Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесі
туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының
мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесi туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы келiсiмге қатысушы мемлекеттер
Yкiметi,
мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен экономикалық және табиғатты қорғау сипатындағы шешiмдердi қабылдаудағы гидрометеорологиялық ақпаратты тұрақты алу мен пайдалану маңыздылығына көз жеткiзе отырып,
гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның өзге де сипаттамаларын бағалау жөнiндегi бақылаудың ұлттық, аймақтық және ғаламдық жүйесi қызметiн мемлекетаралық келiсiм негiзiнде жүргiзуге зор мән бере отырып,
гидрометеорологиялық жүйенi ұйымдастыру және дамыту саласында қарым- қатынас жасауға дайын екендiктерiн бiлдiре отырып,
гидрометеорология саласындағы өзара iс-қимыл туралы 1992 жылғы 8 ақпандағы Келiсiм ережелерiн басшылыққа ала отырып,
төмендегiдей келiсiмге келдi:
1-бап
Осы Келiсiм мақсаты үшiн төменде келтiрiлген терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
ТМД мемлекетаралық гидрометеорология жүйесi (ТМД ХГМЖ) Тараптардың гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның басқа да сипаттамалары туралы ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн ұлттық жүйелік қадағалау ұйымдарының сұрыпталған қадағалау пункттерiнiң бiрiккен жүйесi;
ұлттық гидрометеорологиялық жүйе - бiр Тараптың гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның басқа да сипаттамаларына қадағалау жасайтын қадағалау ұйымдары мемлекеттiк жүйесiнiң жиынтығы.
2-бап
Тараптардың ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесi қызметiн қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы төмендегi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
ұлттық гидрометеорологиялық жүйе, сондай-ақ қолда бар коммуникациялық инфрақұрылымдар негiзiнде гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның басқа да сипаттамаларына мемлекетаралық қадағалау жүйесiн қалыптастыру және оның қызметiн қамтамасыз ету;
ТМД ХГМЖ компоненттерiнiң даму стратегиясын әзiрлеуге және iске асыруға, тиiстi бiрлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
ТМД ХГМЖ қызметiн құқықтық, нормативтiк-әдiстемелiк, метрологиялық, технологиялық және аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету.
3-бап
ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның басқа да сипаттамалары туралы уақтылы, толық және нақтылы ақпарат, оның iшiнде экономика мен тұрғындарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше оқиғалардан қорғау шараларын қабылдау мақсатында қауiптi гидрометеорологиялық жағдайлардың туындауы және ластанудың жоғары деңгейлерi туралы жедел ақпаратты дер кезiнде алу;
жер бетi суларының ластану деңгейi және трансшекаралық су объектiлерiндегi су шығыны туралы ақпарат алу, атмосфералық ауа арқылы ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдануын бақылауды қамтамасыз ету;
ақпараттық өнiмдердiң бiрлiгiн, талап етiлетiн өлшемдер дәлдiгiн және қадағалау тәсiлдерiнiң салыстырмалылығын, айқындығын қамтамасыз ету.
4-бап
ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесi гидрометеорологиялық жағдайлар мен қоршаған табиғи ортаның басқа да сипаттамаларын қадағалаудың ұлттық жүйелерi және мәлiмет жинақтау, өңдеу мен тарату технологияларын меңгерген қолданыстағы құрылымдар базасында құрылады.
5-бап
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы гидрометеорология жөнiндегi мемлекетаралық кеңесi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының үйлестiру институты ретiнде ұлттық гидрометеорологиялық қызметтер жұмысының негiзгi бағыттары бойынша:
ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесiнiң құрамы (қадағалау станциялары мен бекеттерiнiң тiзiмi) мен қадағалаудың әр түрiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асыру тетiктерiн анықтайды;
ТМД ХГМЖ қызмет етуiне байланысты мәселелердi шешуде ұлттық гидрометеорологиялық органдардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз етедi.
6-бап
Тараптар ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесiн өлшеудiң белгiленген тәртiппен орындалу әдiстемесiмен аттестациялаған осы заманғы өлшеу аспаптары және құрал-жабдықтарымен, жұмыс эталондарымен, деректер беруге арналған коммуникациялармен сондай-ақ оларды өңдейтiн есептеу техникасы мен автоматизация құралдарымен, қамтамасыз етуге жәрдемдеседi.
ТМД ХГМЖ жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алынған ақпараттар Тараптардың пайдалануына қолайлы түрде және еркiн берiледi.
7-бап
ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесiн ұлттық гидрометеорологиялық қызмет қаржысы есебiнен, сондай-ақ Дүниежүзiлiк метеорологиялық ұйым мен басқа да халықаралық қорларды қоса алғанда, мүдделi ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылады.
Тараптар осы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындау үшiн қаржы қаражатын өз бетiнше тартады.
8-бап
Осы Келiсiмнiң орындалуына жауапты ұлттық гидрометеорологиялық органдар арасындағы өзара iс-қимыл осы Келiсiм ережелерiне қайшы келмейтiн жекелеген уағдаластықтар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тараптар өз қызметiн осы Келiсiм шеңберiнде олардың заңнамаларына
сәйкес жүзеге асырады.
9-бап
Осы Келiсiм Тараптардың бұл Келiсiмде қамтылатын мәселелерге қатысты
халықаралық шарттар бойынша немесе осы Келiсiмнiң нысаны мен мақсатына
сәйкес жасалуы мүмкiн халықаралық келiсiм-шарт құқықтары мен
мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
10-бап
Осы Келiсiмнiң қолданылуына немесе түсiндiрiлуiне байланысты туындаған
даулы мәселелер мүдделес Тараптардың консультациялар және келiссөздер
жолымен шешiледi.
11-бап
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмнiң алып тастауға болмайтын бөлiгi болып табылатын
өзгерiстер мен толықтырулар жекелеген хаттамалармен рәсiмделедi және осы
Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген тәртiппен күшiне енедi.
12-бап
Осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi оның Тараптары қол қойған
мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы үшiншi хабарламаның
депозитарийге сақтауға өткiзiлген күнінен бастап Келiсiм күшiне енедi.
Қажеттi ресiмдердi кеш орындаған Тараптар үшiн осы Келiсiм тиiстi
құжаттардың депозитарийге сақтауға өткізiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
13-бап
Осы Келiсiм мерзiмi бес жылға жасалады және егер Тараптар өзге шешiм
қабылдамаса, осы мерзiм аяқталысымен келесi бесжылдық кезеңiне автоматты
түрде ұзартылады.
14-бап
Әр Тарап осы Келiсiмнiң күшiндегi кезiнде туындаған өзiнiң қаржылық
және өзге де мiндеттемелерiн реттей отырып осы Келiсiмнен, алты айдан
кешiктiрмей депозитарийге хабарлама жiбере отырып шығуы мүмкiн.
15-бап
Мақсат-мүддесiн бөлiсетiн өзге де мемлекеттердiң осы Келiсiмге
қосылуына депозитарийге осындай қосылу жөнiндегi құжаттарын өткiзуi арқылы
жол ашылады.
2001 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір ғана
түпнұсқа данада жасалды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару
комитетінде сақтаулы түпнұсқа данасының расталған көшірмесі осы Келісімге
қол қойған әр мемлекетке жіберіледі.
Әзербайжан Республикасы Молдова Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасы Ресей Федерациясы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Түрікменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасы Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мәскеу - 16.03.2001 ж.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.