Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 2 қараша N 143г

      Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      6-тармақтың кестесінде:
      054 "Лабораториялық жабдықтар мен шығын материалдарын орталықтандырылған сатып алу" деген бағдарламасында:
      5-бағанда:
      "әмбебап ларингоскоп - 13 бірлік", "ЭДО аппараты - 5 бірлік" деген сөздер алынып тасталсын;
      "портативті УЗИ - 3 бірлік" деген сөздерден кейін "реограф - 1 бірлік, дербес компьютері бар үстел спирографы - 2 бірлік, медициналық шкаф - 11 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және шығын материалдарының 19 атауы" деген сөздер ", сондай-ақ шығыс материалдарының 15 атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
      6-тармақтың кестесінде:
      055 "ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл" деген бағдарламасында:
      031 "АҚТҚ-ын жұқтырудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар" деген
шағын бағдарламасында:
      5-бағанда:
      "19000" деген сан "58637" деген санмен ауыстырылсын;
      "20000" деген сан "50000" деген санмен ауыстырылсын;
      "9500" деген сан "11500" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады