Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 2765 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Санкт-Петербург қаласында Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, Санкт-Петербург қаласында Жамбыл Жабаевқа ескерткішті жобалау, дайындау және қою, сондай-ақ іргелес аумақты көркейту жөніндегі мәселелерді шешсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі