"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1203

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба         

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 28
қыркүйектегi N 691 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының мәселелерi" туралы 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Toқaeв                  - Қазақстан Республикасының
      Қасымжомарт Кемелұлы      Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан
                                Республикасының Сыртқы iстер
                                министрi, төраға;

      Мұхаметжанов            - Қазақстан Республикасы
      Бауыржан Әлiмұлы          Премьер-Министрінің орынбасары,
                                төрағаның орынбасары;

      Беркiмбаева             - Қазақстан Республикасының
      Шәмша Көпбайқызы          Бiлiм және ғылым министрi;

      Қанешев                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
      Бiржан Бисекенұлы         Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                                меңгерушiсi;

      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Әбiш Кекiлбайұлы Кекiлбаев, Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Ермұхамет Қабиденұлы Ертiсбаев, Ерлан Әбiлфайызұлы Ыдырысов.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады