Қазақстан Республикасы Президентінің "Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 маусым N 693

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласы болып қайта аталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады