Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы N 356 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 5 қараша N 1171

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк азық-түлiк резервiне 2002 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы N 356 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "450000 (төрт жүз елу мың) тонна көлемiндегi" деген сөздер "500000 (бес жүз мың) тоннаға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн" деген сөздер "қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "153740 (бiр жүз елу үш мың жетi жүз қырық) тоннаға дейiнгi көлемдегi үшiншi сыныптан төмен емес дәнiнiң маңызы 25 %-дан кем емес жұмсақ сортты азық-түлiктiк бидай астығын 1663774280 (бiр миллиард алты жүз алпыс үш миллион жетi жүз жетпiс төрт мың екi жүз сексен) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 10822 (он мың сегiз жүз жиырма екi) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы;
      30000 (отыз мың) тоннаға дейiнгi көлемдегi үшiншi сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түлiктiк бидай астығын 348000000 (үш жүз қырық сегiз миллион) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 11600 (он бiр мың алты жүз) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы;
      2000 (екi мың) тоннаға дейiнгi көлемдегi үшiншi сыныпты күрiш астығын 30920000 (отыз миллион тоғыз жүз жиырма мың) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 15460 (он бес мың төрт жүз алпыс) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы;
      60000 (алпыс мың) тоннаға дейiнгi көлемдегi екiншi сыныпты арпаны 371040000 (үш жүз жетпiс бiр миллион қырық мың) теңге сомасына қосымша құн салығын қоса алғанда және қосымша құн салығын төлемейтiн бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосымша құн салығын қоспай есептелген табиғи салмақтың бiр тоннасын 6184 (алты мың бiр жүз сексен төрт) теңгеден кем емес баға бойынша, франко-элеватор қағидасымен - күзде тiкелей сатып алу арқылы қамтамасыз етсiн";
      көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк азық-түлiк резервiне 2002 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың ережесiнде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Күзде сатып алынатын астық мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) бiр тоннасының бағасы 10822 (он мың сегiз жүз жиырма екi) теңге бойынша үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiктiк бидай:
      1. Табиғи салмақ, г/л                730-дан кем емес
      2. Ылғалдығы, %                      13,5-тен көп емес
      3. Дән маңызының жалпы үлесi, %      25-тен кем емес
      4. Дән маңызының сапасы, тобы        II-ден төмен емес
      5. Мөлдiрлiгi, %                     50-ден кем емес
      6. Түссiздiгi (дәреже)               1-ден төмен емес
      7. Арамшөп қоспасы, %                1-ден көп емес
      8. Дән қоспасы, %                    3-тен көп емес
      9. Зиянкестермен дерттенуiне жол берiлмейдi;
      2) бiр тоннасының бағасы 11600 (он бiр мың алты жүз) теңге бойынша үшiншi сыныптан төмен емес қатты сортты азық-түлiктiк бидай:
      1. Табиғи салмақ, г/л                745-тен кем емес
      2. Дән маңызының жалпы үлесi, %      25-тен кем емес
      3. Мөлдiрлiгi, %                     70-тен кем емес
      қалған сапа көрсеткiштерi ҚP СТ 1046-2001-ге сәйкес;
      3) бiр тоннасының бағасы 15460 (он бес мың төрт жүз алпыс) теңге бойынша үшiншi сыныпты күрiш астығы:
      1. Ылғалдығы, %                      14,0-ден көп емес
      2. Арамшөп қоспасы, %                2,0-ден көп емес
      3. Дән қоспасы, %                    6,0-ден көп емес
      4. Қызыл дәндер, %                   7,0-ден көп емес
      қалған сапа көрсеткiштерi ҚР СТ 1019-2000-ға сәйкес;
      4) бiр тоннасының бағасы 6184 (алты мың бiр жүз сексен төрт) теңге бойынша екiншi сыныпты арпа:
      1. Табиғи салмақ, г/л                620-дан кем емес
      2. Ылғалдығы, %                      14,5-тен көп емес
      3. Арамшөп қоспасы, %                2-ден көп емес
      4. Дән қоспасы, %                    5-тен көп емес
      қалған сапа көрсеткiштерi МЕМСТ 28672-90-ға сәйкес.".
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиic.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады