Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-таиланд үкіметаралық бірлескен комиссиясының бірінші отырысын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 қазан N 1132

      Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      1) 2002 жылғы 21-22 қазан кезеңінде Астана қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-таиланд үкіметаралық бірлескен комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) бірінші отырысын өткізсін;
      2) Комиссия отырысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру және протоколдық іс-шараларды қамтамасыз етсін;
      3) Комиссияның бірінші отырысын өткізу үшін, оның ішінде Комиссияның таиланд бөлігі мүшелерінің тұруына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен 190000 (бір жүз тоқсан мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі осы іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін

қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады