"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1416

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актерлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық
кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "е-1) ипотекалық облигациялар ұстаушылардың мүдделерін бiлдiруге;";
      2) 30-баптың 2-тармағының и) тармақшасындағы "және құнды қағаздарды" деген сөздер ", құнды қағаздарды және ипотека заемдары бойынша талап ету құқықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 74-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банктiң тарату, конкурстық массасына ипотекалық облигациялар: ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары бойынша талап ету құқығы, осындай шарттар бойынша ипотекалық куәлiктерi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкі енгiзiлмейдi. Көрсетiлген мүлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ипотекалық облигациялардың иелерiмен - кредиторларымен есеп айырысу үшiн жiберiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат):
      1) 1-баптың:
      5) тармақшасындағы "айқындау туралы" деген сөздер "қамтамасыз ету туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) ипотекалық заем - осы немесе өзге де жылжымайтын мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жылжымайтын тұрғын үйдiң құрылысын салу не оны сатып алу және/немесе жөндеу мақсатында берiлетiн банктiк заем;
      5-2) ипотекалық тұрғын үй заемы - осы тұрғын үйдiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген тұрғын үйдiң құрылысын салу не оны сатып алу және/немесе жөндеу мақсатында берiлетiн банктiк заем;";
      2) 7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы)";
      3) 12-бап
      1-тармақтағы "ордерлiк" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Ипотекалық тұрғын үй заемы немесе оның бiр бөлiгi бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бiр жылжымайтын кепiл мүлкiне қатысты бiреуден артық ипотека куәлiгі жасалмайды";
      4) 13-баптың 1-тармағында:
      6) тармақшадағы "процентiнiң" деген сөз "сыйақының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "процентiн", "процент" деген сөздер "сыйақысын", "сыйақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап eтуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi шартта өзгеше көзделмеген болса, мiндеттеменiң тиiстi бөлiгінiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке белгi қоюын талап етуге құқылы. Кез келген жағдайда, мiндеттеменiң бiр бөлiгiнiң орындалғаны туралы белгі жылына кемiнде бiр рет қойылуы мүмкiн емес. Ипотекалық куәлiктi жаңа иесiне берген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгі мiндеттi түрде қойылады.";
      6) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Индоссант, егер мемлекеттiк тiркелуге дейiн ипотека куәлiгiнде "маған қайтып келмейдi" деген жазба жасаған жағдайда, ипотека куәлiгі бойынша құқықты жүзеге асыруға жауап бермейдi";
      7) 18-баптың:
      1-тармағындағы "берiлу арқылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "ипотека куәлiгiн" деген сөздер "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 21-баптың:
      3-тармағының 1) тармақшасындағы "процент есептелетін", "проценттің" деген сөздер "сыйақы есептелетiн", "сыйақының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың екiншi бөлiгіндегi "процент" деген сөз "сыйақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) егер ипотека ипотекалық тұрғын үй заемының мiндеттемесi бойынша қамтамасыз ету болып табылса, жол берiлмейдi.";
      9) 22-баптағы "кепiлмен қамтамасыз етілген мiндеттеменi немесе оның орындалуы кейiнге қалдырылған бөлiгін" деген сөздер "кепiл ұстаушының ипотекалық шарттың талаптарына сәйкес оны қанағаттандыру сәтiндегi көлемде талабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 25-баптың 1-тармағындағы:
      1) тармақшадағы "сенiм бiлдiрген тұлға" деген сөздер "кепiл берушi мiндеттемелердi орындамаған сәттен бастап отыз күн iшiнде сенiм бiлдірген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "екi айдан" деген сөздер "отыз күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "бiр ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 28-баптың:
      1-тармағындағы "бiр ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екiншi бөлігіндегi "бiр ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 32-баптың 3-тармағының:
      екiншi бөлiгi "кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi" деген сөздерден кейiн "тұрғын үй сатып алу-сату шартын жасау арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.";
      13) 36-баптың 4) тармақшасындағы "кепіл берушiге" деген сөздердiң алдында "сатылатын мүлiкке" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 20-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 71-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кредиторлар талаптарының тізілімiне ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары бойынша, осындай шарттар бойынша ипотекалық куәлiктерi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша талап ету құқықтарының кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигациялар иелерiнiң талаптары кiрмейдi.";
      2) 74-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Конкурстық массаға ипотекалық облигациялар: ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары бойынша талап ету құқығы, осындай шарттар бойынша ипотекалық куәлiктерi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Көрсетiлген мүлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ипотекалық облигациялардың иелерiмен - кредиторларымен есеп айырысу үшiн жiберiледi.".

      4. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат):
      1) кiрiспедегi "бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналыста болуы" деген сөздердiң алдынан "эмиссиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы он төртiншi жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "ипотекалық облигация - ипотекалық заем шарттары, осындай шарттар бойынша ипотекалық куәлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;";
      3) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      "17-1-бап. Ипотекалық облигациялар мен эмитент мүлкiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигацияларын ұстаушылардың өкiлi
      1. Ипотекалық облигациялар мен эмитент мүлкiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигацияларын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өкiлi жүзеге асырады.
      2. Өкiлдiң кандидатурасын эмитент таңдайды және уәкiлеттi органмен келiседi.
      3. Ипотекалық облигациялар мен эмитент мүлкiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигацияларын ұстаушылар өкiлiнiң қызметi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен реттеледi.".

      5. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат):
      1) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ипотекалық тұрғын үй заемы есебiнен толық немесе жартылай сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап меншiк иесiнiң кредитордың келiсiмiнсiз заемды толық өтегенге дейiн осы тұрғын үйдi билеуге құқығы жоқ.";
      2) 30-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайларды қоспағанда, меншiк құқығы тоқтатылуы бұрынғы меншiк иесiнiң кәмелетке толмаған балаларының мүдделерiне қатысты болса, ол осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормалармен реттеледi.".

      6. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-бап):
      37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заемына толық немесе жартылай сатып алынған ипотекалық тұрғын үй заемының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлiктi қоспағанда, борышкерге қойылған кепiлмен қамтамасыз етiлмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшiн оның қалған мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда өндiрiп алу кепiл ұстаушының азаматтық заңдарда белгiленген құқықтары сақтала отырып, кепiлге салынған мүлiктен жүргізiлуi мүмкiн.".

      7. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254-1 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат):
      1) 6-баптың:
      1-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.
      4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы айналыс кезiнде бiр рет қана жүргiзедi. Мұндайда тiркеушi орган кепiл тiзiлiмiн жүргiзедi. Кепiлдiң осы түрiн тiркеу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бiр рет төленедi.";
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлді тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен ипотекалық бағалы қағаздардың иелерi - кепiл ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнде көрсетiледi.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады