Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375
Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына
енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 3 наурыздағы
N 3375 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын
белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5
қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы"
1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375
Жарлығына (Қазақстан
Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат) мынадай өзгерiстер
енгізілсін:
7-тармақта:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Тұрысбеков Зауытбек - Қазақстан Республикасының
Қауысбекұлы Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы;
Мұтанов Ғалымқайыр - Қазақстан Республикасының
Мұтанұлы Білім және ғылым бiрiншi вице-
министрi;
Аймақов Бауыржан - Қазақстан Республикасының
Жаңабекұлы Экономика және сауда вице-
министрi;
Жұмағұлов Бақытжан - Қазақстан Республикасы
Тұрсынұлы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi
саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi;
мынадай жол:
"Школьник Владимир - Қазақстан Республикасының
Сергеевич Энергетика, индустрия және
сауда министрi;"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Школьник Владимир - Қазақстан Республикасының
Сергеевич Энергетика және минералдық
ресурстар министрi";
көрсетiлген құрамнан:
Мұхаметжанов Бауыржан Әлiмұлы, Аханов Серiк Ахметжанұлы, Ахметов
Әшiмжан Сүлейменұлы, Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы, Ертiсбаев Ермұхамет
Қабиденұлы шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті