"Балалар еңбегiнің жаман түрлерiне тыйым салу және жою жөніндегi шұғыл шаралар туралы конвенцияны (182-конвенция) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 848

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. "Балалар еңбегiнiң ең жаман түрлерiне тыйым салу жөне жою

жөнiндегi шұғыл шаралар туралы конвенцияны (182-конвенция) бекiту туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрі

                                                              Жоба

                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


          Балалар еңбегiнің жаман түрлерiне тыйым салу және жою

        жөніндегi шұғыл шаралар туралы конвенцияны (182-конвенция)

                             бекiту туралы


     1999 жылғы 17 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының

87-Сессиясында Женева қаласында қабылданған Балалар еңбегiнiң ең жаман

түрлерiне тыйым салу және жою жөнiндегi шұғыл шаралар туралы конвенция

(182-конвенция) бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті

                  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


     182-конвенция


         Балалар еңбегiнiң ең заман түрлеріне тыйым салу және жою         

               жөнiндегi шұғыл шаралар туралы конвенция


     Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және

     1999 жылдың 1 маусымында өзiнiң сексен жетiншi сессиясына жиналған,  

     Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы,


 
       балалар еңбегi жөнiндегi негiз қалаушы актi болып қала беретiн ең төменгi жас туралы 1973 жылғы Конвенция мен Ұсынымды толықтыратын, халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық көмектi коса алғанда, ұлттық және халықаралық iс-қимылдар үшiн басты артықшылық ретінде балалар еңбегiнің ең нашар түрлерiне тыйым салуға және жоюға арналған жаңа актiлер қабылдау қажет деп санай отырып,
      балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiн тиiмдi жою жедел әрi жан-жақты iс қимылдарды талап етедi, онда тегiн базалық бiлiм беру және балаларды жұмыстың осындай түрлерiнен босату, сондай-ақ олардың отбасы мұқтаждықтарын ескере отырып, оңалту және әлеуметтiк кiрiктiру қажет деп санай отырып,
      1996 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 83-сессиясында қабылданған балалар еңбегiн жою туралы қарарды еске сала отырып,
      балалар еңбегi көп жағдайда кедейлiктiң салдары және бұл мәселенің ұзақ уақыт шешiлуі әлеуметтiк прогреске, атап айтқанда кедейлiктi жоюға және жаппай бiлiм алуға жеткiзетiн тұрақты экономикалық өсуде жатқанын мойындай отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Балалар құқығы туралы конвенция туралы еске сала отырып,
      1998 жылы Халықаралық еңбек конференциясының 86-сессиясында қабылданған ХЕҰ Еңбек саласындағы негiз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясы туралы еске сала отырып,
      балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерi басқа да халықаралық актiлерде, атап айтқанда 1930 жылғы Мәжбүрлi еңбек туралы конвенцияда және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен салттарды жою туралы 1956 жылғы Қосымша конвенциясында қамтылғанын еске сала отырып,
      сессиясының күн тәртiбiндегi төртiншi тармақ болып табылатын, балалар

 

еңбегi туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып,

     осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып, бiр

мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылдың маусым айының он жетiншi күнi

Балалар еңбегiнiң ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөнiндегi шұғыл

шаралар туралы 1999 жылғы конвенция деп аталуы мүмкiн төмендегi

конвенцияны қабылдайды.


                              1-бап


     Осы Конвенцияны бекiтушi әрбiр мүше-мемлекет балалар еңбегiнiң ең

нашар түрлерiне тыйым салуды және жоюды қамтамасыз ететiн тиімдi шараларды

жедел қабылдайды.


                              2-бап


     Осы Конвенцияның мақсаты үшiн "бала" деген термин 18 жасқа дейiнгi

барлық адамдарға қолданылады.


                              3-бап


     Осы Конвенцияның мақсаты үшiн "балалар еңбегiнің ең нашар түрлерi"

деген термин:


 
       а) құлдықтың барлық түрлерiн немесе мәселен, балаларды сату және оларды саудалау қарыз кiрiптарлығы мен крепостнойлық басыбайлылық, сондай-ақ мәжбүрлi немесе міндеттi еңбек, оның iшінде балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалану үшiн оларды мәжбүрлi немесе мiндеттi жалдау сияқты құлдыққа ұқсас практиканы;
      b) баланы жезөкшелiкпен айналысу үшiн, порнографиялық өнiм өндiру үшiн немесе порногрофиялық қойылымдар үшiн пайдалануды, жалдауды немесе ұсынуды;
      с) тиiстi халықаралық шарттарда белгiленгенiндей, баланы заңсыз қызметпен айналысу үшiн, атап айтқанда есiрткi заттарды өндiру және сату үшiн пайалануды, жалдауды немесе ұсынуды;
      d) өзiнiң орындалу жағдайы немесе сипаты жағынан балалардың денсаулығына, қауіпсiздiгiне немесе адамгершiлiгiне зиян келтiруi мүмкiн жұмысты қамтиды.
 
                              4-бап
 
      1. Ұлттық заңдар немесе құзыреттi орган тиiстi халықаралық нормаларды, атап айтқанда, балалар еңбегiнің ең нашар түрлерi туралы 1999 жылғы Ұсынымның 3 және 4-тармақтарының ережелерiн назарға ала отырып, жұмыс берушiлер мен еңбекшiлердiң мүдделi ұйымдарымен консультация өткiзгеннен кейiн 3-баптың d) тармағында көрсетiлген жұмыстардың түрлерiн белгiлейдi.
      2. Құзыреттi орган жұмыс берушiлер мен еңбекшiлердiң мүдделi ұйымдарымен консультация өткiзгеннен кейiн осындай тәртiппен белгіленген жұмыс түрлерiн жүзеге асыратын орындарды анықтайды.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген жұмыс түрлерiнiң тiзбесi

 

дүркін-дүркін талданады және қажеттiгiне қарай, жұмыс берушiлер мен 

еңбекшiлердің мүдделi ұйымдарымен консультация өткiзгеннен кейiн қайта

қаралады.


                            5-бап


     Әр мүше-мемлекет жұмыс берушiлер мен еңбекшiлердің ұйымдарымен

консультация өткiзгеннен кейiн осы Конвенцияны iске асыратын ережелердiң

қолданылуын бақылауды жүзеге асыру үшiн тиiстi тетiктердi жасайды немесе

көрсетедi.


                            6-бап



 
       1. Әр мүше-мемлекет балалар еңбегiнің ең нашар түрлерiн басымдықты тәртiппен жою жөнiнде iс-қимыл бағдарламаларын әзiрлейдi және жүзеге асырады.
      2. Мұндай iс-қимыл бағдарламалары қажет болған жағдайда, басқа мүдделi топтардың пiкiрiн еске ала отырып, тиiстi үкiмет ведомстволарымен, қызметкерлердiң және еңбекшiлердiң ұйымдарымен консультациялар өткiзгеннен кейiн әзiрленедi және жүзеге асырылады.
 
                             7-бап
 
      1. Әр мүше-мемлекет осы Конвенцияны жүзеге асыратын ережелердiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын қамтамсыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды, оның iшiнде қылмыстық санкцияларды немесе мән-жайларға қарай басқа да санкцияларды енгiзу және қолдану арқылы қабылдайды.
      2. Әр мүше-мемлекет балалар еңбегiн жою iсiндегi бiлiмнiң маңыздылығын ескере отырып, белгiленген мерзiмдерде:
      а) балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне балаларды тартуға жол бермеуге;
      b) балалардың балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiмен айналысуын

 

тоқтату, сондай-ақ оларды оңалту және әлеуметтiк кiрiктiру үшiн қажеттi

және тиiстi тiкелей жәрдем көрсетуге;

     с) балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiнен босатылған барлық балалардың

тегiн базалық бiлiм алуға, сондай-ақ мүмкiндiгi мен қажеттiгiне қарай

кәсiби-техникалық даярлыққа қол жеткiзуiне;

     d) айрықша қиын жағдайдағы балаларды анықтауға және қамтуға; және

     e) қыз балалар жағдайының ерекшелiгiн ескеруге бағытталған шараларды

қабылдайды.

     3. Әр мүше-мемлекет осы Конвенцияны жүзеге асыратын ережелердiң

қолданылуына жауапты құзыреттi органды тағайындайды.


                              8-бап


     Мүше-мемлекеттер осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыруда

бiр-бiрiне көмек көрсету мақсатында қажеттi шараларды қабылдайды, бұл үшiн

әлеуметтiк-экономикалық дамуды қолдауды, кедейлiкпен күрес жөніндегi және

жалпыға бiрдей бiлiм беру бағдарламаларын қоса алғанда, халықаралық

ынтымақтастықты және/немесе көмектi кеңiнен пайдаланады.


                             9-бап


     Осы Конвенцияға қатысты ресми грамоталар тiркеу үшiн Халықаралық

Еңбек Бюросының Бас директорына жiберiледi.


                            10-бап



 
       1. Бекiту грамоталарын Бас Директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелері үшін ғана осы Конвенцияның мiндеттi күшi бар.
      2. Ол Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту грамоталарын Бас Директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
      3. Соңынан бұл Конвенция Ұйымның әрбiр мүше-мемлекетiне қатысты өзiнiң бекiту грамотасын тiркеген күннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
 
                             11-бап
 
      1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi, ол алғаш күшіне енгiзiлген күнiнен он жыл өткен соң, Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және онда тiркелген күшiн жою туралы актi арқылы күшiн жоя алады. Күшiн жою күшiн жою туралы актiнi тiркегеннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
      2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен әрбiр Мүшесi өзiнің осы бапта көзделген күшiн жою құқығын осының алдындағы тармақта аталған он жылдық кезең өткеннен соң бiр жылдың iшінде пайдаланбаса, ол келесi он жылдық кезеңге созылады және кейiн, әрбiр он жылдық кезең өткен сайын, осы бапта көзделген тәртiптi сақтай отырып, осы Конвенцияның күшiн жоя алады.
 
                              12-бап
 
      1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Ұйым Мүшелерiнiң оған жолдаған барлық бекiту грамоталарының, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлердi өзiнiң тiркегенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне хабарлайды.
 
 
            1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаса, және егер жаңа конвенцияда өзгедей көзделмесе, онда:
      а) Ұйымның қайсыбiр Мүшесiнiң жаңа қайта қарайтын Конвенцияны бекiтуi, жаңа қайта қаралған Конвенция күшiне енгiзілген жағдайда,

 

11-баптың ережелерiне қарамастан, осы Конвенция күшiнiң жедел түрде

өзiнен-өзi жойылуына әкеп соқтырады;

     b) жаңа, қайта қаралған конвенция күшiне енгiзiлген күннен бастап,

осы Конвенция Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.

     2. Осы Конвенция, оны бекiткен, бiрақ жаңа, қайта қаралған

конвенцияны бекiтпеген Ұйымның Мүшелерi үшiн нысаны мен мазмұны жағынан өз

күшінде қалады.


                            16-бап


     Осы Конвенцияның ағылшын және француз тілдерiндегi мәтіндерінің күшi

бiрдей.


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады