Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (бұдан әрi - ЭЫҰ) мүше елдермен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп 2002 жылғы 9-10 қыркүйекте Алматы қаласында ЭЫҰ-ның тарифтік және тарифтiк емес кедергiлер бойынша жоғарғы деңгейде сарапшылар тобының төртіншi кеңесiн (бұдан әрi - Кеңес) өткiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
Кеңестi дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру
іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн;
Кеңесті өткiзу үшiн, оның iшiнде шетелдік делегацияның қонақ үйде
тұруына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 912000 (тоғыз жүз он екі
мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі