Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрi Абдалла бин Мұхаммед бин Ибрагим аль аш-Шейхтiң 2002 жылғы 30 тамыз - 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп Астана және Алматы қалаларында сапарды дайындау және өткiзу жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының (қосымшаға сәйкес) орындалуын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
сапарды өткiзуге, оның iшiнде Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлiгi делегациясы мүшелерiнің тұруына және тамақтануына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына 3517753 (үш миллион бес жүз он жетi мың жетi жүз елу үш) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
белгiленген тәртіппен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрлiгі делегациясының мүшелерi үшiн келу және кету құжаттарын ресiмдесiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша) Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрлiгi делегациясы мүшелерiнiң әуежайларда, тұратын және болатын жерлерiнде қауiпсiздігін, сондай-ақ жүру бағыттары бойынша бiрге жүруді қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлiгiмен бiрлесіп Сауд Арабиясы Корольдiгi Әдiлет министрлiгi делегациясы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн;
арнайы ұшақтың Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын, ұшуын, оған техникалық қызмет көрсетілуін, тұрағын және жанармай құйылуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Сауд Арабиясы Корольдігі
Әдiлет министрлiгiнiң делегациясын күтiп алу және шығарып салу жөнiндегi
ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана және Алматы қалаларының
әуежайлары мен көшелерiн безендiруді қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына (келiсiм
бойынша) жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 27 тамыздағы
N 946 қаулысына
қосымша
Астана және Алматы қалаларында Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң
Әдiлет министрлiгi делегациясының сапарын дайындау және өткiзу
жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрлігі делегациясының мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды (1+8 форматы бойынша) Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне және Алматы қаласында "Анкара Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
2. Республика Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь" және "Анкара Риджент Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, буклеттер, кеңсе тауарларын) дайындау.
4. Делегация басшысына сыйлық және делегация мүшелерiне кәдесыйлар сатып алу.
5. Астана және Алматы қалаларындағы әуе жайлардың VIР-залдарында қызмет көрсету.
6. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрлігi делегациясына күтiп алу және шығарып салу кезiнде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай үстелдерiн ұйымдастыру.
7. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әділет министрлiгi делегациясының мәдени бағдарламасын (Астана және Алматы қалалары бойынша экскурсиялар, Астана және Алматы қалаларындағы мұражайларға бару, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қабылдау барысында музыкалық сүйемелдеудi) ұйымдастыру.
8. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан ресми қабылдауды
("Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiндегi залды жалдауды қоса алғанда),
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, Бас Прокурордың
атынан ресми кешкі астарын ұйымдастыру.
9. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Әдiлет министрлiгi делегациясының
мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.