Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі делегациясының 2002 жылғы 26-27 маусымда Алматы қаласында тұрғаны үшін 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 298545 (екі жүз тоқсан сегіз мың бес жүз қырық бес) теңге сомасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шығыстарын өтесін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі