Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ислам Даму Банкінің арасында "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негіздемесiн және алдын ала жобасын дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 маусым N 610

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкiнің арасында "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкiнің арасында "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келiсiмге қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
      3. "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындауды қоса қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға арнап көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 8 843 120 (сегiз миллион сегiз жүз қырық үш мың бiр жүз жиырма) теңге бөлiнсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттiк

 

инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы 

Yкiметiнің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 


P001963_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай

толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002

жылдарға арналған Мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасына 2-қосымшада:

     "Көлiк және байланыс" салалық секторында:

     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 56-1-жолмен толықтырылсын:

__________________________________________________________________________

   1  !                2                 !              3    

__________________________________________________________________________

56-1   "Бурабай-Көкшетау-Петропавл"        Көлік және коммуникациялар

       автожолының ТЭН және алдын ала      министрлігі

       жобасын дайындау

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

   4  !         5          !         6        !          7

__________________________________________________________________________

2002      Барлығы                0,29

         ИДБ гранты               0,23

       республикалық бюджет       0,06

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      8       !       9      !        10        !       11

__________________________________________________________________________

                                    0,29

                                    0,23

                                    0,06

__________________________________________________________________________

     жиынтық бөлімде:

     "Барлығы" деген жолда:

     6-бағанда "2525,34" деген сан "2525,63" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағанда "266,51" деген сан "266,8" деген санмен ауыстырылсын;    

     "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолда:

     6-бағанда "2063,71" деген сан "2063,94" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағанда "210,91" деген сан "211,14" деген санмен ауыстырылсын;

     "гранттар" деген жолда:

     6-бағанда "186,57" деген сан "186,8" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағанда "36,83" деген сан "37,06" деген санмен ауыстырылсын;

     "Ішкі көздерден барлығы" деген жолда:

     6-бағанда "461,63" деген сан "461,69" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағанда "55,60" деген сан "55,66" деген санмен ауыстырылсын;   

     "республикалық бюджет" деген жолда:

     6-бағанда "455,77" деген сан "455,83" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағанда "52,60" деген сан "52,66" деген санмен ауыстырылсын.

     5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

тартылатын грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз

етсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                  "Бурабай-Көкшетау-Петропавл"

                          автожолының

                      техника-экономикалық

                         негіздемесін

                             және

                      алдын ала жобасын

                      дайындау жөніндегі

                     Қазақстан Республикасы

                           Үкіметі

                             мен

                      Ислам Даму Банкінің

                          арасындағы

                 техникалық көмек (грант) туралы              

                           келісім


           ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК (ГРАНТ) ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ



 
       Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Үкiметi" деп аталады) мен Ислам Даму Банкi (бұдан әрi "Банк" деп аталады) арасында 2002 жылғы ___ __________ жасалды.
      Осы Келiсiмнiң 1-қосымшасында сипатталған Бурабай-Көкшетау-Петропавл

 

автожолының Техника-экономикалық негiздемесiн және Алдын ала жобасын

дайындауды қаржыландыру үшін Үкiмет Банктен Техникалық көмек сұрағанын

ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, (бұдан әрі "Зерттеулер" деп аталады);

     Төменде анықталған шарттардың негiзiнде Банктiң Техникалық көмек

беруге келiскенiн ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП;

     ОСЫЛАЙША, осымен тараптар төмендегiлер туралы уағдаласты:


                          1-БАП

                    ГРАНТТЫҢ СОМАСЫ


     Банк Үкiметке Банктiң Уакф қоры қаражатынан Техникалық көмек грантын

182756 (Жүз сексен екi мың жетi жүз елу алты) Ислам динарынан аспайтын,

шамамен 232100 (Екi жүз отыз екi мың бір жүз) АҚШ долларына тең сомада

бередi.


                          2-БАП

             ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ


     2.01-бөлiм

     Грант сомасы Банктiң Төлем рәсiмдерiне сәйкес төленетiн болады.

     2.02-бөлiм

     Грант қаражаты тек Зерттеулердiң құнын жабу үшiн пайдаланылатын

болады.


     2.03-бөлiм. Бiрiншi төлеуге арналған өтiнiмнiң күнi

     Егер Yкiмет пен Банк арасында келiсiлген 2002 жылғы 31 желтоқсанға

дейiн немесе одан кейiнгi мерзiмде Yкiмет Банкке бiрiншi төлем жасауға

арналған өтiнiмдi бермесе, Банк Үкiметке тиiстi хабарламаны бергеннен

кейiн осы Келiсiмдi бұза алады.


     2.04-бөлiм. Жабу күнi

     Егер Гранттың кез келген бөлiгi Yкімет пен Банктiң арасында келiсiлген

2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе кез келген одан кейiнгі кезеңде

төленбесе, Банк Үкіметпен консультациялар жүргiзгеннен кейiн Гранттың

төленбеген бөлiгiн жоя алады.


                         3-БАП

                   ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ


     3.01-бөлiм

     Зерттеулер үшiн атқарушы агенттік Қазақстан Республикасының Көлік

және коммуникациялар министрлiгi болып табылады.


     3.02-бөлiм


 
       Зерттеулер жүргiзуде Үкiметке жәрдемдесу мақсатында Yкімет Банкпен консультациялар жүргiзу жолымен Банктiң рәсiмдерiне сәйкес iрiктеу жүргiзедi және консультациялық қызметтерге келiсiм-шарт жасасады.
 

 

     3.03-бөлiм

     Консультант ұсыныстар беруге Консультанттар шақырылғанға дейiн Үкiмет

пен Банк арасында жазбаша түрде келiсiлуі мүмкiн осындай Техникалық

ұсынысты алады. Техникалық тапсырма Yкiмет пен Банк арасындағы жазбаша

келiсу жолымен жетiлдiрілуі мүмкiн.


     3.04-бөлiм

     Үкiмет Банкпен бiрлесiп iрiктелген консультантпен нәтижесi Yкіметпен

және Банкпен түпкiлiктi келiсудiң мәнi болып табылатын келiссөздер

жүргізедi.


                       4-БАП

               YКIМЕТТIҢ МIНДЕТТЕРI


     4.01-бөлiм


 
       Үкімет тиiстi қаржылық және әкiмшiлiк практикаларға сәйкес

 

Зерттеулердiң уақтылы және тиiмдi өтуiн қамтамасыз ету үшiн Банкпен және

Консультантпен ынтымақтасады және бұл үшiн, егер бұл Қазақстан

Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн болса, Зерттеулерге қатысты

барлық бар ақпаратты консультантқа беретiн болады.


     4.02-бөлiм

     Зерттеулер үшiн Үкімет жұмыстарды жүргізу үшiн талап етiлетiн және

Техникалық тапсырмада толығырақ көрсетiлетiн персоналды, жабдықтарды

немесе басқа да қызметтердi немесе ыңғайлы жағдайларды консультантқа

өтеусiз ұсынады.


     4.03-бөлiм

     Үкiмет Зерттеулердi жүргiзу кезiнде жәрдемдесу және консультантпен

ынтымақтасу үшiн толық жұмыс күнiне бiлiктi жергiлiктi қосымша персоналды

ұсынады.


     4.04-бөлiм


 
       Үкiмет жергiлiктi валютада Зерттеулердiң құнын жабу үшiн қажеттi қаражат көздейдi, сондай-ақ оларды жүргізу кезiнде туындауы мүмкiн құнның кез келген асып түсiн қаржыландыратын болады.
 
      4.05-бөлiм
      Үкiмет Консультантқа Банк негiздi түрде сұрауы мүмкiн мөлшерде және нысанда есептер мен жобаларды, жоспарларды, сызбаларды, ерекшелiктерді, жұмыс кестелерiн және шығыстар сметаларын қоса алғанда, Зерттеулер мақсатында Консультант дайындаған құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ басқа елеулi ақпаратты Банкке ұсынуды тапсырады.
 
      4.06-бөлiм
      Үкiмет өз құзыретi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктiң тiркелген өкілдерiнің Зерттеулердi жүргiзуге байланысты барлық жерге және үй-жайларға еркiн кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолға алады.
 
      4.07-бөлiм
      Үкiмет Грант қаражатын пайдалануды және Зерттеулердi жүргiзу барысын көрсету үшін (олардың құнын қоса алғанда) жеткілікті жағдайда есептер мен жазбаларды жүргiзетiн болады немесе жүргiзудi тапсырады.
 
      4.08-бөлiм
      Үкiмет жұмыс барысының толықтығын, кездесетiн проблемаларды, қабылданған iс-қимылдарды және мезгіл-мезгіл Банк сұрауы мүмкiн мән-жайларды көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептердi Банкке беретiн болады.
 
      4.09-бөлiм
      Консультанттың Түпкілікті есебi ұсынылған сәттен бастап 90 (тоқсан) күн iшiнде Үкiмет Банкке осы Келiсiмге сәйкес Банк ұсынған және оның нәтижесiнде Зерттеулердiң мiндеттерiне қол жеткiзiлген Техникалық көмектiң нәтижелерiн бағалау жөнiндегi есептi бередi.
 
      4.10-бөлiм
      Үкiмет Зерттеулердің мақсаттарына қол жеткiзуге, оларға байланысты қызметтерге және осы Келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалуына ықпал ететiн немесе ықпал ету қаупi бар кез келген жағдайлар туралы Банктi уақтылы хабардар етедi.
 
      4.11-бөлім
      (а) Консультанттың сыйақысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салынатын болады.
      Кез келген салықты және баждарды грант қаражатынан төлеу мүмкiн емес, Қазақстан тарапынан Техникалық көмек жобасын бiрге қаржыландырылатын сомасы шегiнде Yкiмет қаржыландырады.
      (б) Үкiмет өзiнiң қаржылық ұсынысын бергенге дейiн Үкiмет салатын барлық салықтар мен баждар туралы Консультантты хабардар етуге мiндеттенедi.
 
      4.12-бөлiм
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкiмет:
      (а) Зерттеулер жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және осындай аумаққа әкелiнгеннен кейiн, кейiннен ол жерден әкетiлетiн кез келген жабдықтарды, материалдарды немесе керек-жарақтарды салықтардан, кедендiк және басқа да баждардан босату;
      (б) Зерттеулер және Консультант пен оның персоналының жеке қажеттілiгi үшiн қажеттi кез келген жабдықтарды, материалдар мен керек-жарақтарды уақтылы кедендiк ресiмдеу. Атқарушы агенттiк барлық ресми кедендiк талаптарды уақтылы шешуде жәрдем көрсетеді.
      (в) Консультантты және оның персоналын олардың Қазақстанда жүруi үшiн

 

талап етілетiн қажеттi кiру және шығу визаларының, уақытша тұру

рұқсатының, шетел валютасына рұқсат пен жол жүру құжаттарының уақтылы

ұсынылуын қамтамасыз ету; және

     (г) Зерттеулер жүргiзу үшiн барлық қажетті рұқсат пен сенiмхаттарды

бөлу жөнiндегi шараларды қолға алады.


                            5-БАП

                 ЕСЕП БЕРУШIЛIК ЖӘНЕ БАСҚАЛАР


     5.01-бөлiм


 
       Yкімет пен Банк мезгiл-мезгiл, тараптардың қандай да бiрiнiң сұрауы бойынша Техникалық Көмек жөнiнде пiкiр алысатын және Консультант дайындаған кез келген есеп бойынша және осы есептерде ұсынылған кез келген ұсынымдарды iске асыру бойынша консультация алатын болады.
 

 

     5.02-бөлiм

     Банк Консультант дайындаған кез келген есептi Банк қажет деп

есептейтiн кез келген мақсатқа пайдалана алады, бiрақ, егер ол Үкімет пен

Банктiң арасында өзгеше келiсiлмесе, осы есептер жарияланбайды.


     5.03-бөлiм

     Осы Келiсiмге сәйкес Банктiң жәрдемдесу шарттары Консультанттың кез

келген ұсынымдарын iске асыруға қатысты Банкті Үкiметке қаржылай немесе

одан әрi техникалық жәрдемдесудi жалғастыруға мiндеттемейдi.

                          6-БАП

                        ҮЙЛЕСТIРУ


     Үкiмет осымен Консультантпен және Банкпен жұмыс iстеу үшiн Көлiк және

коммуникациялар министрiн тағайындайды, сондай-ақ осы Келiсiммен Үкiметке

жүктелген мiндеттемелердi орындау үшiн тiкелей жауапты тұлға етiп

тағайындайды.


                          7-БАП

                         ХАБАРЛАМА


     Бiр тараптың екiншi тарапқа кез келген жазбаша хабарламасы, егер ол

қолдан қолға немесе телефон желiсi, почта немесе телекс бойынша мына

мекен-жайлардың бiреуi бойынша жiберiлсе, онда ол тиiстi түрде ұсынылды

деп саналатын болады:


     Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн:


     Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

     Автомобиль жолдары комитетi


     _____________________________________

     _____________________________________

     _____________________________________


     Ислам Даму Банкi үшін

     Р.О. Вох 5925

     Jeddah 21432

     Kingdom of Saudi Arabia


     Телефон және радиограмма үшін қосымша мекен-жай:


     Саblе: BANKISLAMI JEDDAN

     Теlех: 6001137 ISDB SJ

     Fах: 6366871 JEDDAN


                          8-БАП


     Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi қажетті мемлекетiшілік

рәсiмдердi орындаған күннен бастап күшiне енедi.

     ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ РАСТАЙ ОТЫРЫП, тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi

осы Келiсiмге ағылшын тiлiндегі екi түпнұсқа данада оның Кiрiспесiнде

көрсетiлген күнi қол қойды.

     Қазақстан Республикасының Үкiметі үшiн және атынан

     Қазақстан Республикасы атынан ИДБ басқарушысы - Қазақстан

Республикасының Қаржы вице-министрi

     Жәмiшев Болат Бидахметұлы


     ________________________________


     Ислам Даму Банкi үшiн және атынан


     ________________________________

                                                       Қосымша


                      ЗЕРТТЕУЛЕРДI СИПАТТАУ



 
       Техникалық көмектің (ТК) мақсаты - Техника-экономикалық негіздемені және асфальт жамылғысы бар, жүретiн бөлiгiнің енi 15 м және есептiк жылдамдығы 120 км/сағ. екi жолақтан тұратын Бурабай-Көкшетау-Петропавл автомобиль жолының алдын ала жобасын дайындау. ТК Жолшы-инженерлерден, Жасанды құрылыс жөнiндегі инженерден, Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi маманнан, Геотехник-инженерден және Жолшы-экономистен тұратын мамандар тобының Техникалық-экономикалық негiздеменi және алдын ала жобаны дайындауын қамтиды. Зерттеу оңтайлы жолдың траекториясын/орналасуын, шығыстардың бастапқы сметасын анықтауды және егжей-тегжейлi жобаны әзiрлеу талап етілетiн учаскелердi анықтауды қамтиды. Алдын ала жоба жолдың қазiргi жағдайын және ұсынылып отырған өзгерiстерiн көрсететiн желiлiк диаграмманы; кез келген жаңа немесе қалпына келтiрiлген жасанды құрылыстардың тұжырымдамалық жобалық шешiмдерiн; су жiберетiн құбырлар бойынша тұжырымдамалық жобалық шешiмдердi; егжей-тегжейлi жобалаудағы және құрылыс жұмыстарындағы басымдықтарды анықтау үшiн iс-қимыл жоспарын

 

қамтитын болады.

     ТК жалпы құны - 289300 АҚШ долларынан аспайды. ИДБ Уакф қоры

қаражатынан жоғарыда көрсетiлген шетел валютасында құрамдас бөлiгiн

қаржыландыруды өтеу үшін 182756.00 Ислам динары (шамамен 232100 АҚШ

доллары) сомасында ТК (Грант) беруді ұсынады. Қазақстанның Үкiметi ТК

жалпы сомасының 20% құрайтын қалған 57200 АҚШ долларын қаржыландырады.


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады