Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 қараша N 1232

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз көмек беру туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қол қойылсын.

      2. Қазақстан-қытай үкіметаралық комиссиясының қазақстандық бөлігінің тең төрағасы міндетін атқарушы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады