Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізiлген құстарды табиғаттан алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 6 тамыз N 879

      Сирек және құрып кету қаупi төнген құстар түрлерiн қамауда ұстау, көбейту және өсiру жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргізу, олардан ұрпақ алу, сондай-ақ гендік қорын сақтау, кейiннен оларды тұрақты мекен ететiн жерлерiне жiбере отырып, резервтiк таралымын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы әкiмдігі қалалық мәдениет басқармасының Қазақстан Республикасының Алматы бас мемлекеттiк хайуанаттар паркiне (бұдан әрi - Хайуанаттар паркi) 2002-2003 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жалпы саны 57 балапан құсты (ұшары) аулауға рұқсат берiлсiн, оның iшiнде:

 

     Ақмола облысында - 10 бас қоқиқаз, Алматы облысында - 8 бас қызғылт

бiрқазан, 20 бас қарабас өгiз шағала, 5 бас жалбағай, 10 бас қарабай,

Шығыс Қазақстан облысында - 4 бас қара дегелек.

     2. Хайуанаттар паркiнiң мұқтажы үшiн 1-тармақта көрсетiлген құстарды

табиғи ортадан алу кезiнде жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем

мынадай мөлшерлерде белгіленсiн, бiр бас үшiн теңгемен:

     қоқиқаз - 1000;

     қызғылт бiрқазан - 1000;

     жалбағай - 500;

     қарабай - 500;

     қарабас өгіз шағала - 500;

     қара дегелек - 1000.

     3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің

кірісіне жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемнің түсуін қамтамасыз

етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады