Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 және 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкметінің қаулысы 2002 жылғы 28 мамыр 577

      Қорғаныс кешені кәсіпорындарын бірыңғай және тиімді басқаруды

 

қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай

өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

     1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27

мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне" деген

бөлімде:

     реттік нөмірі 236-жол алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы бөлімшемен және реттік нөмірлері 237-2, 237-3,

237-4, 237-5, 237-6, 237-7, 237-8, 237-9, 237-10, 237-11, 237-12,

237-13-жолдармен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс

өнеркәсібі жөніндегі комитетіне

     237-2   АЛА-001612  "С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты" ААҚ;

     237-3   СКО-002364  "ЗИКСТО" ААҚ;

     237-4   ЗКО-000882  "Зенит" Орал зауыты" ААҚ;

     237-5   ЗКО-000873  "Металлист" Орал зауыты" ААҚ;

     237-6   ЗКО-000897  "Омега" ААҚ;

     237-7   ЗКО-010063  "Гидроприбор" ҒЗИ" ААҚ;

     237-8   АТР-000554  "Шельф" ААҚ;

     237-9   СКО-001778  "Ғылыми-Шығыс" ААҚ;

     237-10  СКО-001777  "Тыныс" ААҚ;

     237-11  СКО-002362  "С.М.Киров атындағы зауыт ӨБ" ААҚ;

     237-12  ВКО-001764  "Семей машина жасау зауыты" ААҚ;

     237-13  СКО-002363  "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ";

     2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің

тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы

N 1587 


P001587_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N

43, 513-құжат):

     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     9, 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "9. С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты" ААҚ (Алматы қаласы) 90%

     14. "Зенит" Орал зауыты" ААҚ (N 16 корпусын, өнеркәсіп базасын

қоспағанда) (Орал қаласы) 90%

     15. "Металлист" Орал зауыты" ААҚ (Орал қаласы) 90%";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32, 33, 34-жолдармен

толықтырылсын:

     "32. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ (Петропавл қаласы) 90%

     33. "С.М.Киров атындағы зауыт ӨБ" ААҚ (Петропавл қаласы) 90%

     34. "Семей машина жасау зауыты" ААҚ (Семей қаласы) 90%".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады