Ми-8 тікұшағының рульдік винт қалақтарының импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 маусым N 635

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамына "Омбы азаматтық авиация зауыты" ашық акционерлік қоғамымен (Омбы қаласы, Ресей Федерациясы) жасасқан 2002 жылғы 5 ақпандағы N 398/6 келісім-шартына сәйкес 2 жинақталым мөлшерінде Ми-8 тікұшағының рульдік винті қалақтарының (коды 8803 10 900 СЭҚ ТН) Қазақстан Республикасына импортына рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамамен белгіленген тәртіппен "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімнің импортына лицензия берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімді кедендік бақылау мен

кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика

және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетіне

жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады