Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 138 P020138_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн: 1) 1-тармақтағы "25" деген сан "26" деген санмен ауыстырылсын; 2) осы қаулының қосымшасына сәйкес 26-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 138а қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы N 138 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi 2002 жылға арналған 081 "Орта бизнестің өндiрiстiк және өнеркәсiптік-ұқсату секторларының кәсiпорындарын екiншi деңгейдегі банктер арқылы несиелендiру" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Бюджет бағдарламасының құны: 618400 мың теңге (алты жүз он сегіз миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтік құқықтық негізi: "Қаржы ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтік Республикасының Yкiметі арасындағы займ туралы Келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Z980330_ Заңы; "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялар Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң P001963_ қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландырудың көзi: үкіметтiк сыртқы займ
қаражаты. 4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Екіншi деңгей банктерi арқылы жеңiлдiктi несие ұсыну жолымен бәсекеге жарамды шағын және орта кәсiпорындарды қолдау. 5. Бюджет бағдарламасының мiндеті: Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртібiмен екіншi деңгей банктерi арқылы шағын және орта кәсiпорындарды несиелеу. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламаның !Бағдарламаны іске !Iске ! Жауапты !ламаның!бағ. !атауы (кiшi бағ. !асыру жөніндегі !асыру ! орындаушы !коды !дар. !дарлама) !іс-шара (кіші !мерзiмi! ! !лама.! !бағдарлама) ! ! ! !ның ! ! ! ! ! !коды ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 081 Орта бизнестiң өндiрiстiк және өнеркәсiптiк-ұқсату секторларының кәсiпорындарын екiншi деңгейдегі банктер арқылы несиелендiру 080 Жобаны iске асыру Екiншi деңгей 2002 жыл Қазақстан сыртқы займдар банктерi арқылы iшiнде Республика. есебiнен шағын және орта сының кәсiпорындарға Экономика несиелердi ұсыну және сауда министрлiгі --------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: 2002 жылғы республикалық бюджетте көзделген, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестi жеңiлдету несие қаражатын жеткiзу жолымен қолдау. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.