Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 қараша N 1270

      Сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - мекемелер) құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/7 түзеу мекемесi;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң 3K-169/5 түзеу мекемесi.

      2. Мекемелердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) мекемелердің жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуін қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
       Ескерту. 1)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің   2004.03.17. N
330  қаулысымен .
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады