Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 854. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  P020041_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар" деген 13-қосымшада:
      ("Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы") деген 2-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 1) тармақшасындағы "Болжам" ғылыми-болжау" деген сөздер "Қазселденқорғау" мемлекеттiк мекемесiнiң, соның iшiнде "Болжам" ғылыми-өндiрiстік" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады