Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы
Осы Заң көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны
жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) көлiк құралының иесi - көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, жедел басқару құқығы бар не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын жүргiзуге сенiмхат, көлiк құралын беру туралы құзыреттi органның өкiмi және басқалары) иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке немесе заңды тұлғалардың аса қауіп-қатер көзi ретiнде көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгiлеген мiндеті;
4) сақтандырылған адам - сақтандырумен қамтылған адам;
5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген және бiр сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты ғана қолданылатын екi және одан да көп көлiк құралдары бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
6) жолаушы - ауызша немесе жазбаша нысанда өзiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде тасымалдаушымен тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
7) зардап шегушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген тұлға және оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңдарына сай көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) жүктелген;
8) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде аталған және бiр немесе бiрнеше сақтандырылған тұлғаларға қатысты қолданылатын жеке, заңды тұлғалар жасайтын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты;
9) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында басқаша көзделмесе, сақтанушы сонымен бiр уақытта сақтандырылған болып табылады;
10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға оның сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
11) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының жауапкершілігiнiң шектi көлемi болатын ақша сомасы;
12) сақтандыру полисi - Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандырушы ресiмдейтiн, нөмiрi мен сериясы көрсетiле отырып сақтанушыға (сақтандырылған адамға) берiлетiн сақтандыру шарты;
13) сақтандыру жағдайы - басталуына байланысты сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жағдай;
14) сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартпен белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде пайдасына шарт жасалатын өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi тұлға;
15) көлiк оқиғасы - көлiк құралы қозғалысының процесiнде және оның
қатысуымен, сондай-ақ көлік құралынан бөлiнiп кеткен бөлшектер мен ондағы
жүктiң қозғалысы нәтижесiнде туындаған, соның нәтижесiнде үшiншi
тұлғаларға зиян келтiрiлген жол-көлiк оқиғасы немесе өзге де оқиға;
16) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолдармен жүру үшiн,
сондай-ақ оларға iргелес салынған немесе көлiк құралдарының қозғалысына
бейiмделген және пайдаланылатын аумақтарды пайдалану.
2-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының заңдары
1. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан
Республикасының
Конституциясына негiзделедi және Қазақстан
Республикасының Азаматтық
кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда
көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.
3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi
Сақтандырылған адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында
белгiленген мiндетiне байланысты аса қауiп-қатер көзi ретiнде көлiк
құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына
және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге мүлiктiк мүддесi көлiк
құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
объектісі болып табылады.
4-бап. Көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық
жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты
және негiзгi принциптерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру) көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
зардап шегушілердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгіленген көлемде және тәртiпте қорғауды қамтамасыз ету;
оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарты болған жағдайда көлiк құралын пайдалану;
тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн міндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
көлiк құралдары иелерiнiң жол жүру қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгі.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті түрде
сақтандырылуға жататын тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы органдарында тiркелген (мемлекеттік тiркеуге жататын) немесе Қазақстан Республикасына уақытша келген (әкелiнген) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, микроавтобустар және солардың негiзiнде жасалған көлік құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелер), сондай-ақ трамвай мен троллейбустер иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.
2. Көлiк құралының иесi өзi пайдаланатын әрбiр көлiк құралының бiрлiгi бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктi сақтандыруға мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін ерiктi сақтандыру шартын жасау көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шарты басқа мемлекетте тiркелген, иесi Қазақстан Республикасында осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарт талаптарына сәйкес танылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты жасалған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына кiрген жағдайда жасалмайды.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң жол полициясы органдарында (бұдан әрi - жол полициясы органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерiмен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды.
Осы тармақта көрсетiлген көлiк иелерiнiң көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде зардап шегушiге келтiрген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.
5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн орындау үшiн, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де жасалған шарт негiзiнде не мәмiленi жазбаша нысанда ресiмдеместен оның ерiк білдiруi негiзiнде көлiк құралы иесiнiң қатысуымен көлiк құралын жүргізуші адам көлік құралының иесi болып табылмайды.
2-тарау. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру
жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
6-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру
жүйесiн мемлекеттiк бақылау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттiк қадағалауды сақтандыру қызметiн реттеу және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң осы Заңда белгіленген көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шартын жасау жөнiндегi мiндетiнiң орындалуын мемлекеттiк бақылауды жол полициясы органдары жүзеге асырады.
7-бап. Көлік құралын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн
міндеттi сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу
1. Көлiк құралының иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, оны пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Көлiк құралын жүргiзетiн адамда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндетті сақтандырудың сақтандыру полисi болуы мiндеттi.
8-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыруды жүргізу ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру құқығына лицензияны алуға ниеттенген заңды тұлға сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қорын құру және қызметi туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен аталған қордың қатысушысы болуға мiндетті.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзiнiң қаржылық есебiн тоқсан сайын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын кемiнде екi мерзiмдi басылымдарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер және мемлекеттік кәсiпорындар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн көрсетудi сатып алуға мiндеттi.
4. Сақтандырушы сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерi жөнiндегi ақпараттық деректер базасын қалыптастыратын және жүргiзетiн ұйымды құруға қатысуға құқылы.
3-тарау. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін
мiндеттi сақтандыру шарты
9-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін мiндетті сақтандыру
шарты және оны жасау тәртiбi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында зардап шегушiнiң моральдық зиянын және айырылып қалған пайдасын, сонымен бірге тауарлық құны жойылған мүлкiн өтеуді, сондай-ақ зардап шегушiнiң тауар жеткiзу немесе жұмысты орындау (қызмет көрсету), мерзiмдерiн бұзуына, келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша оның өзге де мiндеттерiне байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоспағанда, зардап шегушінiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiруден туындаған шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Сақтандырушы сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасауына қарсы болмауға тиiс.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттенедi.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнеді:
1) стандартты;
2) кешендi.
5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша түрде жасалады.
Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасауға сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетуге тиісті талаптардың толық болмағандығы үшін жауапкершілік сақтандырушыға жүктеледi. Сақтандыру шартының жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан ол бойынша дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
6. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаған кезде сақтанушы сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндетті сақтандыру шарты бойынша көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзуге қажеттi мәлiметтер, сондай-ақ бұдан бұрынғы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдерi туралы ақпарат беруін талап етуге құқылы.
7. Сақтандыру полисiнде шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу бойынша қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
8. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылған адамға) оның жазбаша өтiнiшi негiзiнде сақтандыру полисiнiң дубликатын беруге мiндеттi.
Сақтандыру полисi бланкiсiн дайындауға және дубликатын ресiмдеуге жұмсалған шығысты сақтанушы (сақтандырылған адам) өтейдi, мұндайда жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берiлген күнi белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен артық болмауға тиiс.
9. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе зардап шегушінiң жағдайын осы Заңда көзделген талаптармен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылған адамның) және зардап шегушiнiң алдында осы Заңда көзделген талаптар бойынша мiндеттемелерге жауап бередi.
10-бап. Стандартты шарт
1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгі сақтандырылуы мүмкін.
2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) пайдаланылатын көлiк құралының әрқайсысына, оның iшiнде тiркемеге (жартылай тiркемеге) жеке сақтандыру полисiн беру арқылы жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылған адам, сақтандырылған адамдар) туралы және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Сақтанушы (сақтандырылған адам) стандартты шарт жасаған кезде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi iшінде көлік құралдарының сақтандырылған барлық иелерiн сақтандыру полисiне енгiзудi талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылған адамның) үшiншi тұлғаларға зиян келтiру нәтижесінде туындайтын не мынадай жағдайларда сақтанушының (сақтандырылған адамның) азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылған деп есептеледi:
1) көлiк құралын оны сақтанушының (сақтандырылған адамның) қатысуымен жүргiзу құқығы бар адам жүргiзгенде;
2) көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылған адаммен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде адам жүргiзгенде;
3) көлiк құралын, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылған адамға) жүктелсе, көлiк құралын заңсыз иеленген адам жүргiзгенде.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соғатын болса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлеудi талап етуге не сақтанушы төлеген соманы сақтандырушының iс жүргізуге жұмсаған шығыстарын өтеудi ескере отырып қайтаруға мiндеттi.
11-бап. Кешендi шарт
1. Кешендi шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлігi сақтандырылуы мүмкін.
2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) пайдаланылатын көлiк құралдарының бәрiне сақтандыру полисiн беру арқылы жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Сақтанушы (сақтандырылған адам) кешендi шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру мiндеттілiгіне қатысты көлiк құралдары көбейген немесе азайған жағдайда сақтандыру полисiне өзгерiстер енгізудi талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының (сақтандырылған адамның) жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.
5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылған адамның) үшiншi тұлғаларға зиян келтiру нәтижесiнде туындайтын не мынадай жағдайларда сақтанушының (сақтандырылған адамның) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған деп есептеледi:
1) көлiк құралын оны сақтанушының (сақтандырылған адамның) қатысуымен жүргiзу құқығына ие адам жүргiзгенде;
2) көлiк құралын, егер келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылған адамға) жүктелсе, көлiк құралын заңсыз иеленген адам жүргiзгенде.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соғатын болса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлеудi талап етуге не сақтанушы төлеген соманы сақтандырушының іс жүргізуге жұмсаған шығыстарын өтеудi ескере отырып қайтаруға мiндетті.
12-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру
шартының қолданылуы
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес зардап шегушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылатын сақтанушының (сақтандырылған адамның) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады.
2. Осы Заңға сәйкес мыналар зардап шегушi болып танылмайды:
1) сақтанушымен (сақтандырылған адаммен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiне орай, оның iшiнде еңбек немесе өзге де жасалған шарт негiзiнде не мәмiленi жазбаша нысанда ресiмдеместен оның ерiк білдiру негiзiнде сақтанушының (сақтандырылған адамның) қатысуымен көлiк құралын жүргiзуші адам;
2) тасымалдаушы болып табылатын және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыруды реттейтiн заң актiсiнiң талабы қолданылатын сақтанушының (сақтандырылған адамның) көлiк құралындағы жолаушылар;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен сақтанушыға (сақтандырылған адамға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде денсаулығына және өмiрiне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн сақтандыру мiндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылған адамның) қызметкерлерi.
Сақтандырушы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлгенi үшін сақтандыру төлемiн жүзеге асырмайды.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн міндетті сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғаның көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының жол полициясы органдарында мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезден бастап 10 күннен кешiктiрмей жасалуы тиiс.
5. Көлiк құралы маусымдық пайдаланылған кезде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 4-тармағында көзделгеннен басқа мерзiмге, бiрақ кемiнде алты айға жасауға жол берiледi.
6. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты уақытша кiру мерзіміне, бiрақ кемінде бес күнге жасалады.
7. Егер Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта өзгеше көзделмеген болса, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
13-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру
шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледi:
1) шарттың қолданылу мерзiмi өткенде;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандыру жағдайының алғашқы басталуы бойынша сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырғанда.
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алуға тиiс. Сонымен бiрге көлік құралының (егер ол жойылып кетпесе) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (класын) жүзеге асыру құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасауға мiндеттi.
14-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру
шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Көлік құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандыру
шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiнде белгiленген
жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (ал ол қайтыс болған
жағдайда - оның мұрагер(лер)i) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру
шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтанушы сақтандыру
сыйлықақысының, сақтандырушының iстi жүргiзуге жұмсаған шығыстарын ұстап
қалуын есептен шығара отырып, мынадай мөлшердегi бөлiгiн қайтаруға құқылы:
___________________________________________________________________________
! көлiк - құралдары иелерiнiң ! сақтандырушы ұстап
рет! жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру ! қалатын сақтандыру
N ! шарты күшiне енген күннен бастап ! сыйлықақысының мөлшерi
! мерзiмінен бұрын тоқтатылғанға ! (жылдық сақтандыру
! өткен мерзiм ! сыйлықақысынан процентпен)
___!__________________________________________!____________________________
1 ! 2 ! 3
___!__________________________________________!____________________________
1. 15 күнге дейiн, қоса алғанда 15
2. 16 күннен 1 айға дейiн, қоса алғанда 20
3. 1 айдан 2 айға дейiн, қоса алғанда 30
4. 2 айдан 3 айға дейiн, қоса алғанда 40
5. 3 айдан 4 айға дейiн, қоса алғанда 50
6. 4 айдан 5 айға дейiн, қоса алғанда 60
7. 5 айдан 6 айға дейiн, қоса алғанда 70
8. 6 айдан 7 айға дейiн, қоса алғанда 75
9. 7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда 80
10. 8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда 85
11. 9 айдан 10 айға дейiн, қоса алғанда 90
12. 10 айдан 11 айға дейiн, қоса алғанда 95
13. 11 айдан астам 100
___________________________________________________________________________
15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарттарын, көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерiн түсiндірудi талап етуге;
2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
3) зардап шегушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiн пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен және сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемiнiң есебiмен танысуға;
5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту немесе оның мөлшерiн негізсiз азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қарсы болуға;
7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2. Сақтанушы:
1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырушыға осы Заңға сәйкес сақтандыру шартына енгiзу үшін қажеттi мәлiметтердi ұсынуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап үш күннен кешiктiрмей өзiне қолайлы кез келген әдiспен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға мiндетті. Сақтанушы және сақтандырылған адам бiр тұлға болып табылмаған жағдайда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету мiндетi сақтандырылған адамға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылған адамның) дәлелдi себептермен көрсетiлген әрекеттердi орындауға мүмкiндігі болмаған жағдайда, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
4) көлiк оқиғасы болған кезде зардап шеккендер мен жол полициясы қызметкерлерiнiң талабы бойынша көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
5) көлiк оқиғасы болған кезде мүмкiн болатын шығынды болдырмау немесе мөлшерiн азайту, сонымен бiрге мүлiктi сақтау және зардап шегушiлерге көмек көрсету үшiн жағдайға қарай қолдан келетiн шаралар қабылдауға;
6) көлiк оқиғасы және зардап шегушiлер туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол полициясы және өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, апатпен күрес қызметiне) хабарлауға;
7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап дереу, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы зардап шегушіге хабарлауға;
8) сақтандыру жағдайының болуына жауапты адамға керi талап (регресс) құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
16-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаған кезде сақтанушыдан осы Заңға сәйкес көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартына енгiзуге қажеттi мәлiметтер беруін талап етуге;
2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және зардап шегушiге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлiк оқиғасының себептерiн және өзге де жағдайларды анықтау және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау үшiн зардап шегушiнiң бүлiнген (жойылған) мүлкiн бағалау;
4) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралын пайдалану кезiнде сақтандырылған адам келтiрген зиянды өтеу туралы шағымдар бойынша сотта сақтандырылған адамның мүддесiн бiлдiруге;
5) зардап шегушiнiң денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн қарап шығу және бағалау үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiн пайдалануға және сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеуге;
6) осы Заңның 27-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиян үшiн жауапты адамға керi талап ұсынуға;
7) осы Заңның 28-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Көлік құралы иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуі мүмкiн.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны (сақтандырылған адамды) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға, оның мiндеттi көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерін түсіндіруге;
2) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шартын жасағаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылған адамға) сақтандыру полисiн, ал оны жоғалтқан жағдайда - дубликатын беруге;
3) осы Заңның 10 және 11-баптарында көзделген жағдайларда сақтандыру полисiне өзгерiстер енгiзуге;
4) осы Заңның 19-бабының 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу бойынша жеңілдiк жасауға;
5) көлiк оқиғасы туралы хабар алған кезде оны тез арада тiркеуге;
6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бүлiнген (жойылған) мүлiктi және бағалауға сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есебін көрсете отырып сақтандыру актісiн жасауға және оны пайда алушыға танысу үшiн ұсынуға;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде жүзеге асыруға;
8) сақтанушыға (сақтандырылған адамға) және басқа адамға олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығынды болдырмау немесе азайту үшiн жұмсаған шығыстарын өтеуге;
9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мiндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
17-бап. Зардап шегушінің құқықтары
1. Зардап шегушiнiң:
1) сақтандырушыға нәтижесiнде оған сақтанушы (сақтандырылған адам) зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылған адамның) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттар жинап, оны сақтанушының (сақтандырылған адамның) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасаған сақтандырушыға беруге;
3) денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірiлген зиянды бағалау үшін тәуелсiз сарапшының қызметiн пайдалануға;
4) келтірiлген зиян мөлшерiн бағалау нәтижелерiмен сақтандырушы мен тәуелсiз сарапшы жасаған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есебiмен танысуға;
5) осы Заңда белгiленген тәртiппен, мөлшерде және мерзiмде сақтандыру төлемiн алуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту немесе оның
мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген тәртiппен қарсы болуға;
7) келтiрiлген зиян сомасы сақтандырушы жауапкершiлігінiң шектi
көлемiнен асып кеткен көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянға қосымша
өтем жасау туралы талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда зардап шегушiнiң осы баптың
1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде саналатын өзге
тұлғаларға ауысады.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
18-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгін мiндетті сақтандыруды
жүзеге асырған кезде бiр көлiк құралына арналған жылдық сақтандыру
сыйлықақыларының мынадай мөлшерi пайдаланылады (айлық есептiк
көрсеткiштермен):
___________________________________________________________________________
! ! жылдық сақтандыру
рет! ! сыйлықақысының мөлшері
N ! көлiк құралының түрi !__________________________
! ! жеке тұлға !заңды тұлға,
! ! үшін !жеке тұлға*
! ! ! үшін
___!____________________________________________!____________!_____________
1 ! 2 ! 3 ! 4
___!____________________________________________!____________!_____________
1. Жеңiл автомобильдер және олардың
негiзінде жасалған қозғағыш
көлемi мынадай көлiк құралдары:
1 200 текше см-ге дейін 1,5 3,0
1 200 - 1 600 текше см аралығында 2,0 4,0
1 600 - 2 000 текше см аралығында 3,0 5,0
2 000 - 2 500 текше см аралығында 5,0 7,0
2 500 - 3 500 текше см аралығында 7,0 9,0
3500 текше см-ден жоғары 8,0 10,0
2. Автобустар, шағын автобустар
және олардың негізінде
жасалған көлiк құралдары:
16-ға дейiн жолаушы орны, қоса алғанда 5,0 6,0
16 жолаушыдан артық орын 6,0 7,0
3. Жүк автомобильдері және олардың
негізінде жасалған жүк көтергiш
көлiк құралдары:
2 тоннаға дейін 6,0 7,0
2 тоннадан артық 7,0 9,0
4. Троллейбустар, трамвайлар - 7,0
5. Мотокөлік 1,0 1,0
6. Тіркемелер (жартылай тіркемелер) 1,5 2,0
__________________________________________________________________________
* жолаушылар мен жүк тасу бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы
жеке тұлға
___________________________________________________________________________
2. Көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын
жасаған кезде төленуге тиiс сақтандыру сыйлықақысын есептегенде, осы
баптың 1-тармағында белгiленген жылдық сақтандыру сыйлықақыларына көлiк
құралының тiркелген жерiне қарай мынадай аумақтық коэффициенттер
қолданылады (көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына уақытша
кiрген жағдайларды қоспағанда):
__________________________________________________________________________
! ! аумақтық коэффициент мөлшерi
рет! ! (жылдық сақтандыру сыйлық.
N ! облыстың, республикалық ! ақысының мөлшеріне)
! дәрежедегі қаланың атауы !_______________________________
! !облыс орталығы, !басқа қалалар
! ! облыстық ! және елді
! !дәрежедегі қала ! мекендер
___!______________________________________!________________!______________
1 ! 2 ! 3 ! 4
___!______________________________________!________________!______________
1. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда 0,80 0,70
және Маңғыстау облыстары
2. Ақтөбе, Солтүстiк Қазақстан облыстары 0,85 0,75
3. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай 0,90 0,80
және Павлодар облыстары
4. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
және Алматы облыстары 0,95 0,85
5. Астана қаласы 1,0
6. Алматы қаласы 1,1
__________________________________________________________________________
3. Көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын
он екi айдан аз мерзiмге жасаған кезде бiр көлiк-құралына арналған
сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерi белгiленедi:
___________________________________________________________________________
! ! сақтандыру сыйлықақысының
рет! сақтандыру мерзімі ! мөлшері (жылдық сақтандыру
N ! ! сыйлықақысынан процентпен)
___!______________________________________!________________________________
1 ! 2 ! 3
___!______________________________________!________________________________
1. 5 күн 10
2. 6 күннен - 15 күн аралығында 15
3. 16 күннен, қоса алғанда 1 айға 20
дейін 30
4. 1 айдан, қоса алғанда 2 айға дейiн 40
5. 2 айдан, қоса алғанда 3 айға дейiн 50
6. 3 айдан, қоса алғанда 4 айға дейiн 60
7. 4 айдан, қоса алғанда 5 айға дейiн 70
8. 5 айдан, қоса алғанда 6 айға дейiн 75
9. 6 айдан, қоса алғанда 7 айға дейiн 80
10. 7 айдан, қоса алғанда 8 айға дейiн 85
11. 8 айдан, қоса алғанда 9 айға дейiн 90
12. 9 айдан, қоса алғанда 10 айға дейін 95
13. 10 айдан, қоса алған 11 айға дейiн 100
14. 11 айдан астам
___________________________________________________________________________
4. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы бiр көлiк құралы үшiн төленедi, мұндайда сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң ең көп көлемiне тең болып белгiленедi.
19-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының
мөлшерiн азайту және көбейту
1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер стандартты шарт жасау кезiнде осы Заңның 18-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшерiнде сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар санатына жатқызылмаған басқа көлiк иелерi пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгін міндеттi сақтандыру аталған жеңілдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. Егер сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi осыған дейiнгi көлiк құралы иелерінің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы кезiнде оны пайдалану нәтижесiнде сақтандыру төлемiн жасауға әкелiп соқтырған зиян келтiрсе, сақтандырушы осы Заңның 18-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн елу процентке дейiн көбейте алады.
Бұл тармақтың күшi осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарының иелерiне қолданылмайды.
3. Сақтандырушы осы бапта көзделгеннен басқа негiздер бойынша төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе көбейтуге құқылы емес.
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi
1. Егер көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында басқаша көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын бiржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мәулетпен төленуiн көздеуге құқылы. Мұндайда сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеу сақтандырушы үшiн көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiздеме бола алмайды.
3. Сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндетті.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтiрiлген зиянның
және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау
21-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген
зиянның мөлшерiн анықтау
1. Көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде зардап шегуші деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлігінiң басталу фактiсi сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Зардап шегушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi денсаулық сақтау ұйымдары берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiк бүлiнген кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi сақтандыру жағдайы болғанға дейiнгi мүлiктiң есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастағанда, бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебiне қарай айқындалады.
Қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы болған кезде қолданылған орташа рыноктық құн мен тарифтердiң негiзiнде анықталады.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi сақтандыру жағдайы болған күнгі мүліктің тозуын ескере отырып iс жүзiндегi құнына қарай анықталады.
Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзделмесе мүлiк жойылған деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру кезiнде күтілетiн шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi рыноктық құнының сексен процентiнен асып кетсе, мүлiктi қалпына келтiру экономикалық тұрғыдан негiзделмеген болып есептеледi.
5. Мүлiк бүлiнген кезде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтандырушы немесе ол тартқан сарапшы бүлiнген мүлiктi қалпына келтiруге жұмсалатын шығысты есептеу негiзiнде бағалайды.
Бұл бағалаудың нәтижелерi сақтанушы (сақтандырылған адам) үшiн немесе басқаша дәлелдеуге құқылы зардап шегушi үшiн мiндетті болып табылмайды.
6. Мүлкiне зиян келтiрiлген зардап шегушi не сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы ескерткеннен кейiн жетi жұмыс күн бойы осы мүлiктi көлiк оқиғасынан кейiнгі күйінде сақтауға және оны сақтандырушыға немесе тәуелсiз сарапшыға келтiрiлген зиянды бағалауға жағдай жасауға мiндеттi.
22-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн
анықтаудың ерекше шарттары
1. Сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шегушi мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiне сақтандырушы немесе оның өтiнiшi бойынша тәуелсiз сарапшы жасаған бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, ол зиянның мөлшерiн анықтау үшін басқа тәуелсiз сарапшыға өтiнiш жасауға құқылы. Бұл орайда, егер сақтандырушы бағалауды мойындаса немесе сот бағалаудың негізділігі мен дұрыстығын анықтаса, сақтандыру төлемнің жүзеге асырылуына қарамастан, сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе зардап шегушiнiң шеккен зиянын өтеуге тиiс.
2. Егер сақтандырушы сақтандыру жағдайы туралы хабарды алғаннан кейiн жетi күн iшiнде сақтандыру актiсiн жасай отырып мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау ұйымдастырылмаса, онда сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шегушi тәуелсiз сарапшының қызметiн пайдалануға және содан кейiн барып мүліктi қалпына келтіру (кәдеге жарату) жұмысын бастауға құқылы. Мұндай жағдайда сақтандырушы бүлiнген (жойылған) мүлiктi уақытында бағалаудың мүмкiн болмауы дәлелдi себептерге (осы мүлiк иесiнiң қайтыс болуы, науқастануы) байланысты екендiгiн немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе зардап шегушiнiң кiнәсi бар екендігін
(мүлiктi қарауға беруден жалтаруы) дәлелдей алмаса, мүлiкке келтiрiлген
зиян мөлшерiне дау айтуға құқығы жоқ.
23-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау
1. Бiр сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң
шектi көлемi мынадай болады (айлық есептiк көрсеткiштермен):
1) әрбiр зардап шегушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген
зиян үшiн және:
қаза тапса - 600
мүгедектiк белгіленсе:
I топ - 500
II топ - 400
III топ - 300
жалпы еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтса - амбулаториялық және (немесе) тұрақты емделуге жұмсалған нақты шығыс мөлшерiнде, бiрақ 200-ден аспайды. Мұндайда әрбiр тұрақты емделу күнi үшін сақтандыру төлемiнiң мөлшерi кемiнде 1,5 айлық есептiк көрсеткiш болуы тиiс;
2) зардап шегушiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян үшін - келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ 400-ден аспайды, ал бiрнеше зардап шегушiнiң мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайда - келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ барлық зардап шегушіге 1000-нан аспайды, мұндайда әрбiр зардап шегушiге сақтандыру төлемi оның мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiне тепе-тең төленедi.
2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн сақтандыру төлемi жасалған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
3. Шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) жұмсаған шығыстарды, егер мұндай шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн қажет болса немесе жұмсалса, тiптi тиiстi шаралар нәтижесiз болса да, сақтандырушы өтеуге тиiс.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, сонымен бірге сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы және шығыстар өтемақысы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесiнде туындаса, олар сақтандыру сомасына жатқызылмай, толық мөлшерде өтеледi.
Сақтандырушы көрсетiлген шығыстарды тiкелей оларды жұмсаған адамға өтейдi.
4. Келтiрiлген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткiлiксiз болған жағдайда сақтанушы зардап шегушiге сақтандыру сомасы мен шығынның нақты мөлшерi арасындағы айырмашылықты өтейдi.
5. Зардап шегушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы зардап шегушiнi жерлеген адамға жерлеуге жұмсалған қажеттi шығыстарды нақты шығындар мөлшерiнде, бiрақ көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде өтейдi.
24-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып жазбаша түрде бередi.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) сақтандыру полисi (оның дубликаты);
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
3) зардап шегушiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының көшiрмесi немесе мамандандырылған мекемелердiң зардап шегушiге мүгедектiк белгілеу туралы анықтамасының көшiрмесi - оның мүгедектігі анықталған жағдайда;
4) зардап шегушi қайтыс болған жағдайда - зардап шегушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi және пайда алушының зиянды өтеу құқығын растайтын құжат (көшiрмесi);
5) тәуелсiз сарапшы жасаған зиянның мөлшерiн бағалау жөнiндегi құжаттар - олар болса;
6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде зиянды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) жұмсаған шығыстарды растайтын құжаттар - олар болса;
8) сақтанушының (сақтандырылған адамның) немесе көлiк құралын жүргiзуші адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi.
Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылған адамнан) не зардап шегушіден басқа құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып өтінiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
4. Зардап шегуші (ол қайтыс болған жағдайда - зардап шегушінiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеп алуға құқығы бар адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылған адам) немесе зардап шегушіге (зиянды өтеп алуға құқығы бар адамға) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтейтін және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Зардап шегушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша сақтандыру төлемi оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру бойынша қызмет көрсеткен (көрсететiн) адамға тiкелей жасалуы мүмкiн.
6. Зардап шегушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi басқа сақтандыру шарты бойынша есептелген оған (зиянды өтеп алуға құқығы бар адамға) тиесiлi сомаға қарамастан жүзеге асырылады.
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi рыноктық құны мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырған жағдайда мүлiкке және оның қалдықтарына құқығы бар.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 24-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күні iшiнде төлейді.
2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне қатысты пайда алушы қарсы болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң көрсетiлген адамдардың бiрде-бiрi қарсы болмаған бөлiгiн осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiм iшiнде төлеуге мiндеттi.
Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң қарсылық болған бөлiгiн бiтiм келiсiмiне қол қойылған және оны сот бекiткен күннен бастап не егер сот шешiмiнде оның тез арада орындалуы айтылмаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде төлеуге тиiс.
3. Егер сақтандыру жағдайына әкеп соққан оқиға нәтижесiнде зардап шегушінiң алған жарақаты салдарынан үш жыл iшiнде денсаулығы нашарлай бастаса (мүгедектiкке душар болса немесе мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленетiн болса) не қайтыс болса, онда сақтандырушы зардап шегушіден (пайда алушыдан) түскен өтініштің және тиiсті құжаттардың негiзiнде осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеуге мiндеттi. Сонымен бiрге сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеген кезде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн уақтылы төлемеген жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң K941000_ 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
26-бап. Бiрнеше адам зиян келтірген кездегі сақтандыру төлемi
Көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершілік көлемi шегінде және сақтанушының жауапкершiлiгіне тең мөлшерде жүзеге асырады. Мұндайда барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы зардап шегушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершiлiктің шектi көлемiнен аспауға тиiс.
27-бап. Зиян келтiрген адамға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) төленген сома шегінде мынадай жағдайларда керi талап қоюға құқығы бар, егер:
1) сақтанушының (сақтандырылған адамның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның қажеттi қорғану және шұғыл қажеттілiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерi салдарынан болса;
2) сақтанушының (сақтандырылған адамның) азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi оның көлiк құралын алкогольдiң, есiрткiнiң немесе токсикоманиялық мас күйде болу салдарынан басталса;
3) көлiк құраған жүргiзуші адам көлiк құралын жүргiзуге құқығы болмаса;
4) сот талқылауы барысында сақтандыру жағдайы сақтанушы (сақтандырылған адам) бiлген немесе бiлуге тиiсті көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны анықталса;
5) көлiк құралы өзiнiң техникалық мақсатына сай пайдаланылмаса;
6) сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайынан болған шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;
7) көлiк құралын жүргізуші адам көлік оқиғасы болған жерден қашып кетсе.
2. Егер осы баптың 1-тармағында атап көрсетiлген жағдайларда келтiрiлген зиянға кiнәлi адам көлiк құралын оның иесiмен еңбек қатынасына орай пайдаланса немесе оның иесiнiң қатысуымен мәмiленi жазбаша түрде ресімдемей пайдаланса, онда сақтандырушының осы көлiк құралының иесiне керi талап қою (регреске) құқығы болады.
3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру нәтижесiнде өтелген шығындар үшін жауапты адамға керi талабы құқығының төленген сомасы шегінде ауысады. Бұл орайда егер автомобиль жолдары мен олардың құрылысына қанағаттанғысыз қызмет көрсетiлуiнен сақтандыру жағдайы болған деп анықталса, көлiк құралы иесiнiң осындай жағдайлар жасауға кiнәлi адамға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
28-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн
жүзеге асырудан босату негiздерi
1. Егер сақтандыру жағдайы:
1) пайда алушының қажеттi қорғану және шұғыл қажеттілік жағдайында жасаған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана әрекеттерi;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қасақана қылмыстар немесе сақтандыру жағдайымен себептi байланыста болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып танылатын iс-әрекеттерi салдарынан болса сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да негiз болуы мүмкiн:
1) сақтанушының шығын келтiруге кiнәлi адамнан шығынға тиiсiнше өтем алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы ескертпеуі;
3) сақтанушы (сақтандырылған адам) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргізудi оқыту мақсатына арналған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
5) қоршаған ортаға зиян келтiру;
6) зардап шегушiнiң ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, асыл тастар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiндегi мүлкiне зиян келтiру;
7) зардап шегушінің осы Заңның 21-бабы 6-тармағының талаптарын бұзуы.
3. Сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер болған жағдайда, сақтандырушы бас тартудың дәлелдi себебi көрсетiлген тиiстi жазбаша шешiмдi сақтандыру төлемi туралы талап қойған адамға талап ұсынылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жiберуге мiндеттi.
4. Егер бұл дәлелдi себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайын зардап шегушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгендігі туралы фактiнi растайтын тиiстi құжаттар ұсынылса, сондай-ақ бүлiнген (жойылған) мүлiк көлiк оқиғасынан кейiнгi күйiнде қарау үшiн ұсынылған болса, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға уақтылы
ескертпеу немесе хабарламау сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiз бола
алмайды.
5. Егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның, немесе радиоактивтi зақымданудың
әсерi;
2) соғыс қимылдары;
3) азамат соғысы, алуан түрлi халықтық толқулар, жаппай
тәртiпсiздiктер немесе ереуiлдер салдарынан басталса, сақтандырушы
сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
29-бап. Дауларды қарау тәртiбi
Көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан
туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен қаралады.
30-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлік
1. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғаның, сондай-ақ сақтандырушы ретінде мiндеттi болатын сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленгендей жауапқа тартылады.
2. Сақтандыру жағдайын әдейi жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн
заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке апарып соғады.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.