Қазақстан Республикасы Yкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1360

       Ақмола облысының аумағында iрi ауқымды табиғи өрттерден зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң тiршiлiгiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақмола облысының әкiмiне облыс аумағында iрi ауқымды табиғи өрттердi жою кезiнде келтiрілген шығындардың орнын толтыруға 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 99800000 (тоқсан тоғыз миллион сегiз жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Ақмола облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгіне орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады