Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 қараша N 143e

      Бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 36-қосымшада:
      6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда "салу жобасы бойынша жобалық-смета жасау" деген сөздер "салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудан өткен Астана қаласындағы қан препараттарын шығару жөніндегі зауыт салудың техникалық-экономикалық негіздемесі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады