Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi арасындағы Шегiртке тектестерге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес бойынша қорғау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi өзара ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
мен Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгi арасындағы Шегiртке тектестерге және басқа
да ауыл шаруашылығы зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес
бойынша қорғау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi өзара
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, тату көршiлiк және өзара тиiмдi ынтымақтастық рухында iс-қимыл жасап, өсiмдiктердi қорғау саласында ынтымақтастық орнату ниетiн басшылыққа алып,
шегiртке тектестердiң, басқа да зиянкестер мен өсiмдiк ауруларының ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал жайылымдарына ерекше қауiптiлiгiн ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдағы егiндердiң ысырабына жол бермеу мақсатында,
өсiмдiктердi қорғау саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет бiлдiрiп,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар егiннiң ысырабына жол бермеу мақсатында шегiртке тектестерге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерiне және ауруларына қарсы күрес бойынша iс-шараларды ұйымдастыру жөнiнде бiрлескен жұмыс тобын құрады.
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларымен қорғалатын мемлекеттiк немесе өзге де құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, ғылыми зерттеулер, өсiмдiктердi қорғау құралдарын мемлекеттік тiркеу және Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралас аумақтарының фитосанитариялық жәй-күйi саласында үнемi ақпарат алмасуды жүргiзетiн болады.
3-бап
Тараптардың өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдары және олардың мамандары шекаралас аудандарда мынадай жұмыстарды:
- шегiртке тектестердiң және басқа да зиянкестердiң, сондай-ақ өсiмдiктер ауруларының тiршiлiк ету орындарын мұқият тексерудi;
- жұмыстарды жүргiзудiң мерзiмiн, әдiстерi мен технологияларын, сондай-ақ пайдаланылатын пестицидтердiң түр-түрiн анықтауды және келiсiп алуды жүргiзетiн болады.
4-бап
Зиянкестердiң жаппай көбею ошақтарында белсендiлiгi артқан жағдайда, Тараптар бiр-бiрiн дереу хабардар етедi және өз мемлекеттерiне экономикалық залал әкелуiне жол бермеу мақсатында өз аумақтарында оларды жою жөнiндегi iс-қимылды бiрлесiп үйлестiруге кiрiседi.
5-бап
Тараптар пестицидтердi уақытысында сатып алу және зиянкестердiң жаппай көбею ошақтарын жою жөнiндегi жұмыстарды әрқайсысы өз аумағында орындау үшiн шаралар қолданатын болады, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерi мен ауруларын жою жөнiнде тәжiрибе алмасады.
6-бап
Қажет болған жағдайда, шегiртке тектестерге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерiне және ауруларына қарсы күреске қатысты жұмыстарды жедел жүргiзу мақсатында Тараптар бiрi-бiрiне өзара жәрдем және техникалық қолдау көрсетедi, сондай-ақ Тараптардың ұлттың заңнамаларын сақтай отырып, өз құзыретi шегінде ауыл шаруашылығы авиациясының ұшуына қатысты мәселелердi шешуге жағдай жасайды.
7-бап
Тараптар өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтары, жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастықты жүзеге асыруда жәрдемдесудi қажет деп есептейдi.
8-бап
Тараптар, қажет болған жағдайда, шегiртке тектестердiң және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын жою үшiн шекаралас аудандарда отрядтар ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
9-бап
Екi Тараптың өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi басқару органдары шекаралас аудандарда шегiртке тектестерге, басқа да зиянкестер мен өсiмдiктер ауруларына қарсы күрес бойынша iс-қимылды үйлестiру үшiн өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мамандармен алмасуды жүзеге асыратын болады.
10-бап
Тараптар қажет болған жағдайда өзара уағдаластық бойынша өсiмдiктердi қорғау саласында ғылыми және практикалық мүдденi бiлдiретiн мәселелер бойынша бiрлескен кездесулер мен семинарлар өткiзу, тағылымдамадан өту үшiн делегациялар алмасуды жүзеге асыруы мүмкін .
11-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
12-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
13-бап
Осы Келiсiм, оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және, егер Тараптардың бiрде-бiрi Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiбермесе, бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады. Бұл ретте Келiсiмнiң қолданылуы осындай хабарлама жiберген сәттен бастап алты ай өткеннен соң тоқтатылады.
Осы Келiсiм 2003 жылғы "___" ____________ _______________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi үшiн министрлігі үшiн