Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әртүрлi мемлекеттердiң шаруашылық жүргізушi субъектiлерi
арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезiндегі мемлекеттiк баждың мөлшерi
мен оны өндірiп алу тәртібi туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы келiсiмге
Хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан
Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Әртүрлi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерi арасындағы шаруашылық дауларды
қарау кезiндегi мемлекеттiк баждың мөлшерi мен оны
өндiрiп алу тәртiбi туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы
келiсiмге Хаттаманы бекіту туралы
2001 жылғы 1 маусымда Минск қаласында жасалған Әртүрлi мемлекеттердiң
шаруашылық жүргiзуші субъектілерi арасындағы шаруашылық дауларды қарау
кезiндегi мемлекеттiк баждың мөлшерi мен оны өндiріп алу тәртібi туралы
1993 жылғы 24 желтоқсандағы келiсiмге Хаттама бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердiң
шаруашылық жүргізу субъектiлерiнiң арасындағы
шаруашылық дауларын қарау кезiнде мемлекеттік баж
мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге
ХАТТАМА
Ресми куәландырылған мәтін
1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердiң
шаруашылық жүргізу субъектiлерiнiң арасындағы
шаруашылық дауларын қарау кезiнде мемлекеттік баж
мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге
ХАТТАМА
1993 алғы 24 желтоқсандағы Әртүрлi мемлекеттердің шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезiнде мемлекеттiк баж мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi туралы келiсiмге қатысушы - мемлекеттер оны мынадай редакцияда көрсетiлген Келiсiмнiң 2-бабына өзгерiстер енгiзу туралы келiстi:
"2 бап
Әртүрлi мемлекеттердің аумағында орналасқан шаруашылық жүргiзуші
субъектілердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сот қорғауы үшін тең
мүмкіндiк дауларын шешу кезiнде қамтамасыз ету мақсатында мына бағада
(Ресей Федерациясының рублiнде) талап-арызбен басқа мемлекеттiң сотына
жүгіну кезiнде мемлекеттік баждың мынадай ставкалары белгiленсiн:
10 мың рубльге дейiн - талап-арыз бағасынан 3 процент;
10 мың рубльден астам - 50 мың рубльге дейiн - 300 рубль + 10 мың
рубльден астам
сомадан 2,5 процент;
50 мың рубльден астам - 100 мың рубльге дейiн - 1 мың 300 рубль + 50
мың рубльден астам
сомадан 2 процент;
100 мың рубльден астам - 500 мың рубльге дейiн - 2 мың 300 рубль +
100 мың рубльден
астам сомадан
1,5 процент;
500 мың рубльден астам - 1 млн рубльге дейiн - 8 мың 300 рубль +
1 млн рубльден
астам сомадан
1 процент;
1 млн рубльден астам - 13 мың 300 рубль +
1 млн рубльден
астам сомадан 0,5
процент.
Осы Хаттама оған қол қою сәтiнен бастап, ал заңнамасы iшкi
мемлекеттiк рәсiмдердi орындауды талап ететін мемлекеттер үшiн -
депозитарияға тиiстi құжаттарды беру күнiнен бастап күшiне енедi.
2001 жылдың 1 маусымында Минск қаласында түпнұсқалық бiр данада орыс
тiлiнде жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы хаттамаға қол қойған әрбiр
мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.