"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1414

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

   Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне
сақтандыру мәселелерi бойынша
өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,  N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 16-баптың 2 тармағындағы "Үкiметi" деген сөз "заң актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) жеке нотариустардың өздерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әдiлет органдарына хабарлайды.";
      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) жеке нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаратын және жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзатын жеке нотариустарға шаралар қабылдайды;".

      2. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат):
      8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) азаматтық-құқықтық жауапкершілiктi міндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндетті сақтандыру туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;";

      2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады