Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1348. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1095 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1095 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 
2002 жылғы 23 желтоқсандағы    
N 1348 қаулысымен бекiтiлген   

  Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын
қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары

      Осы Біліктілік талаптары өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялық қызметпен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және оған мыналарды қамтиды:
      1) өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау:
      заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс;
      субъектiнің жобалау жұмыстарын орындау үшiн нормативтік-техникалық базасы (әдебиетi) болуы тиiс;
      2) өрт дабылы және өртке қарсы автоматика құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника, өрттен қорғану жабдықтары мен құралдарын шығару:
      заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық бiлiмi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау немесе монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы техника немесе өрттен қорғану құралдарын аудару мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы, белгiленген тәртiппен тiркелген ұйымдар берген электр кернеуi бар жабдықпен жұмыс iстеуде білімінің тексерiлгенi туралы белгiленген үлгiдегі құжаты болуы тиiс;
      субъектiнің санитарлық және өртке қарсы талаптарға жауап беретiн үй-жайлары, өнiмдi шығаруға арналған жабдығы (немесе оларды жалдауға арналған шарты), белгiленген тәртiппен бекiтiлген шығарылатын немесе шығару жоспарланып отырған өнiмге арналған техникалық құжаттамасы (техникалық шарттары, конструкторлық құжаттамасы, паспорты немесе нұсқаулығы), сондай-ақ құрастырылатын (шығарылатын) өнiмнiң сапасын тексеруге арналған қондырғысы болуы тиiс;
       3) (алынып тасталды)
      Ескерту. 3) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N  867 қаулысымен.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады