"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 585

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына

енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                 Қазақстан Республикасының Заңы

        "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының

           Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"



 
       1-бап. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Z990453_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуi бөлiгiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындауды келiсу;".
      2. 7-бапта:
      1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Саяси лауазымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымдар жатқызылуы мүмкiн.";
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үшiн лауазымдар санаттары белгiленедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың санаттары бойынша тiзілiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.".
      3. 12-бапта:
      1) 1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасу осы Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.";
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнің мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасуы ол тиiстi бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнің және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнің келiсiмiмен ауысу тәртiбiмен конкурстық iрiктеусiз жүзеге асырылуы мүмкiн.".
      4. 13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптары негiзiнде әзiрлейдi және бекiтедi.".
      5. 14-бапта:
      1) 3-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде "немесе жабық" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарында өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.".
      2) 5-тармақ алынып тасталсын.
      6. 15-баптың 1-тармағындағы "Конкурстық iрiктеу нәтижелерi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
      7. 20-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервтiк есепке алуды ұсынған әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшілерден";
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi, сондай-ақ кадрлар резервiне есепке алынған азаматтардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекітетін Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.".
      3) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадрлар резервiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі қалыптастырады.
      Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадрлар резервi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.".
      8. 22-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi ауыстырылған не мемлекеттiк саяси қызметшi басқа мемлекеттiк лауазымға тағайындалған жағдайда, егер мемлекеттiк қызметшi бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаса, онда ақы төленетiн жыл сайынғы демалысы жаңа жұмыс орнында заңдарда белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн берiлуi мүмкiн.".
      9. 24-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшілік қызметшiлер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда олардың біліктілiктерiне сай жұмыспен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi жұмысқа орналастырудан бас тартқан жағдайда, ол заңдарда белгiленген тәртiппен жұмыстан босатылады. Бұл ретте, мемлекеттік органдарда кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.".
      10. 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен

 

толықтырылсын:

     "8-1) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға мемлекеттік қызмет туралы

заңдарды бұза отырып, орналасуы;".

     2-бап. Осы Заң ол ресми түрде жарияланған күнiнен бастап үш ай

өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi



     Астана, 2002 жылғы "____"___________




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады