"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1383

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне келесi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегi "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-бет., 1999 ж., N 21, 744-бет., 2000 ж., N 13-14, 172-бет; 2001 ж., N 17-18, 241-бет; 2002 ж., N 17, 155-бет):
      1) 2-баптың 1-тармағында "мүмкiншiлiктерiн" деген сөзден кейiн "немесе мүлiктiк пайданы алу үшін олар өздерiнiң өкiлеттiктерiн өзгеше пайдаланулары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 3-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi
      1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтары үшiн мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар осы Заңның негiзiнде жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамдарға:
      1) барлық лауазымды адамдар, соның iшiнде Парламент пен мәслихат депутаттары;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы Заңына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
      3. Мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамдарға:
      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
      2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзін-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
      4) мемлекеттiк ұйымдардың және жарғылық капиталында мемлекеттiк меншiктің жиынтық үлесi отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардың басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.
      4. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық субъектiлерiнiң қатарына лауазымды және мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi өзге адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды адамдар да жатады.";
      3) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауаптылық пен жаза тиесiлi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде көзделедi.";
      4) 6-бапта 3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңда белгiленген мерзiм iшiнде оларды қарау қорытындылары туралы хабарлауға мiндеттi.";
      5) 11-бапта:
      атауында "немесе жекжаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта "(ата-аналары, ерлi-зайыптылар, аға-iнiлерi, апа-сіңлiлерi, балалары) немесе жекжаттары (ерлi-зайыптылардың аға-iнілерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және балалары)" деген сөздердi "(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнілерi мен апа-сiңлiлер, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 12-бапта 1-тармақтың 10) тармақшасында "бұзу" деген сөз "әлденеше рет бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 13-бапта 1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "шетелдiк (халықаралық)" және "шетелдiк әрiптестерiнiң шақыруы бойынша" деген сөздер жойылсын;
      "қоғамдық бiрлестiктердің (қорлардың)" деген сөздер "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) мынадай мазмұндағы 13-1 баппен толықтырылсын:
      "13-1 бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртіптік жаза қолданудың мерзiмдерi:
      1. Мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн осы терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей тәртiптiк жаза белгiленедi және терiс әрекет жасаған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлсе, жаза қолдану мүмкiн емес болып табылады.
      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, алайда мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не тәртiптiк терiс қылықтың сипаттары болса, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жаза қолданылуы мүмкiн.";
      9) 14, 15, 16-баптар, 17-баптың 2-тармағы жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-бет; 2000 ж., N 13-14, 170-бет):
      1) 10-бапта:
      3-тармақта "(ата-анасы, жұбайы, аға-інісi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе жекжаттары (аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, жұбайының ата-аналары мен балалары)" деген сөздердi "(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнілерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      5) тармақшада "бiр жыл" деген сөздер "екi жыл" деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған";
      2) 28-баптың 1-тармағында "мiндеттердi орындамағаны" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
      "28-1-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданудың мерзімдерi
      1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн осы терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрілмей тәртiптiк жаза белгiленедi және терiс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан кешiктiрілсе, жаза қолдану мүмкiн емес болып табылады.
      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, алайда адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не тәртiптiк терiс қылықтың сипаттары болса, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жаза қолданылуы мүмкiн.".

      3. 1997 ж. 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-бет; 1998 ж., N 16, 219-бет; N 17-18, 225-бет; 1999 ж., N 20, 721-бет; N 21, 774-бет; 2000 ж. N 6, 141-бет; 2001 ж., N 8, 53, 54-бет; 2002 ж. N 4, 32, 33-бет; N 17, 155-бет):
      1) 41-бапта:
      екiншi бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн - белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейінгi мерзiмге белгiленедi.";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Осы Кодекстiң 176-бабының үшiншi бөлiгiнде "г" тармағында, 193-бабының үшiншi бөлiгiнде "а" тармағында, 209-бабының үшiншi бөлiгiнде "а" тармағында, 307-бапта, 308-бапта төртiншi бөлiгінде "в" тармағында, 310-315 баптарда, 380-бапта көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып танылады.";
      2) 77-баптың үшiншi бөлiгiнде e) тармағында "қылмысы" деген сөзден кейiн "сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 129-баптың үшiншi бөлiгi "аса ауыр" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) 176-баптың үшiншi бөлiгi:
      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) егер өзiнiң қызметтік орнын пайдалана отырып, мемлекеттiк қызмет атқаратын адам не оған теңестiрілген адам";
      "үш жылға" деген сөз "г) тармағында көзделген жағдайда жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 193-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерге көзделген әрекеттердi:
      а) егер өзiнiң қызметтiк орнын пайдалана отырып, мемлекеттiк қызмет атқаратын адам не оған теңестiрiлген адам;
      б) ұйымдасқан топ;
      в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде-
      жасаса, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал егер а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      6) 209-бапта:
      екiншi бөлiкте б) тармағында "лауазымды" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
      а) егер өзiнің қызметтiк орнын пайдалана отырып, мемлекеттiк функцияларды атқаратын адам не оған теңестiрiлген адам;
      б) ұйымдасқан топ-
      жасаса, белгiлі бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылып, үш жылдан сегiз жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал егер а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      7) 224-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк ұйым қызметшiсiнiң" деген сөздер "мемлекеттiк функцияларды атқаратын адам болып табылмайтын мемлекеттiк органның немесе мемлекеттiк ұйымның қызметкерi немесе оған теңестiрiлген адам" деген сөздерге ауыстырылсын;
      8) 228-баптың ескертуi мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттiк меншiктiң сомалық үлесi отыз бес және одан астам пайыз құрайтын, мемлекеттiк орган, жергiлiктi басқару органы немесе ұйымы болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық міндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.";
      9) 13-тараудың атауы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстар";
      10) 307-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "307-бап. Қызмет өкілеттiгiн терiс пайдалану
      1. Мемлекеттiк қызмет атқаратын адам не оған теңестiрiлген адам немесе жеке басына, өзге адамға не ұйымға пайдакүнемдiк пен артықшылық алу немесе өзге адамдарға не ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өз қызметтiк өкілеттiгiн қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы азаматтардың не ұйымдардың немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса,-
      жүзден екi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет -
      бес жүзден сегiз жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту:
      1. Мемлекеттiк қызмет туралы заңға сәйкес лауазымды адамдар мен барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамдарға жатады.
      2. Мемлекеттiк қызмет атқаруға өкiлеттi адамдарға:
      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
      2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi мен Мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң қаражатынан, мемлекеттiк органдар немесе жергiліктi өзін-өзi басқару органдары құратын бюджеттен тыс қорлардың қаражатынан төленетін қызметшiлер;
      4) мемлекеттiк ұйымдардың және жарғылық капиталында мемлекеттiк меншiктiң жиынтық үлесi отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардың басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.
      3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады.
      4. Мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызметтердi атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда белгiленген мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси лауазымында iстейтiн адамдар жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар деп түсiнiледi.";
      11) 308-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану
      1. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалануы, яғни мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның құқықтары мен өкілеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң Заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы,-
      eкі жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бip лауазымды атқару немесе белгілі бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет-
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөліктерiнде көзделген әрекеттер:
      а) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса;
      б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы жасалса;
      в) жеке басына, өзге адамға не ұйымға пайдакүнемдiк пен артықшылық алу немесе өзге адамдарға не ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса;
      г) ауыр зардаптарға әкеп соқса,-
      жетi жылға дейiнгі мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      12) 310-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "310-бап. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу
      1. Мемлекеттік қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы ұйымды құруы, не мұндай ұйымды басқаруға тiкелей өзi немесе заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, сенiм білдiрген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңiлдiктер және басымдықтар берумен немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса,-
      жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, 10 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Лауазымды адамдардың мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiгiн тапсыруға әкеп соғатын әрекеттердi жасауы,-
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.";
      13) 311-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "лауазымды адамның" деген сөздер "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш жылға дейінгi" деген сөздер "бес жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "Лауазымды адамның алуы" деген сөздер "Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты алуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үш жылға дейiнгі" деген сөздер "жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "үш жылға" деген сөздер "жетi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертудегi 2-тармақта "лауазымды адамның" деген сөз "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 312-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "лауазымды адамға" деген сөз тиесiлі "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте "Оның жасағаны үшiн" деген сөздер "сол сияқты пара берудi жасағаны үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертуде "лауазымды адамға", "лауазымды адаммен", "лауазымды адамның" деген сөздер "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамға", "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрілген адаммен" және "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 314-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "лауазымды адамның, сондай-ақ лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң" деген сөздер "мемлекеттiк қызмет атқаратын не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "пайдакүнемдiкпен немесе өзге де жеке мүддесiнде" деген сөздер "жеке басына, өзге адамға не ұйымға пайдакүнемдiк пен артықшылық алу немесе өзге адамдарға не ұйымдарға зиян келтiру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2 және 3 бөлiктермен толықтырылсын:
      "2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаса,-
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      16) 315-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
      1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк қызмет атқаратын адамның немесе оған теңестiрiлген адамның жеке басына, өзге адамға не ұйымға пайдакүнемдiк пен артықшылық алу немесе өзге адамдарға не ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса,-
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Нақ сол әрекеттi жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаса,-
      бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      17) 349-бап мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "349-бап. Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату
      1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақтар жасау мақсатында коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын атқарушы адамға оның келiсiмiнсiз ақша беруге, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылық жасауға тырысу әрекеттерi,-
      жүзден үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлiктерiн тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк қызмет атқаратын немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер-
      "349-бап. Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату
      1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни қылмыстың жасалуына не бопсалауға қолдан айғақтар жасау мақсатында коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын атқарушы адамға оның келiсiмсiз ақша беруге, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылық жасауға тырысу әрекеттерi,-
      жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлiктерiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк қызмет атқаратын немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер-
      екі жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не мүлiктерiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      18) 351-баптың екiншi бөлiгi "адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 352-баптың екiншi бөлiгi "адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 354-баптың төртiншi бөлiгiнде "аталған адамдардың" деген сөз "сол сияқты сыбайлас жемқорлық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 1997 ж. 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-бет; 1998 ж., N 23, 416-бет; 2000 ж., N 3-4, 66-бет, 141-бет; 2001 ж., N 8, 53-бет; N 15-16, 239-бет; N 17-18, 245-бет; N 21-22, 281-бет; 2002 ж., N 4, 32-33-бет; N 17, 155-бет):
      1) 192-баптың 4-1 бөлiгiнде "307-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "307-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 267-1-баппен толықтырылсын:
      "267-1-бап. Халықаралық iздестiрудi жариялау
      1. Халықаралық iздестiрудi жариялауға негiздер болған жағдайда прокурордың санкциясы бойынша қылмыстық қудалау органы айыпталушыға халықаралық iздестiрудi жариялау туралы жеке қаулы шығарылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынған адамға халықаралық iздестiрудi жариялауға санкция беруге Бас Прокурор мен оның орынбасарлары құқылы.".

      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылықтар кодексi  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-бет; N 17-18, 241-бет; N 21-22, 281-бет; 2002 ж., N 4, 33-бет; N 7, 155-бет):
      1) 55-баптың бiрiншi бөлiгi "бұзғаны" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 69-бапта:
      екiншi бөлiгi "саласында" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сол сияқты" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi бөлiгiнде "бiр айдан" деген сөздер "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 534-бапта:
      екiншi бөлiгiнде:
      "жыл" деген сөз "үш жыл" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi жеке тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге материалдық игiлiктер берген, қызмет көрсеткен, жеңiлдіктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды адамдар жауаптылыққа тартылмайды, егер оларға қатысты мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкілеттi тұлғалардың немесе оған теңестiрiлген адамдардың тарапынан бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды адамдар болған жағдай туралы құзыреттi органдарға өз еркімен он күн мерзiм iшiнде мәлiмдесе.";
      4) 536-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "он бес" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 537-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "ақпарат" деген сөз "құқықтық статистика және ақпарат органдарына" деген сөзбен толықтырылсын.

      6. 1999 ж. 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-бет; 2001 ж., N 23, 309-бет):
      1) 94-бапта бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      2-1) "қатаң сөгiс";
      2) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
      "95-1-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолданудың мерзiмдерi
      1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей тәртiптiк жаза тағайындалады және терiс қылық жасалған күннен бiр жыл кешiктiрiлсе, жаза қолданылмайды.
      2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, алайда адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не тәртiптiк терiс қылықтың сипаттары болса, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрілмей тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады