"Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 қыркүйек N 1004

      Ұлттық тасымалдаушының қызметiне тиiмдi басшылықты қамтамасыз ету және ұлттық тасымалдаушы жүзеге асыратын ұшулардың қауіпсiздiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртіппен:
      1) "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) мен "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) арасында 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның Кәсiпорын алдындағы берешегін өтеу мерзiмiн 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн ұзарту туралы келісімді, Келiсімде мыналарды:
      берешек сомасынан айыппұлдар мен өсімдерді алып тастауды;
      Қоғамды айыппұлдар мен өсімдер салудан босатуды;
      Қоғамға көрсетiлген берешектi өтеу жөніндегi жеңілдiктi кезеңді - 5 (бес) жылға берудi көздей отырып;
      2) "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) мен Қоғамның арасында, Қоғамның Банк пен Қоғам арасында бұрын жасасқан 5402500000 (бес миллиард төрт жүз екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерiндегi барлық кредиттік келiсiмдерi бойынша негiзгi қарызды, сыйақыны (мүдде), айыппұлдар мен өсімдерді қоса алғандағы қарызды кешіруді көздейтiн келiсiм жасасуды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитеті белгiленген тәртіппен Қоғамның мүлкіне иелік етудi және мүлкін сатуды шектеу жөніндегi шараларды қолданбай, осы берешек сомасына Қоғам акцияларының қосымша эмиссиясын мәжбүрлі шығару жолымен салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер бойынша Қоғамның берешегiн мәжбүр түрде өндіріп алу шараларын қолдансын.
      3. Банктің мынадай ұсыныстары қабылдансын:
      1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген Келiсімді жасасқан жағдайда Банкке тиесілі 150000 (жүз елу мың) Қоғамның акцияларын мемлекеттің 2390700000 (екi миллиард үш жүз тоқсан миллион жетi жүз мың) теңгеге сатып алуы туралы;
      2) меншiк құқығында Банкке тиесiлі Қоғамның 150000 (жүз елу мың) акциясын мемлекетке сенімгерлік басқаруға берудi көздейтiн Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің арасында Банкке тиесілі Қоғамның саны 150000 (жүз елу мың) дана акциясын сенімгерлік басқару шартын жасасу туралы.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетіне Алматы қаласы, Жiбек жолы көшесi, N 111 мекен-жайы бойынша орналасқан Кәсiпорынға тиесiлi аэровокзалдың ғимаратын (бұдан әрі - аэровокзалдың ғимараты) белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен аэровокзалдың ғимаратын Қоғамның жарғылық капиталына оның жарғылық капиталдағы төленбеген бөлігінiң есебiне берсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қоғамның жарғылық капиталына А 310-300 (сериялық нөмiрлерi 399 және 412) екі әуе кемесiн беру қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен оған "Ертiс Авиа" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамын қосу жолымен Қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiмді Акционерлердің жалпы жиналысына енгiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттiгi осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      9. "ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан

 

Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 31 мамырдағы N 601 


P020601_


  қаулысына

мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     2-тармақ алынып тасталсын.

     10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.

     11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады