Қазақстан Республикасы мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасында басқарылатын ядролық синтез саласындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасында басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға уәкілеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАСҚАРЫЛАТЫН ЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Контекске орай осында және сол сияқты бұдан әрi "Тарап" және "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр тараптан, және осында және сол сияқты бұдан әрi "ЕУРАТОМ" деп аталатын Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық екiншi тараптан,
1995 жылғы 23-қаңтарда қол қойылған Еуропалық қоғамдастық пен оның мүшелерi және Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен әрiптестiк туралы келiсiм туралы еске сала отырып;
әлеуеттi экологиялық қолайлы, экономикалық тиiмді және шын мәнінде шектелмейтiн энергия көзi ретiнде ядролық синтез энергиясын алуға ықпал етудi қалай отырып;
синтез жөнiндегі ЕУРАТОМ бағдарламасы тороидальдық магниттiк ұстауға негізделген кең әрi толық көлемдi бағдарлама болып табылатынын атап көрсете отырып;
Қазақстанның ядролық синтез саласындағы бағдарламасы Қазақстандағы ғылым және синтез технологиясы саласындағы айрықша ғылыми жетiстiктермен байланысты мамандандырылған бағдарлама болып табылатындығын атап көрсете отырып;
Тараптардың бақыланатын ядролық синтез саласында жұмыс iстейтiн ғылыми топтары арасында барынша тығыз байланыстар орнату кезiнде алынатын өзара артықшылықтарды түйсіне отырып;
Тараптар арасында бақыланатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастықты тұрақты консультациялар арқылы нығайту туралы шешiм қабылдай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Бұл Келiсiмнің мақсаты Тараптар арасындағы синтез реакциясы негізінде энергетикалық жүйелердiң ғылыми түсiнiгi мен технологиялық мүмкiндiктерiн дамыту үшін өзара тиімдi негізде синтез бойынша олардың бағдарламасына сәйкесiнше кiретiн салаларда ынтымақтастықты қолдау және күшейту болып табылады.
2-бап
Осы Келiсiм бойынша ынтымақтастық мынадай салаларда жүзеге асырыла алады:
(а) плазманы ұстап тұруды, токты тасымалдауды, қыздыруды және peттey жүйесiн (радиожиіліктi қыздырудың тиiстi жүйесін әзiрлеудi қоса алғанда) және магниттiк қондырғылардағы диагностика жүйесiн тәжiрибелiк және теориялық зерделеу;
(б) синтез технологиялары;
(в) қолданбалы плазма физикасы;
(г) бағдарламаны жоспарлау және жүзеге асыру;
(д) келiсiм бойынша басқа да салаларда.
3-бап
2-бапта көрсетiлген салалардағы ынтымақтастық мынадай қызмет түрлерiн қамти алады:
(а) ақпарат алмасу және беру;
(б) персонал алмасу және беру;
(в) әртүрлi деңгейлердегі кездесулер;
(г) эксперименттер жасау мен баға беру үшін үлгiлер, құрал-саймандар және жабдықтар алмасу және беру;
(д) бiрлескен зерттеулер мен қызметке қатысу;
(е) қажет жағдайда, үшiншi Тарапты қамтитын термоядролық бағдарламаларға немесе жобаларға үшiншi Тараптың келiсуi шартымен кез келген Тарапты қатысуға тарту;
(ж) келiсiм бойынша басқа да қызмет.
4-бап
1. Қажет болған жағдайда, айрықша бiрлескен iс-қимылдар жөніндегi атқарушылық уағдаластықтар:
Осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген кез келген басқа ұйым атқарушы органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен
ЕУРАТОМ немесе осыған ЕУРАТОМ уәкiлеттiк берген синтез бағдарламасы бойынша ЕУРАТОМ бағдарламасы шеңберiнде онымен байланысты кез келген ұйым арасында жасалуы тиiс.
2. 3-бапта аталған қызметтi орындау үшiн қажеттi қаулылар мен шарттар атқарушылық уағдаластықтарда айқындалуы тиiс және оларда:
а) бiрлескен жеке iс-қимылдарға арналған айрықша бөлiктер, рәсімдер мен қаржылық ережелер;
б) жеке ұйым немесе жұмыс iстеушi тұлға үшiн тиiстi қызметтi жедел басқару жөнiндегi міндеттердi белгiлеу;
в) ақпараттың таратылуына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға қатысты егжей-тегжейлi ережелер болуы тиiс.
3. Әрбiр Тарап жұмыстың қайталануын азайту үшiн осы Келiсiм бойынша өзiнiң iс-қимылдарын екiншi Тарап қатысушы болып табылатын басқарылатын ядролық синтез саласындағы зерттеулерге және әзiрлемелерге байланысты басқа халықаралық қызметпен тиiстi түрде үйлестiруi тиiс.
5-бап
1. Тараптар осы Келiсiмнің орындалуын үйлестіру және бақылау мақсатында Үйлестiру Комитетiн ұйымдастыруы тиiс. Тараптардың әрқайсысы Үйлестiру Комитетiне мүшелердiң бiрдей санын тағайындауы және олардың бiреуiн Делегация басшысы етiп тағайындауы тиiс. Үйлестiру Комитетi жыл сайын кезектесiп Еуропалық Қоғамдастықта және Қазақстан Республикасында немесе басқа кез келген келiсiлген мерзiм мен жерлерде бас қосуы тиiс. Қабылдаушы Тараптың Делегация басшысы кездесуде төрағалық етуi тиiс.
2. Үйлестiру Комитетiнiң функциялары:
а) осы Келiсiм бойынша ынтымақтастықтың жай-күйiне баға берудi;
б) Тараптардың тиiстi бағдарламалары бойынша дербес шешiмдер қабылдауына нұқсан келтiрмей, осы Келiсiмнің 2-бабында келтiрiлген салаларда орындау үшiн арнайы тапсырмалар белгілеудi қамтуы тиiс.
3. Yйлестiру Комитетiнiң барлық шешімдерi бiр ауыздан қабылдануы тиiс.
4. Yйлестiру Комитетiнiң кездесулерi арасындағы кезеңге әрбiр Тарап осы Келiсiм бойынша ынтымақтастықпен байланысты барлық iстерде оның атынан әрекет ететiн Атқарушы Хатшыны тағайындауы тиiс. Атқарушы Хатшылар мұндай ынтымақтастықтың ағымдағы жүзеге асырылуы үшiн жауапты болуы тиiс.
6-бап
Ынтымақтастық нәтижесінде пайда болатын барлық шығыстарды, егер де атқарушы органдар керiсiнше шарттаспаса, оларды туындатқан Тарап жабуы тиiс.
7-бап
Осы Келiсiм бойынша бiрлескен қызметпен байланысты өнеркәсiптiк меншiктi, патенттер мен авторлық құқықтарды қоса алғанда, ақпарат пен зияткерлiк меншiк құқықтарын пайдалану және тарату осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын Қосымшаларға сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
8-бап
Осы Келiсiмде ешнәрсе де Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы қазiргi бар немесе болашақ уағдаластықтарға зиян келетiндей етiп түсiндірiлмеуi тиiс.
9-бап
1. Осы Келiсiм бойынша Тараптардың iс-қимылдары тиiстi қаржы қаражатының бар-жоғымен айқындалады.
2. Осы Келiсiм бойынша ынтымақтастық қатысушы елде қолданылатын заңнамаға сәйкес болуы тиiс.
3. Әрбiр Тарап қатысушы елдiң қолданылып жүрген заңнамасы шеңберiнде тұлғалардың жылжуына, ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн қажетті материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға және ақшалай қаражатты аударуға байланысты рәсiмдердi орындауға ықпал етуге барынша күш салуы тиiс.
4. Осы Келiсiмді орындау нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыру қолданылып жүрген заңдар мен нормаларға сәйкес жүргiзiлуі тиiс.
10-бап
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес осы Келiсiмге байланысты барлық мәселелердi Тараптар өзара консультациялар жолымен шешуге тырысулары тиiс.
11-бап
1. Осы Келiсiм Тараптар дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы оның күшiне енуi үшiн анықтаған сәттен бастап күшiне енедi және 10 жыл қолданыста болады.
2. Осы Келiсiм, егер Тараптардың бipeyi кезектi кезең аяқталғанға дейiн алты ай қалғанда Келiсімнің қолданылуын тоқтату немесе оны қайта қарау ниетi туралы жазбаша мәлімдемесе, келесi бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
3. Бұзылған немесе қайта қаралған жағдайда осы Келiсiм бұзылу немесе қайта қарау туралы талап қою алдында орындалу күйіндегi бiрлескен қызметке қатысты және осы Келiсімнің 4-бабында көрсетілгендей атқарушылық уағдаластықтарға қатысты осындай қызмет пен уағдаластықтардың мерзiмi аяқталғанға дейiн бұрынғыдай түрде күшінде қалады.
4. Осы Келiсiмнің бұзылуы осы Келiсімнің 7-бабында баяндалған құқықтар мен мiндеттерге әсерiн тигiзбейдi.
12-бап
Егер сөз ЕУРАТОМ туралы болса, осы Келiсiм, Атом Энергиясы жөнiндегі Еуропалық Қоғамдастық құру туралы шарт қолданылатын аумақтарға және толық құқықты үшіншi мемлекет ретінде "Community Fusion Рrogram-ға" қатысатын елдердің аумақтарына қолданылады.
13-бап
Осы Келiсiм қазақ, орыс, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс, грек, итальян, португал, испан және швед тілдерiнде екi данада жасалды, және де барлық мәтіндердің күшi бiрдей.
__________________ жылғы "___" _______________
жасалды.
Қазақстан Атом Энергиясы жөнiндегi
Республикасының Еуропалық Қоғамдастық
Yкiметi үшiн үшін
1-ҚОСЫМША
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАСҚАРЫЛАТЫН ЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ БОЙЫНША БIРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДЕН ТУЫНДАЙТЫН ЗИЯТКЕРЛIК МЕНШIК ҚҰҚЫҚТАРЫН БӨЛУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАР (*)
I. ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ, БӨЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
1. Осы Келiсiмге сәйкес жүргiзiлген барлық жұмыстар "бiрлескен зерттеулер" болып табылуы тиiс. Қатысушылар бiрлескен жұмыс процесiнде пайда болатын ақпарат пен зияткерлiк меншiктi (ЗМ) иеленуге және жариялауды қоса алғанда, пайдалануға қатысты бiрлескен "Технологиялық ұйымдастыру жоспарларын" (ТҰЖ)(**) бiрлесiп әзiрлеуi тиiс. Мұндай жоспарларды Тараптар өздерiне қатысты ЗӘ (зерттеу және әзірлеу) ынтымақтастығы жөнiндегi кез келген ерекше келiсiм-шарт жасасу алдында бекiтуi тиiс. ТҰЖ әзiрлеу кезiнде бiрлескен жұмыстардың мақсаттары, қатысушылардың тиiстi үлестерi, аумақ бойынша немесе пайдалану саласы бойынша лицензиялаудың артықшылықтары мен кемшiлiктерi, тиiстi заңдармен қойылатын талаптар және қатысушылардың пікiрi бойынша қаралуы тиiс басқа да факторлар назарға алынуы қажет. Бiрлескен ТҰЖ-да ЗМ-ге қатысы бойынша iссапарда болған зерттеушiлердің жүргiзген жұмыстарына қатысты құқықтар мен міндеттердi де қарау қажет.
_________________________________
(*) Осы жетекшi қағидаттарға жататын тұжырымдамалардың анықтамасы II қосымшада берiлген.
(**) Әрбiр TҰЖ-ның айрықшаланған ерекшелiктерi III қосымшада берiлген.
2. Бiрлескен жұмыс процесінде туындаған, бiрақ ТҰЖ-да қамтылмаған ақпарат немесе ЗМ Тараптардың келiсiмiмен ТҰЖ-да белгiленген қағидаттарға сәйкес таратылуы тиiс. Келiспеушiлiк туындаған жағдайда мұндай ақпарат немесе ЗМ, нәтижесiнде осы ақпарат немесе ЗМ алынған бiрлескен зерттеулерге қатысқан барлық қатысушылардың бiрлескен меншiгi болуы тиiс.
Осы ереже қолданылатын әрбiр қатысушы осы ақпаратты немесе ЗМ-дi географиялық шектеулерсiз өздерiнiң жеке коммерциялық мақсаттарына пайдалануға құқылы болуы тиiс.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тарап пен оның қатысушыларының осы принциптерге сәйкес оларға тиесiлi ЗМ құқығына ие болуын қамтамасыз етуi тиiс.
4. Осы Келiсiм қамтитын салалардағы бәсекелестiк шарттарын қолдай отырып, әрбiр Тарап осы Келiсiмге сәйкес берiлген құқықтардың:
(i) Келiсiм бойынша жасалған, жария етілген немесе қандай да бiр басқа тәсiлмен алынған ақпаратты таратуға және пайдалануға;
(ii) халықаралық стандарттарды қабылдауға және орындауға көмектесуiн қамтамасыз етуге күш салуы тиiс.
II. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН ТУЫНДЫЛАР
Тараптарға немесе олардың қатысушыларына тиесiлi авторлық құқықтармен жұмыс "Әдеби шығармаларды қорғау туралы Берн Конвенциясына " (1971 жылғы Париж Актiсi) сәйкес келуi тиiс.
III. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИ ЖҰМЫСТАР
Егер ТҰЖ-да өзгеше келiсiлмесе, жұмыс нәтижелерiн жариялауды Тараптар бiрлесiп немесе осы бiрлескен зерттеулерге қатысушылар III параграфтың қолданылуына нұқсан келтiрмей орындауы тиiс. Бұрынғы жалпы тәртiпке бағына отырып, мынадай рәсiмдер қолданылуы тиiс:
1. Бейнематериалдар мен бағдарламалық өнімдердi қоса алғанда, дерек көзi осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер болып табылатын ғылыми немесе техникалық журналдарды, мақалаларды, баяндамаларды, кiтаптарды Тараптар немесе Тараптардың қоғамдық құрылымдары жариялаған жағдайда екiнші Тараптың бүкiл дүние жүзiне тарайтын, эксклюзивтік емес, бөлiп жаруға болмайтын, роялти төлеуден босатылған, мұндай бiрлескен зерттеулердi аударуға, жаңадан өндiруге, бейімдеуге, бepyгe және көпшiлікке таратуға арналған лицензияға құқығы болуы тиiс.
2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер нәтижесiнде пайда болған және тәуелсiз баспагерлер жариялаған ғылыми сипаттағы әдеби жұмыстардың неғұрлым кең таралуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Көпшiлiкке таратылатын және осы ережеге сәйкес дайындалған авторлық жұмыстардың барлық көшiрмелерiнде, егер автор аты аталуынан өзi әдейi бас тартпаса, жұмыс авторларының аты болуы тиiс. Онда сондай-ақ Тараптардың бiрлескен қолдауы анық көрсетiлген тануы болуы тиiс.
IV. ҚҰПИЯ АҚПАРАТ
А. Құжатталған құпия ақпарат
1. Әрбiр Тарап немесе оның қатысушылары жағдайлардың оңтайлы келуiне қарай, ол/олар осы Келiсiмге қатысты құпия сақтағысы келетiн ақпаратты мүмкіндiгінше ертерек және технологиялық ұйымдастырушылық тұрғыда, басқаларынан бөлек мынадай өлшемдердi назарға ала отырып анықтаулары тиiс:
- ақпараттың тұтас алғанда да, кез келген бөлек құрамда да немесе бөлiктерiн бiрiктiргенде де жалпыға танымал немесе осы саланың мамандары үшiн заңды жолдармен қол жеткiзімдi болып табылатындай мәндегі құпиялылығы;
- құпиялылығы арқасында ақпараттың көкейкесті немесе әлеуеттi коммерциялық құндылығы;
- ақпаратты заңды жолмен бақылайтын тұлға оның құпиялылығын сақтау үшiн жағдайларға орайластырылған шаралар қолдану мәніндегi ақпаратты алдын ала қорғау.
Белгiлi бiр жағдайларда Тараптар мен қатысушылар, егер өзгеше келiсiлмесе, осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеулер процесiнде барлығы толықтай немесе iшiнара алынған, қайта алынған немесе жасалған ақпараттың халыққа жария етілуi мүмкiн еместiгiне уағдаласа алады.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарап үшiн осы Келiсiм бойынша құпия ақпараттың және соған сай, оның ерекше артықшылықты құпиялы табиғатының тез танылуын, мысалы, тиiстi белгiлер немесе шектеу жазбалары арқылы танылуын қамтамасыз етуi тиiс. Мұның сондай-ақ аталған ақпаратты кез келген қайта жаңартуға, толығымен және бөліктер бойынша да, қатысы бар.
Осы Келiсiмге сәйкес құпия ақпаратты алушы Тарап оның ерекше артықшылықты табиғатын назарға алуы тиiс. Бұл шектеулер осы ақпарат иесi осы саланың сарапшылары үшiн оны шектеулерсiз жария еткеннен кейiн өзiнен өзi алынады.
3. Осы Келiсiм бойынша берiлетін құпия ақпарат алушы Тарапқа жататын немесе олар жалдаған және алушы Тараптың бiрлескен зерттеулерге қатысуға ерекше уәкілеттiк берiлген басқа тиiстi бөлiмдерiнiң және органдарының адамдары арасында, осылайша кез келген құпия ақпарат жоғарыда көрсетілгендей құпиялылығы және жеңiл танылуы туралы Келiсiмге бағынуы шартында таратылуы мүмкін.
4. Осы Келiсiм бойынша құпия ақпараты берушi Тараптың алдын ала жазбаша келiсуiмен алушы Тарап мұндай құпия ақпаратты алдыңғы 3 параграфта рұқсат етiлгендегiден кеңiрек тарата алады. Тараптар мұндай кең таратылым үшiн сұрау салу мен алдын ала жазбаша рұқсат алу үшiн бiрлесе отырып рәсімдердi әзiрлеуi тиiс және әрбiр Тарап бұған оның ұлттық саясаты, құқық тәртiбi мен заңнамасы кедергі келтiрмейтiндіктен оған рұқсат бередi.
В. Құжатталмаған құпия ақпарат
Осы Келiсiм бойынша ұйымдастырылған семинарларда немесе басқа да кездесулерде берілетiн құжатталмаған құпия немесе басқа да құпия халыққа жария етiлмеген немесе ерекше артықшылықты ақпарат, немесе персоналды тағайындау, жабдықтарды пайдалану нәтижесiне немесе бiрлескен жобалар нәтижесінде туындаған ақпарат Тараптармен немесе олардың қатысушыларымен Келiсiм бойынша құжатталған ақпарат үшiн белгiленген қағидаттарға сәйкес, алайда, осындай құпия халыққа жария етiлмеген және ерекше артықшылықты ақпаратты тiкелей беру сәтiнде алушыны берiлетiн ақпараттың құпия сипаты туралы хабардар ету шартында қаралуы тиiс.
С. Бақылау
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнің шеңберінде өзiнiң алған құпия ақпаратының онда көрсетiлгендей бақылануын қамтамасыз етуге тырысуы тиiс. Егер Тараптардың бiреуiне А және В параграфтарындағы таратпау туралы ереженi орындай алмайтындығы немесе орындай алмайтын жағдайда екендiгiн болжауға негiз бар екендiгi белгiлi болса, ол екiншi Тарапты тез арада хабардар етуi тиiс. Бұдан әрi Тараптар iс-әрекеттiң тиiстi бағытын анықтау жөнінде уағдаласуы тиiс.
2-ҚОСЫМША
АНЫҚТАМАЛАР
1. Зияткерлік Меншік: 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қол қойылған Зияткерлiк Меншiк жөнiндегi Дүниежүзiлiк Ұйымды құрған Конвенцияның 2-бабында берiлген анықтаманың мәніне ие.
2. Қатысушы: Тараптардың өздерiн қоса алғанда, осы келiсiм бойынша жобаға қатысатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.
3. Бірлескен зерттеулер: Тараптардың бiрлескен жарналарымен және қажет жерде екi Тараптың қатысушыларымен ынтымақтастық жасасып орындалған және/немесе қор құрылып жүргiзiлген зерттеулер.
4. Ақпарат: Бірлескен зерттеулер нәтижесiнде алынған ғылыми және техникалық деректер, зерттеулер мен әзiрленімдердiң нәтижелерi немесе әдiстерi, және осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылған зерттеулер бойынша бірлескен зерттеулерге тартылған Тараптардың және/немесе қатысушылардың пiкiрлерi бойынша алмасу және қамтамасыз ету қажет деп саналатын кез келген ақпарат.
3-ҚОСЫМША
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫНЫҢ (ТҰЖ)
АЙЫРМАШЫЛЫҚТЫ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
ТҰЖ қатысушылар арасында бiрлескен зерттеулердi жүргізу және қатысушылардың тиiстi құқықтары мен міндеттерi жөнінде өзара жасалынатын ерекше Келiсiм болып табылады. ТҰЖ-да әдетте ЗМ-ге қатысты иелену, қорғау ЗӘ (зерттеу және әзiрлеу) бойынша мақсаттарға арналған пайдалану құқықтары, бiрлескен жарияланымдар жөнiндегi уағдаластықтарды қоса алғанда, пайдалану және тарату, iссапардағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерi және келiспеушiлiктердi ретке келтiру рәсiмi қаралады. ТҰЖ-да сондай-ақ негiзгi және қосалқы ақпарат, лицензиялау және күтiлетiн нәтижелер қаралуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегі Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюдың келiсiлген хаттамасы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Атом Энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық арасындағы басқарылатын ядролық синтез саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге Тараптар орындауға мақұлдаған рәсiмдердi өткiзудi бастау тәртiбiмен осы күнмен қол қойылды.
2. Келiсiмге қол қою, ресми бақылау органдарының қайта қарауын қоса алғанда, Тараптар орындауы тиiс бұрын мақұлданған рәсімдер бойынша нәтижелерге әсер етпейдi.
2000 жылғы 27 маусымда Брюссель қаласында жасалды.
Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасының
Вице-Президентi Энергетика, индустрия және
Лойола Паласио ханым сауда министрi