Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 101 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 101б

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 101 P020101_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
      2-тармақта "2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 433 қаулысы" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы мен Ресей ғарыш агенттігi арасындағы "Протон" ЗТ ұшырудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған қызмет туралы 1997 жылғы 5 тамыздағы келiсiм." деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында "Протон" зымыран тасығыштарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын зымыран-ғарыштық қызметтің экологиялық проблемаларын шешу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Протон" зымыран тасығыштарын ұшыру әсерiнің салдарын талдау, Қазақстан Республикасының аумағында "Протон" зымыран тасығыштары пайдаланылатын аудандардың экологиялық жай-күйiн бағалау және болжау, "Протон" зымыран тасығыштары пайдаланылатын аудандардағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегi ұсыныстарды әзiрлеу және iске асыру.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында "Протон" зымыран тасығыштарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын зымыран-ғарыштық қызметтiң экологиялық проблемаларын шешу" деген сөздермен толықтырылсын;

 

     "тапсырмаларға" деген сөзден кейiн "және халықаралық келiсiмдерге"

деген сөздермен толықтырылсын;

     7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "гептилдің сорбциялық және миграциялық қасиеттерiн, ауа-райының

жағдайына, топырақтың тұрпатына және оның физикалық-химиялық сипаттарына,

гептилдің табиғи объектілердегi тотығу және жиналу өнiмiне қарай ыдырау

жағдайларына байланысты оның булануын, тұрақтылығын, жымдасуын зерделеу

жөніндегi зерттеулер жүргiзілдi.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады