Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға өкiлеттік берілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН
СЛОВЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ
САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Словения Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын),
- теңдiкке және өзара тиiмдiлiкке негiзделген ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды және кеңейтудi ниет ете отырып;
- осы келiсiм екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың берiк және үйлесiмді дамуы әрi сан алуандығы үшiн тиiстi және тұрақты негiз болып табылатынына сенiмдi бола отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың одан әрi дамуына жәрдем ететiн, қолдайтын және жылжытатын болады. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне және осы елдерде қолданылатын ұлттық заңнамаларға сәйкес екi мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалары арасындағы экономикалық байланыстардың әртүрлi нысандарына ықпал ететiн, сондай-ақ өзара келiсiм арқылы осы ынтымақтастықтағы кез-келген кедергiлердi еңсеретiн болады.
2-бап
1. Уағдаласушы Тараптар бiр бiрiне өздерiнiң аумақтарынан шығатын тауарлар үшiн ұлттардың аса қолайлы режимiн ұсынатын болады. Бұл ереже экспорттан, импорттан алынатын және оларды алу тәсiлдерiндегі ұқсас сипаттағы кеден баждарына және басқа да төлемдерге қатысты, сондай-ақ экспорт пен импортқа қатысты барлық ережеге және ресмилiктерге қатысты қолданылатын болады.
2. Дегенмен, бiрiншi тармақтағы ережелер:
а) Уағдаласушы Тараптар шекара өңiрiндегi тасымалдарды жылжыту мақсатымен кез келген көршi мемлекетке ұсынған немесе ұсынатын басымдықтарға;
б) Уағдаласушы Тараптар кеден одағы және/немесе еркiн сауда аймағы
және/немесе аймақтық ықпалдастық жөнiндегi халықаралық шарттар
шеңберiндегi ынтымақтастық негiзiнде үшiншi бiр мемлекетке ұсынған немесе
ұсынатын басымдықтарға қолданылмайды.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар өз өкiлеттiктерi шеңберiнде екi мемлекет
арасында сауда және басқа да экономикалық ынтымақтастық нысандарын, атап
айтқанда, экономикалық, өнеркәсiптiк, техникалық және ғылыми-технологиялық
саладағы ынтымақтастықты дамыту үшiн тұрақты жағдайларды қамтамасыз етуге
ұмтылатын болады.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұлттық заңнамаға және экономикалық бағдарламаларға қатысты ақпарат, сондай-ақ өзара мүдделi басқа да ақпарат алысуды қолдайтын болады.
5-бап
1. Егер, коммерциялық мәмiледе тараптар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар арасында өзгеше көрсетiлмесе, екi мемлекет арасындағы тауарларға барлық төлемдер мен ақша аударымдары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес және халықаралық рыноктың бағалары мен стандартты шарттарына сәйкес еркiн айналатын валютамен жүзеге асырылатын болады.
2. Осы Келiсiм шеңберiндегi есеп шоттар Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қатысушы жеке және заңды тұлғалар арасындағы өзара келiсiм негізiнде банк практикада қабылдаған кез келген халықаралық есептеме түрi бойынша реттелуi мүмкiн.
6-бап
Тауарлардың өзара жеткiзiлiмi Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамасына және бағаға, сапаға, жеткiзiмдерге және төлем шарттарына қатысты белгіленген коммерциялық практикаға сәйкес Уағдаласушы Тараптардың жеке және заңды тұлғалары арасында жасалған келiсiм-шарттарға негiзделетiн болады.
7-бап
1. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасын ұстана отырып, жәрмеңкелер, мамандандырылған көрмелер және басқа да осындай iс-шаралар ұйымдастыруда бiр бiрiне көмек көрсететiн болады.
2. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың аумағынан шығатын, тегiн үлгiдегi жарнама материалының импортын, сондай-ақ сатуға арналмаған, жәрмеңкелер мен көрмелер үшiн тауарлар мен жабдықтарды кеден бажынан және басқа да осындай сипаттағы алымдардан босатуға келiстi.
8-бап
1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарын iске асыру мақсатында екi мемлекет өкiлдерiнен тұратын Бiрлескен Комиссия құруға келiстi.
2. Бiрлескен Комиссия жылына бiр рет немесе қажеттiлiгiне қарай, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң сұратуы бойынша Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнде, кезегiмен, кездесулер өткiзетiн болады.
3. Бiрлескен Комиссия екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдем ету және кеңейту үшiн:
а) екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты қолдаудың және дамытудың жолдары мен құралдарын қарайтын;
б) сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында екi мемлекет арасында жасалған халықаралық шарттардың, уағдаластықтардың немесе басқа келiсiм-шарттардың орындалуының жылжуын, сондай-ақ осындай келiсiмдердi орындау процесiнде туындауы мүмкiн проблемаларды шешудi ұсынатын;
в) сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатын салаларды
айқындайтын, сондай-ақ екi мемлекеттiң құзыреттi органдарына ұсынымдар
беретiн;
г) екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа кедергi болатын
проблемаларды айқындайтын және оларды шешудiң шараларын ұсынатын болады.
4. Бiрлескен Комиссия Рәсiмдер ережесiн қабылдауы мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар жасасқан басқа халықаралық шарттарға
нұқсан келтiрмейтiн болады.
10-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен реттелетiн болады.
11-бап
1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын, тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмнiң кез-келген ережесiне өзгерiстер енгiзе алады. Мұндай хаттамалар 12-баптың 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн болады.
2. Осы Келiсiм мерзiмiнiң өзгеруi немесе өтуi осы Келiсiмнiң қолданыста болатын мерзiмi iшiнде екi елдiң шаруашылық жүргізушi субъектiлерi арасында жасалған шарттардың орындалуына кедергi келтiрмейтiн болады.
12-бап
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiн хабардар еткен соңғы хабарлама алынғаннан бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм екi жыл бойы күшiнде болады және ұзақтығы бiр жыл
кейiнгі кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады. Уағдаласушы Тараптардың
әрқайсысы өзiнiң осындай ниетi туралы басқа Уағдаласушы Тарапты жазбаша
нысанда хабардар ету жолымен осы Келiсiмнiң күшiн тоқтатуы мүмкiн. Осындай
хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Келiсiмнiң
күшi жойылады.
_______________________ қазақ, словен, орыс және ағылшын тiлдерiнде
екi данада жасалды және барлық мәтiндер бiрдей. Түсiндiру кезiнде
алшақтықтар болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi
мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Словения Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.