Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Ақпарат министрлiгi арасындағы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 тамыз N 904

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат

және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Ақпарат

министрлiгi арасындағы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына

қол қоюға келiсiм берiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



         Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

        келiсiм министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Ақпарат

          министрлiгі арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық

                               БАҒДАРЛАМАСЫ


 
       Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Ақпарат министрлiгi,
      Хиджра бойынша 1420 жылға сәйкес келетiн 1994 жылғы 27 қыркүйекте Джидда қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ спорт және жастар iстерi салаларындағы ынтымақтастық туралы Бас келiсiмнiң негiзгi ережелерiн басшылыққа ала отырып,

 

     екi ел арасындағы қазiргi достық қатынастарды нығайтудың қажеттiгiн

қуаттай отырып,

     өзара тиiмдi және тепе-теңдiк негiзде ақпарат саласындағы

ынтымақтастыққа көмектесудi ниет ете отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:

                                  1-бап

     Тараптар екi мемлекеттiң де қолданыстағы ұлттық заңдары шеңберiнде

екi ел арасындағы қатынастарды нығайту мақсатында ақпараттық

ынтымақтастықтың дамуын қолдауға және арттыруға міндеттенеді.

                                  2-бап

     Тараптар ақпарат алмасудың еркiн таралуын өзара қолдау үшiн екi елдiң

әртүрлi бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықтың барлық

нысанына жәрдемдесетiн болады.

                                  3-бап


 
       Тараптар екi елдiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң кәсiби қызметi мен Журналистер одақтары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою үшiн қажеттi жағдайлар жасауға жәрдемдесетiн болады.
 

                                  4-бап



 
 
       Тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласында кадрларды даярлауға көмектесетiн және осы салада жұмыс iстейтiн Тараптар мемлекеттерiнiң бiлiм беру, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн болады.
 

                                  5-бап



 
 
       Тараптар ақпараттық қызметтер (агенттiктер) арасында кең және еркiн

 

ақпарат алмасуға, сондай-ақ басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында заңды

негiздерде таратылатын теле және радио бағдарламалардың берiлуiн

ұйымдастыруға жәрдемдесетiн болады.

     Тараптар осы мақсатта теле және радио бағдарламалардың өзара

таралуының шарттары мен тәртiбiн анықтайтын жеке Келiсiм жасасады.

                                  6-бап

     Осы Бағдарлама шеңберiнде делегациялар алмасуға байланысты барлық

қаржы шығыстары жiберушi Тараптың есебiнен жүзеге асырылатын болады.

                                  7-бап

     Тараптар өзара уағдаластық бойынша осы Бағдарламаға қажеттi түзетулер

мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Бағдарламаның ажырамас бөлiгi

болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.

                                  8-бап

     Осы Бағдарлама ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда

келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жүргiзу

немесе консультациялар жолымен шешедi.

                                  9-бап


 
       Осы Бағдарлама Тараптардың өздерi қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
 

                                  10-бап



 
 
       Осы Бағдарлама қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Бағдарлама бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы басқа Тарапқа жазбаша нысанда тиiстi бес жылдық кезеңнiң аяқталуына дейiн кемінде алты ай бұрын хабарламаса, Бағдарлама келесi бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
      Осы Бағдарламаның қолданылуын тоқтату, егер Тараптар өзгеше

 

көздемесе, оның қолданылуы уақытында басталған бағдарламаларды жүзеге

асыруға қозғамайтын болады.

     200_ жылғы "___" ___________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы

қазақ, араб, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды және барлық мәтiннiң

күшi бiрдей.

     Осы, Бағдарламаның ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының              Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң

   Мәдениет, ақпарат және қоғамдық             Ақпарат министрлігі үшін

      келiсiм министрлігі үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады