"T-95,4 шынжыр табанды трактор өндiрiсiн ұйымдастыру" жобасын iске асыру кезiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 желтоқсан N 1372

      Жүргiзiлген қарыз берушiнi ауыстыру шеңберiнде T-95,4 тракторларын лизинг арқылы сатып алу жөнiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Эскимбанкi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазақстан Эскимбанкi" ЖАҚ) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      жылдық 3 (үш) пайызға дейiн Кредиттiк шарт жасасқан күннен бастап өзiнiң пайдасына алынатын сыйақы мөлшерiн азайту бөлiгiнде "T-95,4 шынжыр табанды трактор өндiрiсiн ұйымдастыру" жобасы шеңберiнде "Қазақстантрактор" ашық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - "Қазақстантрактор" AAҚ) жасалған 2000 жылғы 20 наурыздағы N 5-16/КД-в кредиттiк шарттың (бұдан әрi - Кредиттiк шарт) талаптарын қайта қарауды жүзеге асыру;
      өз пайдасына сыйақы есептеудi T-95,4 тракторларының әр бiрлiгiн лизингке нақты беру сәтiнен бастап "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ) лизингке берген T-95,4 тракторларының өтелмеген құнының сомасына жүргiзу ұсынылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы тармақтың үшiншi абзацына сәйкес қайта қаралған 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 120 жеткiзiлiм шарты бойынша "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ-тың "Қазақстантрактор" ААҚ-тың алдындағы берешегінің көрсетiлген мәмiле жасалған күнгі тең мөлшерiнде 398 Т-95,4 тракторларын кепiлдiкке берiп, осы қаулының 1-тармағына сай қайта қаралған Кредиттiк шартқа сәйкес T-95,4 тракторларының өндiрiсiн ұйымдастыруға "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ берген кредиттi қайтару бойынша "Қазақстантрактор" ААҚ-тың ақшалай мiндеттемелерiнiң бiр бөлiгiн "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ-қа аудару жөнiнде "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ-тың, "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-тың (келiсiм бойынша) және "Қазақстантрактор" ААҚ-тың (келiсiм бойынша) мәмiле жасасуын;
      "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ-пен, "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-пен (келiсiм бойынша), "Қазақстантрактор" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ "Қазақстантрактор" ААҚ-тың атына берген кредиттi қайтару жөнiнде "Қазақстантрактор" ААҚ-тың ақшалай мiндеттемелерiнiң бiр бөлiгiн "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ-қа аударуды жүзеге асыру кезiнде осы тармақтың екiншi абзацына сәйкес 2000 жылғы 3 мамырдағы N 9-16/Кел. келiсiмнiң және 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 120 жеткiзiлiм шартының талаптарын тиiсiнше қайта қараудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикаcының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады