Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 123 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 желтоқсан N 123а

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 123 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
      1) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      1-тармақтағы "1288 (бip миллион екi жүз сексен сегiз мың теңге)" деген сөздер "1228 (бiр миллион екі жүз жиырма сегiз мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электрондық пошта және Интернет бойынша қызметтер. Бөлiп берiлген желi бойынша Интернет желiсiне қосылу. Модем - 3 дана, картридж - 15 дана. Компьютерлiк және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету. Газетте компьютерлiк және желiлiк жабдықтарды мемлекеттiк сатып алу жөнiнде тендер өткiзу туралы хабарландыру жариялау.";
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      "Бағдарламаны iске асыру жөніндегi шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "1 сервер, 18 компьютер, 1 сканер, 1 ксерокс, 15 принтер, 28 үздiксiз қуат беру көзi, 1 - HUB 24 port, 5-санаттағы кабель - 1400 м, патчкорд (3 метрлік), RJ-45 ұштықтары - 10 дана, кабельдiк қораптар - 200 м, 40 - 90 градустық бұрыштар, 21 розетка, 50 дана RG-45 коннекторын сатып алу. Желiлер, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу: сканер үшiн - мәтiн тануға - 1,28 пайдаланушыға арналған вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету - 1. Жергілікті желі құру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады