібі, әдетте, өткізілгенге дейін 30 күн бұрын келісілуге тиісті. Мәжіліс барысында күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу барлық мүшенің келісуімен жүзеге асырылады.
Мәжіліс аумағында өткізіліп отырған мемлекеттің мүддесін білдіруші аға лауазымды тұлғалардың (комиссия мүшелерінің) бірі Комиссия мәжілісінде төрағалық етуші болады.
5-бап
Белгілі бір салаларда ынтымақтастықтың нақты мәселелері бойынша талдау, консультациялар және ұсыныстар дайындау мақсатымен, қажеттілігіне қарай тұрақты да, уақытша да негізде арнайы жұмыс топтары құрылады.
Арнайы жұмыс топтары Аға лауазымды тұлғалар комиссиясының ұсынымдары негізінде министрлер шешімімен құрылады және таратылады әрі өз қызметінің нәтижелері үшін Комиссия алдында жауапты болады.
Арнайы жұмыс топтары Комиссияның қарауына ынтымақтастықтың бекітілген мәселелері бойынша қорытынды құжаттар (келісімдердің жобалары, талдау нәтижелері, ынтымақтастықтың нақты жобаларын іске асыру жөніндегі ұсынымдар және басқалары) шығарады.
Министрлердің әр топ бойынша бөлек шығарылатын шешімдерімен жұмыс тобының құрамы, сондай-ақ оның мақсаттары, міндеттері және қызмет аясы айқындалады.
6-бап
Министрлер кездесулерінде, Комиссия мәжілістерінде және арнайы жұмыс топтарында шешімдер дауысқа салмай келісу жолымен қабылданады және мүшелердің бір де бірі қарсы пікір білдірмесе (бірауыздылық), қабылданды деп саналады.
Министрлер кездесуі оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлық министрі қатысса, бірауыздылық негізде шешімдер қабылдауға құқылы. Министрлердің бірі дәлелді себеппен мәжіліске келе алмаған жағдайда, министр өз орынбасарларының біріне осы мәжіліске өкілеттіктер береді.
Министрлер кездесулерінде қабылданатын қорытынды құжаттар, егер тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекетішілік рәсімдер өткізу талап етілмесе, қол қойылған күнінен бастап күшіне ене алады.
Мемлекетішілік рәсімдер қажет болған жағдайда хаттамада бұл туралы белгі жасалады және тараптар мемлекетішілік рәсімдері орындалғаны туралы соңғы хабарламаны алғаннан кейін бес күннен соң қорытынды құжаттар күшіне енеді.
7-бап
Кездесу немесе мәжіліс басталуына дейін 10 күннен кешіктірмей, оны
өткізуді ұйымдастырушыға делегация мүшелерінің аты-жөні, тегі, лауазымдары
мен атақтары көрсетілген делегацияның тізімдері жіберіледі.
8-бап
Министрлердің кездесулерін, Аға лауазымды тұлғалар комиссиясының,
арнайы жұмыс топтарының мәжілістерін өткізумен байланысты шығыстарды
қабылдаушы Тарап ұлттық заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
Әрбір жіберуші тарап кездесулерге және мәжілістерге қатысумен
байланысты барлық шығысты өзі көтереді.
9-бап
Қытай және орыс тілдері кездесулерде және мәжілістерде ресми және
жұмыс тілдері болып табылады.
10-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар
және келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар
және келіссөздер жолымен шешетін болады.
11-бап
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Хаттаманың ажырамас бөліктері
болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
12-бап
Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.
Уағдаласушы Тараптардың кез келгені осы Хаттаманы орындаудан осы
Хаттаманың депозитарийін бұл туралы жазбаша хабардар еткеннен кейін 6
айдан соң бас тарта алады.
"____"_______ ______ қаласында қытай және орыс тілдерінде бір
түпнұсқа данада жасалды және екі мәтіннің де күші бірдей.
Қытай Халық Республикасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады,
ол басқа Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.