Қазақстан Республикасының меншігіне Швейцария Конфедерациясында жер телімін сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 қараша N 1240

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесі мен басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілі резиденциясының ғимаратын онда кейін салу үшін Женева қаласы, (12) Chemin du Prunier 1218 GRAND-SACONNEX мекен-жайы бойынша орналасқан алаңы 2050 шаршы метр жер телімін Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы ұсынысы қабыл алынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шет елдерде жылжымайтын мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жер телімін сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төленетін күнге белгілеген бағам бойынша 1455000 (бір миллион төрт жүз елу бес мың) швейцария франкіне баламалы сомада қаражат бөлсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады