Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 28
қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының мәселелерi" туралы 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Toқaeв - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер
министрi, төраға;
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары;
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Бiлiм және ғылым министрi;
Қанешев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Бiржан Бисекенұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi;
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Әбiш Кекiлбайұлы Кекiлбаев, Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Ермұхамет Қабиденұлы Ертiсбаев, Ерлан Әбiлфайызұлы Ыдырысов.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi