"1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшіншi елдерге әкетiлетiн тауарлардың керi экспортын кедендiк бақылау туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 желтоқсан N 1334

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшiншi елдерге әкетiлетiн тауарлардың керi экспортын кедендік бақылау туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшінші елдерге әкетiлетiн тауарлардың керi экспортын кедендік бақылау туралы хаттаманы бекiту туралы

      2001 жылғы 22 мамырда Мәскеу қаласында жасалған 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшінші елдерге әкетілетін тауарлардың кері экспортын кедендiк бақылау туралы хаттама бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын және үшіншi eлдерге әкетілетiн тауарлардың керi экспортын кедендік бақылау туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкіметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжікстан Республикасының Үкiметі,
      1994 жылғы 15 сәуiрдегi Тауарлардың керi экспорты және керi экспортқа рұқсат берудiң тәртiбi туралы келiсiмнiң (бұдан әрі - Келiсiм деп аталады) ережелерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1996 жылғы 29 наурыздағы Қырғыз Республикасының Кеден одағы туралы келiсiмдерге қосылуы туралы шартты, 1999 жылғы 26 ақпандағы Тәжiкстан Республикасының Кеден одағы туралы келiсімдерге қосылуы туралы шартты негiзге ала отырып,
      бiр бiрiне сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өзара мүдделердi қамтамасыз етуде және қорғауда жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып,
      мына төмендегілер туралы келістi:

1-бап

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Келiсiмде және 1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік заңдарының негiздерiнде белгiленген мәндердегі негізгі ұғымдар пайдаланылады.
      Жасырын керi экспорт ретiнде Тараптардың бiрінің мемлекетiнiң аумағынан Тараптар керi экспорты тек тиiстi түрде ресімделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін тауарлардың тізіміне енгізілген, Тараптардың бiрінің мемлекетiнің кедендік аумағынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерінің аумағынан тыс жерлерге экспортшы елдiң аумағына еркiн айналым үшiн шығарылған тауарларды әкету ұғылады.
      Тауарлардың шығарылған елi, егер тауар мұндай тауарды экспорттаушылар/импорттаушылар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттiң резиденттерi болып табылатындығы-табылмайтындығына қарамастан көрсетiлген Ережелермен белгiленген шығарудың өлшемдерiне сәйкес келетiн болса Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерінің басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың ережелерiне сәйкес айқындалады.

2-бап

      Тараптар керi экспорты тек тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмiне енгiзген тауарларды Тараптар мемлекеттерінің шегінен тыс жерлерге әкету кезіндегі жасырын керi экспортқа қатысты Келiсiмде керi экспорт үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын болады.

3-бап

      Тараптар бiр-бiрiне:
      тауарлардың керi экспорты мәселелерi бойынша қажеттi құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың мөрлерi мен қолдарының үлгiлерiмен бiрге өз елiнiң уәкiлетті органының толық атауы мен мекен-жайын;
      тауар шығарылған елдiң уәкiлеттi органының керi экспорттауға рұқсат беруінің тәртiбiн белгiлейтiн нормативтік құқықтық кесiмдердi ұсынатын болады.

4-бап

      Керi экспорттауға рұқсат етілген тауарды әкетудiң шектi мерзiмi тауар шығарылған елдiң уәкілеттi органы керi экспорттауға рұқсат берген күннен бастап бiр жылдан аспауы тиiс.

5-бап

      Тараптар мемлекеттерінiң кеден органдары керi экспорты тек тиiстi түрде ресімделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзіміне енгiзген әкетілетін тауарлардың шыққан тегiн бақылайды.

6-бап

      Керi экспорттаушы мемлекеттердiң орталық кеден органдары тауарлар шығарылған елдің орталық кеден органдарына керi экспорттау Тараптар мемлекеттерінің орталық кеден органдарының өзара келiсiмі бойынша белгiленген тәртiпке сәйкес тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың iс-жүзiнде әкетiлгендiгi туралы хабарлайды.

7-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiруге және қолдануға қатысты кез келген даулар мен келiспеушiлiктер Тараптардың арасындағы келiссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады.

8-бап

      Тараптардың өзара келісiмi бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресiмделетiн, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

      Осы Хаттама оның мақсаты мен қағидаттарын бөлiсетiн, сондай-ақ ол бойынша өзiне толық көлемде мiндеттемелер қабылдауға дайын Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттің оған қосылу үшiн ашық. Қосылу Тараптардың келісiмiмен, қосылатын мемлекетпен жеке Хаттамада айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

10-бап

      Осы Хаттама Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша құлақтандыруды алған күннен бастап күшiне енеді.
      Кез келген Тарап өзiнiң осы Хаттамаға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн алдын ала реттеп, шығардан кем дегенде үш ай бұрын депозитарийге өзiнiң ниетi туралы жазбаша құлақтандыру жолдай отырып осы Хаттамадан шыға алады.
      2001 жылғы 22 мамырда Мәскеу қаласында орыс тілiндегi бір түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дананы оның расталған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн депозитарий сақтайды.

      Беларусь Республикасының
      Yкiметi үшін

      Қазақстан Республикасының
      Yкіметi үшін

      Қырғыз Республикасының
      Yкiметi үшін

      Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшін

      Тәжікстан Республикасының
      Үкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады