Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне банк қызметi,
валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат):
3-баптың 1-тармағы "салықтық" деген сөзден кейiн "кедендiк, валюталық" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "(заттай немесе ақша түрiнде)" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ 180 күннен астам мерзiмге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшiн төлемдi кейiнге қалдыруды не аванстық төлемдi көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша жүргiзiлетiн, капитал қозғалысына байланысты операциялар үшiн Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында анықталған мерзiм" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлерi лицензиялауға жатады:
1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыру және қызметтер көрсету;
2) резиденттердiң мыналар:
банктер;
резидент жеке тұлғалар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кiретiн және рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi бар елдердiң шетелдiк банктерiнде, сондай-ақ жұмыс iстеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша жүргендер ашатын шоттарды қоспағанда, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерi мен өзге де қаржы институттарында шоттар ашуы (Қазақстан Республикасының валютасымен шотты қоса алғанда);
3) мыналарды:
банктердiң дилерлік қызметiн;
Қазақстан Республикасының валюталық және банктік заңдарында белгiленген талаптарға жауап беретiн резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестицияларды;
нәтижесiнде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестицияланатын объектiнiң дауыс беретiн акцияларының 50 және одан көп процентi (қатысушылар дауысының 50 және одан көп процентi) тиесілі болатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кiретiн елдердiң және/немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттар жасасқан елдердiң жаңадан құрылған және жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаларына инвестицияларды қоспағанда, резиденттердiң шет елдерге инвестициялары;
4) резиденттердiң резидент еместердiң пайдасына жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктердi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқығын ауыстыруды көздейтiн мәмілелерге ақы төлеуге аударымдары;
5) резиденттердiң резидент еместердің пайдасына 180 күннен астам мерзiмге тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн аванстық төлем жасауды, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортқа шығарылған күннен бастап резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортына валюталар түсiм алу мерзiмiн 180 күннен асыруды көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн аударымдары;
6) егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кетсе, резиденттердiң резидент еместерден тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жекелеген тауарлар экспорты бойынша төлемдер алуы;
7) резиденттердiң (банктерден басқа) резидент еместерге 180 күннен астам мерзiмге кредиттер беруi;
8) резиденттің резидент еместен кредит ретiнде алатын шетел валютасын валюта заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшіншi тұлғалардың шоттарына eceптeуi;
9) резиденттiң резидент емеске валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға бepуi.
Рейтингтiк агенттiктердің тiзбесiн және ең төменгi талап етiлетiн рейтингтi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Валюта заңдарында лицензиялауға жататын валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың ең төменгi сомасы белгiленуі мүмкін.";
3) 15-баптың бесiншi бөлiгi мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жасауға лицензиялар берудiң, олардың қолданылуын тоқтатудың тәртiбi, рәсiмдерi мен шарттары, сондай-ақ жүзеге асыру жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары валюта заңдарымен белгiленедi";
4) 21-баптың 1-тармағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "таратылғанда" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарғанда".
3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
30-баптың 4-тармағында:
а) тармақшасы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"а) Қазақстан Республикасының және рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингi болмағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша - делдалдық;";
б) тармақшасы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"б) Қазақстан Республикасының және рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингi болмағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiмi бойынша, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлiк;";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн және осы бапта көзделген ең төменгi талап етiлетiн рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.".
4. "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20, 722-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "120" деген сан "180" деген санмен ауыстырылсын;
2) 1-1-баптың 9) тармақшасында:
екiншi абзац "тауарға" деген сөздiң алдынан "жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"резиденттің резидент емеске (резидент еместiң резидентке) қызмет көрсетуiн (жұмысты орындауын), сондай-ақ резиденттiң резидент емеске (резидент еместiң резидентке) жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктердi уақытша иелену әрi пайдалану құқығын және зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн пайдалану құқығын берудi көздейтiн мәмiлелер;";
3) 1-2-бапта:
2-тармағындағы "валюталық операциялар" деген сөздердiң алдынан "резиденттер мен резидент еместер арасындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жылжымайтын заттарға теңестірiлген мүлiктердi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарға ақы төлеуге аударымдар;";
6) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға бepуi";
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн аванстық төлем жасауды көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резидент резидент еместiң пайдасына аударған валютаны резидент емес мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында өзге мерзiм белгiленбесе, аударым жасалған күннен бастап 180 күннен кешiктiрмей резиденттiң алуы және олардың уәкілеттi банктердегi шоттарына есепке алынуы тиiс.
7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндетті түрде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерiндегi шоттарға аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, сондай-ақ оған төленген ақша сомасына баламалы тауарды алмау не валюта заңдарында белгiленген мерзiмдерде импорттық мәмiлелер бойынша ақшаны қайтармау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.";
4) 8-баптың 1-тармағындағы "осы Заңның 4-бабына сәйкес бұл резиденттiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алған лицензиясында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының валюта заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 1-тармағындағы "жүргiзедi" деген сөздiң алдынан ", Қазақстан Республикасының (Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 12-баптағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
7) 14-бап алынып тасталсын.
5. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
38-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бенефициар валюта заңдарында көзделген қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну бойынша iс-әрекеттердi жасамаған кезде алушы банк жөнелтушiнің алынған нұсқауларын қабылдауға және 180 күнтiзбелiк күн бойы сақтауға мiндеттi.
Бенефициар осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi 180 күнтiзбелiк күн iшiнде орындамаған жағдайда, алушы банк жөнелтушiнiң мұндай нұсқауын орындамай қайтаруға мiндеттi.";
3-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті