Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 U010574_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке
тұрғын үйлердi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы мақұлдансын. 2. Астана қаласының әкiмi Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасын Астана қаласының мәслихатына бекiтуге енгiзсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 1039 қаулысымен МАҚҰЛДАНҒАН АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕСКI ЖӘНЕ ЖЕКЕЛЕГЕН ЖЕКЕ ТҰРҒЫН YЙЛЕРДI ҚАРҚЫНДЫ БҰЗУДЫҢ 2003-2005 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢIНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ АСТАНА, 2002 жыл 1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы. Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Президентiнде болған мәжiлiстiң хаттамалық шешiмiне сәйкес 2002 жылғы 27 наурыздағы N 01-10.2. тапсырмасы. Мақсаты Астана қаласы құрылысының бас жоспарын орындау. Ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзу. Мiндеттерi Тұрғын үй рыногы мен жер рыногын дамыту. Инвестициялар тарту. Салықтық және салықтық емес түсімдер есебiнен бюджет табысын ұлғайту. Негiзгi қағидаттар Түпкi мақсатқа бағыт алу, қаланың бой түзеу және даму кезеңділігі. Тұрғын үй, тiршiлiкті қамтамасыз етудің әлеуметтiк инфрақұрылымы мен жүйелерiнің оңтайлы үйлесімділігі. Құрылыс жоспарының техникалық, экономикалық, экологиялық, сәулет және ұйымдастырушылық шешiмдерiнің үйлесiмділігі. Тұрғын үй мен жердің өркениетi рыногын қалыптастыру. Қаржыландыру көздерi Астана қаласындағы ескi және жекелеген тұрғын үйлерi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын iске асырудың ресурстық базасы тұрғындар қаражаты, шетелдiк және инвестициялар болып табылады. 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған осы қаражаттардағы есеп айырысу қажеттiлiгi 8,2 млрд. теңгенi құрайды. Күтілетін нәтижелер Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасының шараларын iске асыру нәтижесінде мыналар жоспарланып отыр: Астана қаласы құрылысының бас жоспарына сәйкес объектiлер құрылысының алдыңғы кезеңін жүзеге асыру; қала келбетiн өзгерту; аумақты неғұрлым тиiмдi пайдалану; салық базасын кеңейту. 2. Кірiспе
Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзудың 2003-2005 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнде болған мәжiлiстiң 2002 жылғы 27 наурыздағы N 01-10.02 хаттамалық шешiмiне, Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 U010574_ Жарлығымен бекiтiлген "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064 P011064_ қаулысымен бекiтiлген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес әзiрлендi.
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасында қаланың болашақтағы сыртқы келбетi мен бейнесiн, оның перспективалы функционалды және қала құрайтын құрылымын ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму бөлiгiндегi барлық көп қырлы, күрделi және iрi масштабты жұмыстардың негiзiн құру көзделедi.
Жаңа ел ордамыз - Астана қаласының серпіндi дамуы, қаланың эстетикалық бейнесiн жақсарту қажеттiлiгі, оны көрiктендiру деңгейiн көтеру, қазiргi заманғы ғимараттар мен құрылыстарды қарқынды салу, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымды дамыту қазiргi уақыттағы ескi ғимараттар мен шаруашылық құрылыстар тұрған елеулi аумақтарды игерудi талап етеді. Бұл ретте бiрiншi кезектегi объектiлердi салу, сондай-ақ инвесторларды тарту жөнiндегi жүйелi жұмыстар қысқа мерзімде жүзеге асырылуы қажет.
Қала салу саясатының ескiсiнен жаңасына көшу, қазiргi заманғы қаланың халықаралық стандарттарға жауап беретін құрылысына болжам жасайтын мүлде басқа тұжырымдаманы қалыптастыруды қарастырады.
3. Астана қаласындағы тұрғын үй рыногы және жер рыногының
қазiргi заманғы жай-күйi
Құрылыстың Бас жоспарына сай жаңа астананы көркейту және оған айрықша келбет беру мақсатында қала әкімдігі ескi және апат жағдайындағы тұрғын үйлерді, саяжайлар мен тұрғын емес жылжымайтын мүлiк объектілерiн бұзуға байланысты iс-шаралар әзiрледi.
Жаңа елорданы жайластыру үшiн көптеген шаралар жасалды. 1999-2001
жылдар аралығында Астана қаласындағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзу жөнiнде ауқымды жұмыстар жүргiзілді. Әкiмшiлiк және тұрғын үй ғимараттарын жобалау және салу, автомобиль жолдарын кеңейту және өзге де мақсаттар үшiн, жалпы алғанда, 64,5 гектар жер босатылды. Мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн осы кезең ішінде тұрғын үй құрылысына жататын 258 жер учаскесi мен 820 саяжай, гараж учаскелерi қайтарып алынды. 1999-2001 жылдар кезеңiнде және 2002 жылдың бiрiншi жарты жылдығында мемлекеттiк қажеттiліктер үшiн жер учаскелерiн қайтарып алу серпiнi __________________________________________________________________________ Р/с| Атауы | Жылдар N | |___________________________ | | 1999 2000 2001 2002 __________________________________________________________________________ 1. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшін қайтарып 92 201 785 1170 алынған жер учаскелерінің саны (олардың iшінде тұрғын үй құрылысы, саяжай және гараж учаскелерi). Оның ішінде мынадай учаскелер: 1.1. Ескi тұрғын үй 92 78 81 94 1.2. Көп қабатты тұрғын үй - 7 - - 1.3. Саяжай, гараж учаскелерi - 116 704 1076 2. Жер учаскелерiн қайтарып алуға жұмсалған 179,8 779,9 912,0 732,3 нақты шығындар, млн. теңге 3. Босатылған жер учаскелерiнің алаңы, гектар 5,5 12,0 47,0 70,0
Бұзу бойынша едәуір көлемдегi жұмыстар 2002 жылдың бiрiншi жарты жылдығында орындалды: 1170 жер учаскелерi қайтарып алынды, оның iшiнде 94 ескi үйлер және 1076 саяжай, гараж учаскелерi, барлығы 70 гектардан астам жер босатылды.
1999-2002 жылдар ішінде дер уақытында босатылған учаскелер мыналарға мүмкiндік бердi:
Есiл өзенiнің оң және сол жақ жағалауларындағы бiрiншi кезектегі объектілердi пайдалануға енгiзудi қамтамасыз ететін инженерлiк инфрақұрылым объектілерiн салу жөніндегi дайындық жұмыстарын аяқтауға;
ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын кеңейтудi қамтамасыз етуге және 72 мың шаршы метрден астам тұрғын үйдi пайдалануға енгiзуге;
А. Иманов көшесiнің кешенді құрылысын жүргiзуге;
А. Бараев көшесiн қайта жаңартуды бастауға;
Қорғалжын тас жолынан жаңа орталыққа дейiн автожолдар салуды бастауға және басқаларға.
Астана қаласы тұрғын үй қорының көрсеткіштерiнде бiрқатар алға басу байқалды, бiр тұрғынға шаққандағы орташа жалпы алаң соңғы үш жыл iшiнде ұлғаюда. 2002 жылдың басындағы жағдай бойынша, орташа алғанда, бiр тұрғынға тұрғын үй қорының 17,1 шаршы метрiнен келедi.
Астана қаласының тұрғын үй рыногының перспективалары, сайып келгенде,
халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға объективтi қажеттiлiгін айқындайды. Бүгiнгi таңда Астана қаласында тұрғын үй жетiспеушілігі бiрден көзге ұрады. Бұны төменде келтiрiлген деректер дәлелдейді: 26 мыңнан астам адам ескi және апат жағдайындағы үйлерде тұрады; 1982 жылдан берi 3,5 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін кезекте тұр, оның ішінде 11 әлеуметтiк қорғалған азаматтар жеңілдік санатына кiреді. Астана қаласының тұрғын үй қоры сипатты құрылыстың бiрнеше үлкен топтарына бөлiнедi: төменгi сападағы тұрғын үйлер; үлгiлiк тұрғын үйлер; тың игеру кезеңдегi құрылыс; ыңғайлы, жақсы жоспарланған үйлер; бетке ұстар тұрғын үйлер.
Қаладағы тұрғын үй ұсыныстары, Қазақстан Республикасының басқа да iрi қалаларындағыдай екі негiзгi көрсеткіштермен - тұрғын үйдің сапасы және оның орналасқан жерiмен анықталатын бағалы "дәлiздермен" сипатталады.
Тұрғын үй рыногындағы баға серпiнi елордалық жылжымайтын мүлiктiң үш жыл бойы жалғасып келе жатқан қымбаттай түсiн көрсетеді. Бағаның тұрақты өсуi екi негiзгi факторға негiзделген: тұрғын үйдiң жетiспеушiлігі және жаңа құрылыстың өзiндік құнының көтерілуі. Бағалар конъюнктураның ауытқымалы кезінде долларлық есептеумен өсуде. Сұраным құрылымындағы ең жоғары өтiмді санат бiр бөлмелi пәтерлер, одан кейiн екi бөлмелі, үш бөлмелi және көп бөлмелi пәтерлер болып табылады.
Астана қаласындағы жер рыногын реттеу нысандары нарықтық экономика тетiктерiне сәйкес қажетті шамада жергiлiктi ерекшелiктердi, инфрақұрылым, қоршаған орта, әлеуметтiк-экономикалық факторлар ерекшелiктерiн ескере отырып жүзеге асырылуда.
Босатылған жер учаскелерiне қазiргі заманғы инфрақұрылымдарды (кәрiз, газбен жабдықтау, телефондандыру, күзет, сервис және сауда қызметтерiн көрсету, спорт ғимараттары және т.б.) құру перспективалары болашақта жер учаскелерiнің бағасын айтарлықтай көтереді. Жергiлiктi жердің орналасу беделi мен орын ерекшелiгi учаскенің бағасын қаланың орталық бөлiгiнен тең алғанда төрт есеге көтеруі мүмкін.
Масштабы мен тұрғын халықтың және заңды тұлғалардың қанағаттандырғысыз сұраныстарын есепке алғандағы Астана қаласындағы жер рыногы оның субъектілерiнің сапалы жаңа деңгейге көшуi және дамуы үшін қомақты әсерi бар. Оның даму қарқыны едәуір көлемде құқықтық база мен жер қатынастары тетiгiнің жетілдiрiлуіне байланысты.
Бағдарламаның күштi жақтары: Бағдарламаны iске асыру мерзімдерінiң айқындылығы, ескі жеке тұрғын үйлерді бұзудың қарқынды режимі; iс-шаралар жоспарының нақты жүзеге асуы; Бағдарлама Астана қаласы құрылысының Бас жоспарын iске асырудың құрамдас бөлiгi болып табылады; инвестициялар тарту арқылы Бағдарламаны қаржыландырудың түрлі байланыссыз көздерiнің болуы; Бағдарламаның әлсiз жақтары: оны iске асыру қомақты қаржылық шығындарды талап етеді; бұзу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге жауапкершілік инвесторларға тапсырылады, бұл жылжымайтын мүлiк рыногында тепе-теңсiздік туындатуы мүмкін; босатылған учаскелерде кешенді құрылысты қамтамасыз етудiң, қызмет көрсету объектiлерi желiлерiн дамытуда үйлесiмділiкті сақтаудың күрделiлiгi. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан Республикасының елордасы -
Астана қаласына жаңаша келбет беру болып табылады. Бағдарламада мынадай міндеттерді шешу үшiн жер учаскелерінің құрылыстардан босатуға байланысты әлеуметтiк, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы айқындалған: қаланың үйлесімді дамуы; Астана қаласы құрылысының бас жоспарын жоспарлы iске асыру; қаланың бетке ұстарлық бейнесiн жақсарту және оны көріктендіру деңгейiн айтарлықтай жоғарылату; тұрғын үй рыногын және жер рыногын дамыту; инвестициялар тарту; салықтық және салықтық емес түсімдер есебiнен бюджет кiрiстерiн ұлғайту; азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту; шағын және орта бизнесті дамыту және салық салу базасын кеңейту; жаңа жұмыс орындарын құру. 5. Бағдарламаны іске асырудың неге бағыттары мен тетiгi 5.1. Бағдарламаны iске асырудың экономикалық орындылығы
Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бiрыңғай Бас жоспар мен қаржылық, материалдық және адами ресурстарды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеттi қосымша тарту және оңтайлы пайдалану арқылы қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi Бағдарламасы базасындағы барлық функционалды және қала құрайтын құрылымдардың, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесiнің түбегейлi қайта құрылуында ғана болуы мүмкін.
Астана қаласының функционалды және қала құрайтын құрылымдары, тiршiлікті қамтамасыз ету жүйесінің деңгейi әлеуметтiк даму мен экономикалық қызметтiң әлемдiк стандарттарына сәйкес келуі тиiс.
Қазiргi уақытта бұзуға жататын тұрғын үйлер қоры бөлiгiнің көбi сумен жабдықтау, кәрiз, жылыту және ыстық сумен жабдықтау сияқты қарапайым коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етiлмеген. Бұл секторға негiзiнен жеке аз қабатты үйлер жатады. Егер қала бойынша тұрғын үйдiң тозуы 30% шегiнде болса, онда қарастырылатын аумақтарда бұл көрсеткiш орта есеппен 70% және одан да жоғары болады.
Тұрғын үй қорының бүгiнгi жай-күйі толық ауыстыруға немесе мүлдем жаңа техникалық, экономикалық, экологиялық, сәулет және ұйымдастырушылық шешімдер базасында қайта жаңартуға жататын едәуір тозумен сипатталады.
Бағдарлама iс-шараларын өткізудің экономикалық орындылығы ескi үйлер мен құрылыстарды бұзу үшін қажеттi құрылыстар мен шығындар нұсқаларын салыстырмалы тонау нәтижесінде анықталды.
Бұл ретте жаңа құрылыс салуға ескі үйлер мен құрылыстардан аумақтарды босатуға қарастырылған нұсқа қала орталығынан алыс орналасқан бос аумақтардағы жобаланған объектiлердiң орналасуын салыстыра отырып, коммуникация желiлерiнің, автожолдардың жұмыс iстеп тұрған желiлердiң ұзақтығын қысқарту есебiнен қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етеді.
Оны iске асыру барысында мыналар қамтамасыз етiледі:
аумақты неғұрлым тиiмдi пайдалану, атап айтқанда, қолданыстағы
құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес мәдени, әлеуметтiк және тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн оңтайлы орналастыру; тұрғындар тiршiлiгінің қауіпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қатарын шешу; жер ресурстарын үнемдеу; Астана қаласы құрылысының бас жоспарына сәйкес тұрғындардың қала орталығына шоғырлануын арттыру; көлiк ағынын неғұрлым тиiмдi бөлу; жерге, сондай-ақ тұрғын алаңның шарттық бiр шаршы метрінің нарықтық құнына сұранысты арттыру; жылжымайтын мүлiк рыногында ғимараттар мен құрылыстарға сұранысты арттыру; салықтың жиналу деңгейiн өсiру.
Бұзу жүргiзiлетiн аудандардағы құрылыс (1803 мың ш.м.) қарқынды игерудi көздейдi. Орташа алғанда бiр шаршы метр тұрғын үйдi бұзғанда, оның орнына шамамен 10 шаршы метр салынады. Бұл ретте бұл ауданның тұрғындары алғашқы қызмет көрсетудегi барлық қажеттi инфрақұрылымдармен, сондай-ақ мектептермен, бала-бақшалармен және т.б. қамтамасыз етілетiн болады. Аумақтарды көріктендiру мәселелерi iрi қалалар деңгейiнде шешiледi.
Бұзылуға тиiс аумақтарда, жалпы алғанда (инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтiк, сауда-тұрмыстық мекемелер мен офистердi есептемегенде) 973,1 мың м2 тұрғын үйлер салынады. Тұрғын үйлердiң жалпы алаңы 1 м2 құрылыстың орташа нақты құнын ескере отырып, 2001 жылға 67 мың теңге немесе 438 АҚШ доллары мөлшерiнде, негiзгi капиталдағы инвестициялар көлемi шамамен 426,5 млн. АҚШ долларын құрайды.
Өндiрiске немесе сауда және қызмет секторына жеке инвестициялар қосылған құнның өсуiне әсер етедi, бұл өз кезегінде тұрғындар табысының артуына әкеп соқтырады.
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Бұл Бағдарлама ескi үйлер мен құрылыстарды бұзу аумағында Астана қаласы құрылысының бас жоспарында әлемнің дамыған елдерi астаналарының стандарттарына сәйкес келетiн әкімшiлік, iскер, ғылыми-бiлiм беру, әлеуметтік-мәдени және бизнес орталықтарын қоса қамтитын негізгi қала құрайтын құрылымдар анықталды.
Астананың дамуы халық тұрмысының жоғары деңгейi мен сапасына қол жеткiзудi, оның өмiр сүру жағдайларының жақсаруын болжайды. Осыған орай елорданың, ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi бұзу аумақтарында азаматтық және тұрғын үй құрылысының басым дамуы орын алады.
Елорданың ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi бұзу аумақтарында тұрғын үй саясатының негiзгi бағыттары мыналар болып көзделген:
қаланың орталық бөлігiн кешендi абаттандыру арқылы қайта жаңартуды жүргiзу;
қаланың климаттық жағдайларын ескере отырып, абаттандыру деңгейiмен, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн неғұрлым жайлы жаңа тұрғын үй салуды қамтамасыз ету;
тұрғын үй рыногын дамыту, оның құрылымында халықтың қажеттіліктері мен әл-ауқатын есепке алу (көп қабатты үйлер, коттедждер, жеке құрылыс үйлері);
ведомстволық және жеке тұрғын үйлердiң оңтайлы үйлесiмi;
тұрғын үйдiң өркениеттi рыногын қалыптастыру, риэлтерлiк бизнесті қалыптастыру және дамыту.
Санитарлық-техникалық нормаларға сай келмейтiн ескi құрылыс үйлерiн анықтау мен бұзу мақсатында қаланың бар тұрғын үй қорын түгендеудi жүргізу көзделуде.
Қарастырылатын Бағдарлама шегінде ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерді қарқынды бұзу аумақтары мынадай аудандармен берiлген:
N 1 аудан
N 1 аудан Орталық жайғастыру ауданының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан, оның шекаралары солтүстiктен - Кенесары көшесi, шығыстан - Ш.Уәлиханов көшесi, батыстан - Республика даңғылы, оңтүстiктен - А.Бараев көшесi болып табылады.
Оның сәулетті-жайғастыру және көлем-кеңсе құрылымына ықпал еткен ерекшелiктерi мыналар:
бұрын жобаланған және салынған Астана-Сити объектiлерi, А.Иманов көшесiндегi аз қабаты үйлер;
қазiргi уақытта бар Православие шiркеуі;
Ш.Уәлиханов - В.Гастелло магистральдары арасындағы қоғамдық-саудалық-тұрғын үй панеліне түйiсуі;
тұрғын үй көшелерiнің қалыптасқан торабы.
Кенесары - А.Иманов көшелерiнің магистраларалық кеңістігіндегi Сити ауданының құрылысын 9-қабатты үйлерi тізбегiмен жиектеп, Кенесары көшесіндегi N 31 мектеп ауданында кең қалалық саябақпен ашу ұсынылады. 29-қабатты Сити тұрғын үй кешенiнің қалпын ATC ауданындағы (Кенесары көшесi) нүктелi екi 22-қабатты үйлер салумен және әрi қарай қоғамдық-саудалық-тұрғын үй панелі аймағындағы 25-қабатты үйлер тобы арқылы ұстау.
Ауданішілiк жаяу жүргінші бульвары (А.Иманов көшесiне қатарлас) Православие шiркеуіне бағытталған. Бульварға 640 оқушыларға арналған мектеп және 330 орындық балабақша шығады.
Осы мектепте ғимаратқа жапсаржай салу арқылы оқушылар санын 2000 адамға жеткiзу ұсынылып отыр.
N 1 ауданды қайта жаңғырту жобасы барысында оны жүзеге асырудың тiзбектiлiгi көзделiп отыр. Бiрiншi кезекте А.Иманов көшесiмен қиылысына дейiн А.Бараев және Ш.Уәлиханов көшелерi бойынан 5-тен 12-қабатты тұрғын үйлер кешенін салу көзделіп отыр.
Екiншi кезең - А.Иманов көшесiне қатарлас жоғары (9-12-16) қабатты тұрғын үй кешендерiн салу.
N 2 аудан
Жобалаудағы N 2 аудан қаланың оңтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасқан, солтүстiктен - Т.Бигелдинов көшесiмен, шығыстан - Сарыарқа көшесiмен, оңтүстiк және оңтүстiк-батыстан - Есiл өзенiмен шектелген. Аудан ендiк бағытта жалпы қалалық жүрiстiң магистралiн - Кенесары көшесiн кесiп өтеді. Ескi жалпы қалалық орталықтың өзегiне жалғасуы және аудан келбетiнің Есiл өзенi жағынан қалыптасуы оның сәулет-жайғастыру мен көлем-кеңiстiк шешiмiне әсер еттi.
Жобада Парламент және Үкiмет үйлерiнің ескi бас алаңынан және Қаржы министрлігінің үйi алдындағы алаңнан түзілу үстiндегi анфиладасын дамыту ұсынылып отыр, одан әрi Сарыарқа көшесiнен батысқа қарай алаң, келесi - К.Күмiсбеков көшесiнен шығысқа қарай алаң қалыптасады. Созылған iрi тұрғын үй кешенi террасамен Кенесары көшесiне қызмет көрсету нысандарымен жанасады және алаңдар анфиладасымен көрнекi бiріктіретiн, сондай-ақ Есiл жағалауына шығаратын кеңістiк "жотасы" болып табылады. Екiнші ауқымды тақырып өзен жағалауынан келбетiн қалыптастыратын төрт 16 қабатты тұрғын үй кешенiнiң террасалық-құламалы пирамидалары болып табылады. Ауданның үшiншi тақырыбы жалпы қалалық магистраль - Кенесары көшесi бойындағы құдық тәрiздес-аулалары бар бес қабатты тұрғын үй кешендерiнің метрикалық композициясы болады.
Ауданның жаяу жүргiншi iшкi бульвары Есіл өзенi бойындағы "Айя" ойын-сауық орталығының бульварынан құрылыс аймағындағы жалғасы болып табылады - Ирченко көшесіндегi iрi тұрғын үй кешендерi маңынан, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион маңынан, Сарыарқа көшесi арқылы барлық жобаланған аудан арқылы құйма доғамен Кенесары көшесiне шығады. Бульвар бойынан төрт биiк 16 қабатты тұрғын үй кешендерi "пирамидалардан" құрылған; солтүстiктен бульвар 2000 оқушыға арналған мектеп учаскесiмен шектелiнген. 140 орындық төрт бала бақша Есiл өзенi жағынан биiк тұрғын үй кешендерiмен түйiскен. Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары Кенесары және Сарыарқа көшелерi бойында орналасқан. Ауданның жылдамдықты жалпықалалық жүрiстiң магистралi: Кенесары көшесiмен екi бөлiкке бөлiнуiне байланысты бала бақша мен мектептердiң есебi магистраларалық кеңістiкте
жүргiзiлген. Осыған орай жетiспейтiн 964 мектептiк және 545 бала-бақшалық орын жапсарлас шағын ауданда есепке алынады (Кенесары көшесiнен солтүстiкке қарай). N 3 аудан N 3 аудан Орталық жайғастыру ауданының солтүстiк бөлігінде орналасқан, оның шекаралары: солтүстіктен - Бөгенбай даңғылы, шығыстан - В.Гастелло көшесi, батыстан - А.Пушкин көшесi, солтүстіктен - С.Сейфуллин көшесi. Оның сәулеттi-жайғастыру және көлемді-кеңістiк құрылымына ықпал еткен ерекшелiктерi мыналар: төрт жағынан қалалық қозғалыстың магистралдарiмен шектелуі; шығыстан көтерме-бөлшек базардың панелiне жалғасуы; қазiргi уақытта бар қаланың бас мешiті; қалыптасқан көшелер торабы.
Бөгенбай даңғылы, С.Сейфуллин, А.Пушкин көшелерiнің қарқынды көлiк жүрiсi жағынан арнайы әзiрленген шуқорғаныш тұрғын үйлердiң экранымен қорғауға шешім қабылданған.
Қаланың шығу магистралi - Бөгенбай даңғылының аса маңыздылығына байланысты магистральға террасалық ашылатын жарты сақинамен құрастырылған үш iрi 16 қабатты көзге түсетiн тұрғын үй кешендерi тобы гараждар, қызмет көрсету және сауда объектiлерiнің екi қабатты стилобатымен бiріктiрiледi. Төртінші топ (Бөгенбай даңғылы мен С.Сейфуллин көшесi қиылысындағы) үш дөңгелек, биіктігі тиiсiнше 21-18-16 қабатты мұнарадан тұрады. А.Пушкин көшесi жағынан созылған сызықты 9 қабатты шуқорғаныш үйді Ә.Жангельдин көшесінен қазiргi уақытта бар 9 қабатты бұрышты үйге дейiн (А.Пушкин мен С.Сейфуллин көшелерiнің қиылысы) екiншi планда орналастыруы ұсынылады.
Бiрiншi планда қазiргi уақытта бар тарихи ескерткіш болып табылатын екi қабатты оңаша кiрпіш үй, 5 қабатты блок-секция және автомобильге май құю станциясы орналасқан. ЖҚС-тан жобалаудағы 9 қабатты тұрғын үйге дейiн ара қашықтығы 25 метр санитариялық және өртке қарсы ара қашықтық сақталған.
С.Сейфуллин көшесi жағынан 9 қабатты шуқорғаныш тұрғын үй Р.Қошқарбаев көшесіне дейiн (прокуратураның салынып жатқан ғимаратына қатысты) симметриялық жобаланған. Қазiргі уақытта бар "Артем" базарын жабық нұсқасына ұқсас Р.Қошқарбаев - Ш.Уәлиханов көшелерi шекараларында С.Сейфуллин көшесiнен Бөгенбай даңғылына дейiн жалғастыру ұсынылып отыр. Базардың екіншi кезегiн Ш.Уәлиханов - В.Гастелло көшелерiнің магистраларалық кеңiстігiнде С.Сейфуллин көшесiнен В.Гастелло көшесiне дейiн орналастыру ұсынылады. Базар павильондарынан басқа супермаркеттер, қонақүйлер, жерасты және жерүстi гараж-тұрақтар, дәмханалар, мейрамханалар және т. б. орналастыру ұсынылады. Мешiттi басқа жерге ауыстыруына байланысты осы аудандағы ауданiшiлiк құрылысты үш қабаттан жоғары емес тығыздығы жоғары етiп жүргiзу ұсынылып отыр.
Мектеп және мектепке дейінгі балалар мекемелерi қазiргi уақытта бар N 3 мектеп негiзінде орталық кварталдардың торында орналасқан.
Қазiргi уақытта бар мешіттен "Жастар" сарайына дейiн Орталық жайғастыру ауданы шегінде оның нысандары арасында жаяу жүргiншілердің неғұрлым қысқа жолын қамтамасыз ететiн диагональды жаяу жүргiншi бульварын салу ұсынылады.
N 4 аудан
N 4 аудан Орталық жайғастыру ауданының оңтүстік-шығыс бөлiгiнде N 2 және N 3 аудандары арасында орналасқан, оның шекаралары солтүстiктен - С.Сейфуллин көшесi, шығыстан - В.Гастелло көшесi, батыстан - Республика даңғылы, оңтүстіктен - Кенесары көшесi болып табылады.
Оның сәулеттi-жайғастыру және көлемдi-кеңістiк шешiмiне ықпал еткен ерекшелiктер мыналар:
"Интерконтиненталь" биiк қонақ үйі;
"Целингидромаш" зауыты;
"Астана-Сити" ауданына жалғасу;
қоғамдық-сауда-тұрғын үй панелiне (Ш.Уәлиханов - В.Гастелло магистральдары арасында) жалғасу;
қалыптасқан көп қабатты құрылыс және тұрғын үй көшелерiнің торабы.
Ауданның қалыптасқан көп қабатты құрылысына байланысты ұсынылып отырған құрылыс биiк қонақ үйдiң басымдылықтарын (9 қабатты үйлердiң тiзбегiмен) ашып көрсетуге ғана және "Астана-Сити" торабын (Кенесары көшесi бойында) нүктелi 22 қабатты тұрғын үй кешендерiнің тобын және созылған 9 қабатты үй салу арқылы ұстауға арналған.
Ш.Уәлиханов - В.Гастелло көшелерi магистраларалық кеңiстігіндегi қоғамдық-сауда-тұрғын үй панелi Кенесары көшесi, Абай даңғылы, С.Сейфуллин көшелерінің бойында қала құрылыс тораптарындағы нүктелi тұрғын үй және әкiмшiлiк кешендерi арқылы ашып көрсетілген.
N 5 аудан
N 5 аудан Орталық жайғастыру ауданының шығыс бөлiгiнде орналасқан, оның шекаралары батыстан - В.Гастелло көшесi, шығыстан - Ақбұлақ өзенi жайылмасы, солтүстiк пен оңтүстiктен - А.Иманов көшесi бойындағы құрылыс. А.Иманов көшесi бiржақты бульвардың жайластыруы бар "қызыл сызықтарда" 60 м болатын аудандық маңызы бар магистрал болып табылады.
В.Гастелло көшесiнен Б.Бейсекбаев көшесiне дейiн А.Иманов көшесi бойындағы құрылыс 5 қабатты тұрғын үйлерден тұрады, Б.Бейсекбаев көшесiнен Ақбұлақ өзенінің жайылмасына дейiн тығыздығы жоғары құрылыс орналасады.
N 6 аудан
N 6 аудан Орталық жайғастыру ауданының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан. Ол Ә.Бөкейхан - М.Әуезов көшелерi шекараларындағы (Конгресс-Холға қарсы) ескi екi қабатты үйлерден тұратын ықшам орам болып табылады.
1, 2, 3, 4 аудандардағы балабақшалар мен жалпы бiлiм беретiн мектептер оқшауланған учаскелерде орналасады, ал басқа қызмет көрсету мекемелерi мен кәсіпорындарының (емханалар, дәрiханалар, азық-түлік және өндiрiстiк тауарлар дүкендерi, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары, байланыс, Халық банкінің бөлiмшелерi және т.б.) тұрғын үйлерге жапсырылып салынуы қарастырылады.
Қарқынды бұзу аудандардағы тұрғын үй-азаматтық объектiлер, магистралдық және тұрғын үй көшелерi құрылысына пайдаланылатын аумақтар туралы деректер N 1 кестеде, бұзу жылдары бойынша бөлу N 2 кестеде берiлген.
Қарқынды бұзу аумағындағы жаңа тұрғын үй-азаматтық құрылыстың негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткіштерi N 3 кестеде берiлген.
Барлық аталған аудандардың егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) 2003 жылғы қаңтарда орындалады.
Инженерлік инфрақұрылымдар мен жолдарды жобалау мәселелерi "Астанабасжоспар" КМК бұрын әзiрлеген Астана қаласының 2010 жылға дейiнгi қарқынды бұзу аумағында инженерлік-көлiк инфрақұрылымын салу бағдарламасында анықталған.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
6.1. Инвестициялық ахуалды жақсарту
Бағдарламаны iске асырудың негізгi факторларының бiрi жер учаскелерін босату және игеру үшін инвестицияларды тарту болып табылады.
1997 жылы елорданың Астана қаласына ауыстырылуына байланысты қаланы дамытуға бағытталған инвестициялардың өсуi байқалады. Қаржыландыру республикалық және жергiлiкті бюджеттер, жеке меншiк және мемлекеттік компаниялар, халықаралық қаржы ұйымдары мен донор-елдер қаражаты есебiнен жүзеге асырылды.
1999 жылдан бастап ипотекалық несиелендірудің аймақтық инвестициялық бағдарламасы iске асырылуда.
2001 жылда қала бойынша негiзгi капиталдағы инвестициялар, қосымша бағалауды ескергенде, 73395,0 млн. теңгенi құрайды, ол 2000 жылмен салыстырғанда 14,2% жоғары.
Заң қабылдаудың және оларды күшiне енгізудің ашық рәсімдерi инвесторлардың тиiсті шешiмдерiн қабылдау барысында сенiмiн нығайтады.
Жер рыногын құру мақсатында Астана қаласының әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет. Бұл қадам қала бюджетiне қосымша ақшалай қаражат түсуін ынталандыруға, сондай-ақ жер қорын ұтымды әрi тиімді пайдалануға мүмкiндiк береді.
Осы Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанда бiрінші рет нақты Астана қаласында көрiнiс алды. Жер учаскелерін өткiзудің бастамасы ретiнде ескi және апатты тұрғын үйлерден, саяжай учаскелерiнен босатылған қала аумақтарын абаттандыру болды. Кейiн босатылған аумақ жеке жер учаскелерiне бөлiнiп, инвесторларға өткізілген. Ескі құрылыс орындарында аз қабатты тұрғын үй кешендерi, азаматтық және өнеркәсіптiк мақсаттағы объектiлер бой көтерді.
Қаланың дамуы және оның шекараларының кеңеюi оларды игеру үшін жерді сатуға және сатып алуға сұраныс туғызды, осыған байланысты жердi отандық және шетелдiк субъектiлерге сату үшін инвестициялар ағынын көбейтуге жағдай жасау қажет.
6.2. Қаржыландыру көздерi
Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру барысында жергiлiкті бюджет қаражатын пайдаланудан кәсіпорындар мен ұйымдардың меншiктi қаражатына, халықтың қаражатына, шетелдік инвестицияларға бiртіндеп көшу жүзеге асырылады. Жеңілдіктi шарттарда жеке тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру, сондай-ақ құрылыс жинақ ақша жүйесi одан әрi дамиды. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасында ипотекалық несиелендiру тетiгiн жетілдіру, қосымша инвестициялық қаражат тарту үшiн жағдай жасау қарастырылады.
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз етудің негiзгi көздерi:
шетелдік инвестициялар;
кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты;
халықтың қаражаты;
басқа да бюджеттен тыс көздер.
Ескi және жеке тұрғын үйлерді бұзуды, сондай-ақ күрделi құрылыс пен қайта жаңарту үшін босатылатын және да алатын аумақ объектiлерiн игеру мен салуды қаржыландырудың мемлекеттiк емес көздерiн тартуға бағытталған бiрқатар шараларды қолдану қажет. Осы мақсатта жеке меншiк фирмаларға жеңілдіктердi қарастырған жөн, iскер топтар арасында ескi тұрғын үйлердi бұзуды қаржыландырудың мемлекеттiк емес көздерiне қажеттiлiк жөніндегi деректердi кеңінен жариялау керек.
Тұрғын үйлердi бұзу жөніндегi жұмыстардың ең көп ауқымын 2004 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр - ескi және жеке тұрғын үйлердi бұзудың жалпы аумағынан 36,5%, 2003 жылы - 29,8%, 2005 жылы - 33,7% бұзулар болжанып отыр. 2003 жылы азаматтық тұрғын үй құрылысының 34,9%, 2004 жылы - 33,3% , 2005 жылы - 31,8% көлемiн жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Осы Бағдарламада жоспарланып отырған ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерді бұзудың аумағы 1803,0 мың м2 құрайды, оның ішінде тұрғын үй-азаматтық құрылыс объектiлерi, яғни инвесторлар жүзеге асыратын жалпы қалалық, әлеуметтiк мақсаттағы объектiлер құрылысы 983,3 мың м2 қамтиды (магистралды және тұрғын үй көшелерi, бульварлар, жағалаулар, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен бала бақшалар аумағы - 819,7 мың м2).
Аумақтарды босату үшiн 8,2 млрд. теңге сомасында ресурстар қажет.
Оның ішінде ауқымды қажеттiлiк 2003 жылға - 3,0 млрд. теңге (жалпы соманың 36,2%-ы), 2004 жылы - 2,5 млрд. теңге (31,1%), 2005 жылы - 2,7 млрд. теңге (32,7%).
Аумақтарды босатуға қажетті ресурстар учаскелердiң қимасында, жылдар бойынша N 4, 5 және 6 кестелерде көрсетiлген.
2005 жылға қарай шетелдiк инвестициялардың көлемi 2001 жылға салыстырғанда 2 есе өсуі мүмкiн және олардың жыл сайынғы көлемi 150 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде болады деп күтiлуде. Олар негiзiнен қызмет көрсету саласына, қонақ үй мен мейрамхана бизнесiне, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкпен жасалған операцияларға жұмсалады.
Осы Бағдарлама шеңберінде 2003-2005 жылдардағы негiзгi капиталға инвестициялардың жалпы көлемi, шетелдiк инвестицияларды, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ халықтың қаражатын қоса алғанда, 130 млрд. жуық теңгені құрайды.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламада Астана қаласы құрылысының бас жоспарына сәйкес тұрғын үй массивтерін, сондай-ақ әкiмшiлiк және әлеуметтiк мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшін жалпы алаңы 2016,7 мың м2 аумақтағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерді бұзу көзделген.
Қазiргі кезде қарқынды бұзу аумағында тұратындардың саны 27,0 мың адамды құрайды, тұрғын қорын қайта құрғаннан кейiн ол 72,0 мың адамға жетеді, яғни 44,9 мың адамға немесе 2,7 есеге өседі.
Бұл ретте тұрғын үй қорының алаңы 415,8 мың м2-ден 1253,2 мың м2-ге,
яғни 837,4 мың м2-ге, немесе 3,0 есеге артады. Егер қазiргi кезде тұрғын алаңның халық санына қатынасын сипаттайтын көрсеткіш 15,4-ті құраса онда тұрғын үй қорын қайта құрғаннан, осы Бағдарламаны iске асырғаннан кейiн бұл көрсеткiш 17,3-тi құрайды немесе орта есеппен 1,9 пунктке өседі. Яғни, бiр адамға шаққандағы тұрғын үй алаңы өседі. Бұзу нәтижесінде тұрғын жай қорының кемуі 135,7 мың м2 құрайды. Сонымен, Астана қаласының жайғастыру және құрылысы бас жоспарына сәйкес кейiннен объектілер құрылысын салу арқылы тұрғын үйлерді бұзу мыналарға ықпал етеді: астананың сәулеттi келбетiн жақсартуға; осы аудандарды абаттандыру мәселелерiн шешуге; аумақтарды неғұрлым тиімдi пайдалануға; әкiмшілiк және әлеуметтiк кешендердi ұстау және оларға қызмет көрсету үшiн қалада оларды неғұрлым оңтайлы орналастыруға байланысты желiлермен және коммуникациялармен қамтамасыз етуге бөлiнетін бюджет қаражатын үнемдеуге; шағын және орта бизнестi дамытуға; салық салу базасын кеңейтуге; қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға. Бағдарламаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері N 6 кестеде келтірілген. Жер учаскелерi мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн қайтарып алынатын аумақтардағы Астана қаласы аудандарының тiзбесi N 7 кестеде берiлген. 8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қарқынды бұзу бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары қоса берiледі. Аудандар бойынша бөлiнген, қарқынды бұзу аймағындағы басты және тұрғын көшелер, тұрғын-жайлық-азаматтық объектiлер құрылысы үшiн пайдаланылатын аумақтар N 1 кесте _________________________________________________________________________ N | |Барлығы| оның iшiнде: р/с| Аумақтар | |_______________________________________________ | | | 1- | 2- | 3- | 4- | 5- | 6- | | |аудан | аудан |аудан | аудан |аудан |аудан _________________________________________________________________________ Барлығы, м2 1803067 373554 524044 582437 151446 165030 6556 оның ішінде: 1. Бала бақшалар 82349 15164 13340 32845 21000 - - аумақтары 2. Жалпы бiлiм 79654 11920 28764 23572 15398 - - беретiн мектеп. тер аумақтары 3. Жағалау 107400 - 107400 - - - - бульварлары аумақтары 4. Басты және 550332 89000 110260 274802 42740 33530 - тұрғын көшелер аумақтары 5. Тұрғын-жайлық 983332 257470 264280 251218 72308 131500 6556 -азаматтық құрылыс объектiлерi аумақтары _________________________________________________________________________ Бұзу жылдары бойынша, қарқынды бұзу аймағындағы басты және тұрғын көшелер, тұрғын-жайлық-азаматтық объектілер құрылысы үшін пайдаланылатын аумақтар N 2 кесте _________________________________________________________________________ N | Аумақтар |Барлығы | оның iшiнде жылдар бойынша: р/с| | | _________________________________ | | | 2003 | 2004 | 2005 _________________________________________________________________________ Барлығы, м2 1803067 537323 658050 607694 оның ішінде: 1. Бала бақшалар аумақтары 82349 15164 24285 42900 2. Жалпы бiлiм беретiн 79654 11920 28764 38970 мектептер аумақтары 3. Жағалау бульварлары 107400 32220 75180 - аумақтары 4. Басты және тұрғын 550332 134700 201960 213672 көшелер аумақтары 5. Тұрғын-жайлық-азаматтық, 983332 343319 327861 312152 құрылыс объектiлерi аумақтары Қарқынды бұзу аумағындағы жаңа тұрғын-жайлық-азаматтық құрылыс жөніндегі негізгі көрсеткіштер N 3 кесте _________________________________________________________________________ N | |Өлшем |Бірлік. оның iшiнде: р/с| Көрсеткіштер |бірлі.| тер |________________________________________ | | гі |саны,| 1- | 2- | 3- | 4- | 5- | 6- | | |бар. |аудан |аудан| аудан| аудан| аудан| аудан | | |лығы | | | | | | _________________________________________________________________________ 1. Өмір сүріп жатқан адам 27040 8570 1810 5700 9790 1000 170 тұрғын халық 2. Қолданыста бар м2 415785 132010 27883 87312 150737 15353 2490 тұрғын-жай қоры 3. Тұрғын-жай қорының м2 135708 25869 27883 45664 22407 11395 2490 кемуі 4. Сақталған тұрғын- м2 280077 106141 - 41648 128330 3958 - жай қоры 5. Жобаланған тұрғын- м2 973129 279569 288396 203654 124130 68880 8500 жай қоры 6. Қайта жаңартудан м2 1253206 385710 288396 245302 252460 72838 8500 кейiнгі тұрғын- жай қоры, барлығы 7. Тұрғын халық, адам 72020 22420 16020 14020 15230 4090 240 барлығы Оның iшiнде: a) қолданыста адам 18190 6890 - 2710 8330 260 - бар құрылыста б) жобалаған адам 53630 15330 16020 11310 6900 3830 240 құрылыста 8. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын қосымша орналастыру қажеттiлігi 8.1. Балалардың орын 3662 990 1105 967 600 - - мектепке дейiнгi мекемелерi 8.2. Жалпы білім оқушы.9369 3190 2964 1894 1321 - - беретiн мектептер лар 2003-2005 жылдар аралығына арналған ескі және жекелеген тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасының шығындарын қаржыландыру көздерi N 4 кесте _________________________________________________________________________ Көрсеткіштер атауы |Барлығы | 2003 | 2004 | 2005 _________________________________________________________________________ Учаскелерді босату жөнiндегі шығындарды қаржыландырудың жалпы сомасы, млн. теңге 8204,0 2969,8 2551,7 2682,5 соның ішінде қаржыландыру көздерi бойынша: шетелдiк инвестициялар есебiнен кәсiпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебiнен 8204,0 2969,8 2551,7 2682,5 бюджеттiк емес қаражаттардың басқа да көздерiнен _________________________________________________________________________ 2003-2005 жылдар аралығына арналған Астана қаласындағы ескі және жекелеген жеке тұрғын үйлерді қарқынды бұзу аумағындағы жер учаскелерін босатуға қажетті ресурстар N 5 кесте _________________________________________________________________________ N | Бұзу учаскесінің атауы | Қажетті | | | р/с| |ресурстар | | | | |млн.теңге |2003 жыл|2004 жыл| 2005 жыл _________________________________________________________________________ 1 Кенесары, Ш.Уәлиханов, А.Бараев 2115,30 2115,30 көшелерi мен Республика даңғылы шекараларындағы N 1 аудан 2 Ә.Бөкейхан көшесiнің бойындағы 203,20 203,20 N 6 аудан 3 Сарыарқа, Т.Бегелдинов көшелерi 2171,00 651,30 1519,70 мен Есiл өзенi шекараларындағы N 2 аудан 4 В.Гастелло, А.Иманов, 1056,60 1056,60 Б.Бейсекбаев көшелерiнiң шекараларындағы N 5 аудан 5 Бөгенбай даңғылы мен В.Гастелло, 2063,90 1032,00 1031,90 А.Пушкин, С.Сейфуллин көшелерi шекараларындағы N 3 аудан 6 С.Сейфуллин, В.Гастелло, 594,00 594,00 Кенесары көшелерi мен Республика даңғылы шекараларындағы N 4 аудан ЖИЫНТЫҒЫ: 8204,00 2969,80 2551,70 2682,50 _________________________________________________________________________ 2003-2005 жылдар аралығына арналған Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлердi қарқынды бұзу аумағындағы жер учаскелерiн босатудың техникалық-экономикалық көрсеткiштерi N 6 кесте _________________________________________________________________________ Көрсеткiштер атауы | Барлығы | 1- | 2- | 3- | 4- | | аудан | аудан | аудан | аудан _________________________________________________________________________ Тұрғын-жайлық- 983332,00 257470,00 264280,00 251218,00 72308,00 азаматтық құрылыс объектiлерi салынатын алаң (инвесторлар үшін), ш.м. Учаскелердi босату 8204,00 2115,30 2171,00 2063,90 594,00 бойынша жұмсалынатын шығындардың болжалды сомасы, млн. теңге _________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы _______________________ 5-аудан 6-аудан _______________________ 131500,00 6556,00 1056,00 203,20 _______________________ Тұрғын-жайлық-азаматтық объектілер салынатын жер учаскелерi аумақтарындағы Астана қаласы аудандарының тiзбесi N 7 кесте _________________________________________________________________________ Аудан.| |Босату жөнiндегi| Босатыл. дар | Аудандар атауы | жұмыстардың | ған алаң N | | басталуы (жыл) | (ш.м.) _________________________________________________________________________ 1. Кенесары, Ш.Уәлиханов, А.Бараев көшелерi 2003 257470 мен Республика даңғылы шекараларындағы N 1 аудан 2. Сарыарқа, Т.Бегелдинов көшелерi мен 2003 264280 Есiл өзенi шекараларындағы N 2 аудан 3. Ә.Бөкейхан көшесiндегi N 6 аудан 2003 6556 4. Бөгенбай даңғылы, В.Гастелло, А.Пушкин, 2004 251218 С.Сейфуллин көшелерi шекарасындағы N 3 аудан 5. С.Сейфуллин, В.Гастелло, Кенесары көшелерi 2005 72308 мен Республика даңғылы шекараларындағы N 4 аудан 6. А.Иманов көшесiнiң шегіндегi N 5 аудан 2005 131500 (В.Гастелло көшесiнен бастап Б.Бейсекбаев көшесiне дейiн) _________________________________________________________________________ 2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласындағы ескi және жекелеген жеке тұрғын үйлерді қарқынды бұзу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар ЖОСПАРЫ _________________________________________________________________________ N | Шаралар тiзбесi | Аяқталу| Орындалуына | Орындалу р/с| | нысаны | жауаптылар | мерзімдерi | | | (жүзеге асыру) |(жүзеге асыру) _________________________________________________________________________ І. Ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету және құқықтық реттеу мәселелері _________________________________________________________________________ 1. Бағдарламаның iс-шараларына қала Астана қаласының 2003 жылдың сәйкес босатып алу үшiн әкімі. Сәулет және қала бірінші қарастырылған учаскелердегi нің құрылысы департа. тоқсан бөлшектiк жоспарлау жобала. өкімі менті, "Астана рын дайындауды жүзеге асыру. генплан" Оларды Қала құрылысы кеңесiне коммуналдық бекiтуге енгізу және мемлекеттiк кәсiп. жұмыстардың жоспарын орыны (КМК) қалыптастыру 2. 2003 жылға арналған қаланы бекi. Астана қаласының 2003 жылдың әлеуметтiк-экономикалық туге Экономика және бірінші дамуының индикативтi арнал. шағын бизнесті тоқсан жоспарының көрсеткiштерiн ған дамыту, Астана нақтылау және алдағы жылдары құжат. қаласын дамыту тұрғын үй және қалалық тардың бағдарламаларына әлеуметтiк-қызмет көрсету жобала. әкімшілік ету инфрақұрылымдарының объектi. ры жөніндегі лерiн салу жөнiндегi департаменттері бағдарламалар iс-шараларының есебi жөнiнде ұсыныстар дайындау 3. Инженерлiк желiлердi және қала. Астана қаласының 2003 жылдың әлеуметтiк-қызмет көрсету лық Тұрғын үй және бірінші тоқсан инфрақұрылымдарын кеңейту Мәсли. Астана қаласын жөніндегi шараларды қаржылан. хатта дамыту бағдарла. дыруға үлестiк қатынасудағы бекі. маларына әкімші. құрылыс үшін жүзеге асырылған туге лік ету жөнін. жылжымайтын мүлiк объектi. арнал. дегі департамент. лердің бағасы мен жер ған тері учаскелерiнің құны мәселелерi құжат. жөніндегi жергiлiктi тар деңгейдегі нормативтiк- жобасы құқықтық базаны нақтылау 4. Бұзу учаскелеріндегі жылжы. қайта Астана қаласының 2003 жылдың майтын мүлік объектілерін тіркеу Тұрғын үй және бірінші тоқсан түгендеуді және төлқұжат. және Астана қаласын тандыруды аяқтау, оларды түген. дамыту бағдарла. заңды тіркеу және бағдарла. деу маларына әкімші. маның іс-шараларын қаржылан. мате. лік ету жөнінде. дыру сметасын дайындаудың риалда. гі департамент. нарықтық құны мониторингiн ры тері жүзеге асыру 5. Босатып алу (N 1-6 аудандар зерттеу Астана қаласының 2003-2005 жж. бойынша кезең-кезеңмен) үшін және Сәулет және қала ішінде қарастырылған учаскелерге, ТЭН құрылысы департа. техникалық-экономикалық мате. менті, "Астана. негіздеменi (ТЭН) дайындап, риал. генплан" КМК негiзгi нормативтер мен дары қаржыландыру көлемiн нақты. лай отырып зерттеу жүргізу 6. Босатып алынған учаскелерге инвес. Астана қаласының 2003-2005 жж. бөлшектiк жоспарлау жобалары. тиция Экономика, Астана ішінде на сәйкес кешендi құрылыс тарту қаласының Тұрғын үй жүргiзу үшiн инвестиция тарту бағдар. және Астана қаласын бағдарламасын дайындауды ламасы дамыту бағдарламала. жүзеге асыру, сәулет және рына әкiмшiлiк ету қала құрылысы талаптарының жөніндегі департа. сақталуын бақылау жөніндегi менттерi, Астана шараларды қарастыру қаласының Сыртқы экономикалық байланыстар комитетi _________________________________________________________________________ II. Инвестиция тарту және бағдарламаны қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар _________________________________________________________________________ 7. Бұзу кезінде босатылып Астана Астана қаласының тұрақты алынған учаскелердегi қаласы Экономика, Астана әлеуеттi құрылысшылардың әкiмi. қаласының Тұрғын құрамы туралы мәлiметтер нің үй және Астана банкін дайындауды қамтама. аппара. қаласын дамыту сыз ету тына бағдарламаларына ақпарат. әкімшілік ету тар мен жөніндегі есептер департаменттерi 8. Екіншi деңгейдегі банктер. Астана Астана қаласының тұрақты мен тұрғын үй құрылыстары қаласы Экономика, Астана жобаларын несиелеуге қатысу әкімі. қаласының Тұрғын жөнiндегі ұйымдастыру нің үй және Астана жұмыстарын жүргізу аппара. қаласын дамыту тына бағдарламаларына ақпарат. әкімшілік ету тар мен жөніндегі есептер департаменттері 9. Бұзу кезінде босатылатын жұмыс Астана қаласының 2003-2005 жж. учаскелердегi құрылыстар жоспары Экономика, Астана ішінде үшiн әлеуеттi құрылысшылар. қаласының Тұрғын дың инвестицияларын тарту үй және Астана жөніндегi жұмыс қаласын дамыту бағдарламаларына әкімшілік ету жөніндегі департаменттері 10. Бұзу және инженерлік қаржы. Астана қаласының жыл сайын желiлердi, коммуникация. ландыру Қаржы, Астана ларды және қалалық инфра. бағдар. қаласының Тұрғын құрылым объектiлерiн ламасы үй және Астана кеңейту жөнiндегi жұмыс. қаласын дамыту тарды жүргiзуге байланысты, бағдарламаларына қаржыландырудың тиiстi әкімшілік ету бағдарламаларын дайындауды жөніндегі қамтамасыз ету департаменттері _________________________________________________________________________ III. Кешенді құрылысты қамтамасыз ету және әлеуметтік-қызмет көрсету инфрақұрылымдарын қалыптастыру мәселелерi _________________________________________________________________________ 11. Ескi және жекелеген жеке Құрылыс Астана қаласының 2003-2005 жж. тұрғын үйлерді бұзу жобала. Сәулет және Астана ішінде бағдарламасы бойынша ры қаласын дамыту тұрақты босатылатын аудандарда бағдарламаларына инженерлiк желiлер мен әкімшілік ету коммуникацияларды салу жөніндегі департа. және қайта жаңарту жоба. менттерi, Астана ларын дайындау. Әлеуметтік қаласының Көлiк сала және қалалық, шаруашы. және коммуникация лық объектілерін салу және басқармасы қайта жаңарту жөнiндегi шараларды әзірлеу және жүзеге асыру 12. Сауда және қызмет көрсету. құрылыс Астана қаласының 2003-2005 ші, көліктің аялдау алаңы және Сәулет және Астана ж.ж. ішінде және тұрағы, қазіргі қайта қаласын дамыту тұрақты заманғы гараждар объектi. жаңарту. бағдарламаларына лерi желiлерiн сала дың әкімшілік ету отырып, жаңа құрылыс бекітіл. жөніндегі департа. аудандарында қазiргi ген менттері, Астана заманғы әлеуметтiк сызбасы қаласының Көлік қызмет көрсетушi инфра. және коммуникация құрылымдарды қалыптастыру басқармасы жөніндегі жүйелi жұмыстар. ды қамтамасыз ету 13. Бұзу кезінде босатылатын көрік. Астана қаласының 2003 жылдың учаскелердегі тұрғын үй тендіру Сәулет, коммунал. бірінші құрылысының жаңа аумағын және көгал. дық шаруашылық тоқсаны және кешендi көрiктендiру және дандыру департаменттері 2003-2005 көгалдандыру сызба- сызба. ж.ж. ішінде нұсқасын дайындау. Суды нұсқасы тұрақты төмендету және нөсерлi кәрiз желiлерiн кеңейту жөніндегi шараларды жүзеге асыру _________________________________________________________________________ IV. Бағдарламаларды жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету, қалалық ведомстволар мен қызметтердің жұмыстарын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар _________________________________________________________________________ 14. Тұрғын үй құрылысын Астана Астана қаласының 2003 жылдың ипотекалық несиелеумен, қаласы Экономика, Сәулет бірінші сауда және қызмет көрсету әкімі. және қала құрылысы тоқсаны және объектілерін салумен нің департаменттерi, 2003-2005 ж.ж. айналысатын әлеуеттi аппара. Астана қаласының ішінде тұрақты құрылысшылар мен инвестор. тына сауда жөніндегi лар арасында тұсау-кесер есеп, басқарма шараларын өткiзе отырып, БАҚ-на қарқынды бұзу бағдарлама. ақпарат ларын жарнамалық-ақпарат. тық қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды дайындауды жүзеге асыру 15. Мүдделi қалалық ведомство. Астана Астана қаласының 2003 жылдың лардың қатысуымен жаңа қаласы Сауда жөніндегi бірінші құрылыс жобаларының әкімі. басқармасы, Астана тоқсаны қойылымын және әлеумет. нің қаласының Сәулет тiк-қызмет көрсету аппара. және қала құрылысы, инфрақұрылымы объектi. тына Астана қаласының лерiнiң дамуын көрсететін есеп, Коммуналдық шаруа. ескi және жекелеген жеке БАҚ-на шылық департамент. тұрғын үйлердi бұзу ақпарат тері бағдарламасының көрме- тұсау-кесерiн дайындау 16. Елiмiз аймақтарымен Астана Астана қаласының 2003 жылдың экономикалық ынтымақтас. қаласы Экономика, Астана екiншi тоқсаны тық туралы келiсімдерді әкiмi. қаласының тұрғын жүзеге асыру аясында жер нің үй және Астана учаскелерiн жаңартудың аппара. қаласын дамыту "Жаңа астана - қалалық тына бағдарламаларына ортаны қайта жаңғыртудың форум. әкiмшiлiк ету және жаңалаудың жаңа дардың жөніндегi кезеңi" атты бизнес-форум өткізіл. департаменттерi, мен жәрмеңке дайындау гені Астана қаласының және оны өткiзу туралы Сыртқы экономикалық есеп байланыстар комитетi 17. Ескі және жекелеген жеке Астана Мемлекеттiк меке. 2003 жылдың тұрғын үйлерді бұзу қаласы мелер және Астана бiрiншi кезiнде босатылған аумақ. әкімінің қаласының тоқсаны және тардың шаруашылық игерілуі аппаратына қызметтері жыл сайын жөніндегi кешендi iс- шаралар шараларды әзiрлеудi жүзеге жоспарын, асыру, инженерлiк желiле. оның рдi, коммуникацияларды орындалуы және әлеуметтiк саладағы туралы объектiлердi дамыту ақпарат жөнiндегi үйлестiру жұмыстарын қамтамасыз ету _________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.