"ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамына "Амангелдi" газ кен орнын игеруге уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 1139 Қаулысы

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Орман қоры санатындағы жерлерден өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығынан тыс мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын:
      Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi Мойынқұм мемлекеттiк мекемесiнiң Төменгi Шу орманшылығының жерлерiнен жалпы алаңы 1842 (бiр мың сегiз жүз қырық екi) гектар, оның iшiнде: 914 (тоғыз жүз он төрт) гектар жайылымдық, 928 (тоғыз жүз жиырма сегiз) гектар орман орналасқан жерлер;
      Жамбыл облысының Талас ауданындағы орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi Ақкөл мемлекеттiк мекемесiнiң Аққұм және Кеңес орманшылығының жерлерiнен жалпы алаңы 2227 (екi мың екi жүз жиырма жетi) гектар, оның iшiнде: 614 (алты жүз он төрт) гектар жайылымдық, 1613 (бiр мың алты жүз он үш) гектар орман орналасқан жерлер.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жерлердi Жамбыл облысы Мойынқұм және Талас аудандарының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен 83879712 (сексен үш миллион сегiз жүз жетпiс тоғыз мың жетi жүз он екi) теңге мөлшерiндегi орман шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабы республикалық бюджетке аударылғаннан кейiн "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамына 31 жыл мерзiмге Амангелдi кен орнын игеруге уақытша жер пайдалану құқығымен берсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады