Сот шешiмдерiн орындау үшiн, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне сот шешiмдерi бойынша 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн 2690392,5 (екi миллион алты жүз тоқсан мың үш жүз тоқсан екi теңге елу тиын) бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1361 қаулысына қосымша
Орындалуға тиiстi азаматтық iстер
бойынша сот шешiмдерiнің тiзбесi
------------------------------------------------------------------
P/c! Сот органының ! Талапкердің !Мемлекеттiк ! Мемлекеттік
N ! атауы және шыққан !тегі, аты-жөнi! бажды ! баж (теңге)
!шешiмнің шыққан күні! !шегергендегі!
! ! !сома (теңге)!
------------------------------------------------------------------
1. Шығыс Қазақстан Болгова О.И. 421 732 -
облысының Глубоков.
ский аудандық
сотының 2001 ж.
27.09. шешiмi
2. Жамбыл облысының Габермель Н.Н. 270 549,5 -
Тараз қалалық
сотының 2000 ж.
03.08. шешiмi
3. Атырау облысының Ефимова Е.А. 670 958 -
Атырау қалалық
сотының 2000 ж.
08.09. шешiмi
4. Алматы қаласының Гончарова А.С. 927 153 -
Әуезов аудандық
сотының 2001 ж.
03.01. шешiмi
5. Маңғыстау облысының Қалелов Н.Н. 400 000 -
Ақтау қалалық
сотының 2001 ж.
03.07. шешiмi
Жиыны 2 690 392,5 -
Жалпы сомасы 2 690 392,5
------------------------------------------------------------------