"Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнің мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 мамырдағы N 491 қаулысына сәйкес экономикалық қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 тамыздағы
N 872 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық
салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне
жататын жекешелендірілген ұйымдардың
тізбесі
___________________________________________________________________
Р/с Кәсiпорындардың атауы Аймақ, Мемлекеттік
N облыс пакет, %
___________________________________________________________________
Кен-металлургия саласы
1. "Қазақстан алюминий" ААҚ Павлодар 31,76
2. "Испат-Қармет" ААҚ Қарағанды -
3. "Қазхром" ТҰК Ақтөбе 31,37
4. "Қазақмыс" корпорациясы Қарағанды 24,66
5. "Соколов-Сарыбай КБӨБ" ААҚ Қостанай 39,5
6. "Өскемен титан-магний комбинаты" ААҚ Шығыс Қазақстан 15,5
7. "Богатырь Аксесс Көмір" ЖШС Павлодар -
8. "Шұбаркөл разрезі" ААҚ Қарағанды -
9. "Қазмырыш" ААҚ Шығыс Қазақстан 27,64
Мұнай-газ саласы
10. "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ Маңғыстау -
11. Харрикейн Құмкөл Мұнай Қызылорда -
("Оңтүстікмұнайгаз" МАҚ)
12. "Шымкентмұнайоргсинтез" ААҚ Оңтүстік Қазақстан -
13. "Қаражанбасмұнай" ААҚ Маңғыстау -
14. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ Ақтөбе 25,12
Энергетика саласы
15. "AES Екібастұз" ЖШСМ (ГРЭС-1) Павлодар -
16. "Еуразия энергетика корпорациясы" ААҚ Павлодар 25,18
Көлік-коммуникация саласы
17. "Қазақтелеком" ААҚ Алматы қаласы 50
Машина жасау саласы
18. "Алматы ауыр машина жасау зауыты" ААҚ Алматы қаласы 31,9
___________________________________________________________________