Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 қыркүйек N 202а

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202 P020202_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      5-тармақтағы "авиатехниканы күрделi жөндеуден өткiзу;" деген сөздерден кейiн "ұшу-техникалық мүлiктi сатып алу;" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы" деген сөздерден кейiн ", N 3656 әскери бөлiм" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада:
      6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағандағы үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Әртүрлi атаулы 23 бiрлiктен тұратын оққағарларды, 5 бiрлiктен тұратын противогаздарды, 120 бiрлiктен тұратын "Черемуха" бұйымдарын, 24 бiрлiктен тұратын қолкiсендердi, 5454 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы патрондарды, 90 бiрлiктен тұратын резеңке таяқтарды, 21 бiрлiктен тұратын қалқанды каскаларды, 2 бiрлiктен тұратын алып жүретiн металл iздегiштi, 1 бiрлiктен тұратын "Поиск-3" стационарлық металл тапқышты, 1 бiрлiктен тұратын "Olimpus L-400" микрокассеталы диктофонды, 1 бiрлiктен тұратын "AK" металлдарды табуға арналған приборды, 1 бiрлiктен тұратын құпия және бос орындарды табуға арналған приборды, 6 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы түнде көру приборларын, 1 бiрлiктен тұратын КС-23 карабинін, 10 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы периметрді күзету жүйесiн сатып алу.";
      5) көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада:
      6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) көрсетiлген қаулыға 14-қосымшада:
      6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда соңғы сөйлемде "электр энергиясына" деген сөздерден кейiн ", жылу энергиясына" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
      6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iшкi әскерлерiн реформалау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, оның iшiнде: 24 атаулы байланыс жабдықтарын, 10 атаулы қару мен оқ-дәрiлердi, 6 атаулы әскери-техникалық жабдықтарды, 9 атаулы инженерлiк-техникалық құралдарды, 9 атаулы арнайы құралдарды, 7 атаулы инженерлiк қарулану құралдарын, 9 атаулы арнайы автотехниканы, 22 атаулы медициналық жабдықтарды, 5 атаулы жиhаздар мен казармалық мұқаммалды, 12 атаулы стационарлық, кiр жуатын, далалық, тiркеме, тiгiн машинкаларын сатып алу";
      8) көрсетiлген қаулыға 23-қосымшада:
      6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 3 бiрлiктен тұратын "Фокус-СМ" (адаптерi бар) қабылдау-бақылау құрылғысы мен басқару жүйесiн; периметрлер үшiн баса-көктеп кiрудi анықтау құралдарын: 7 бiрлiктен тұратын "Радиан-14" сыйымды анықтау құралын, 7 бiрлiктен тұратын "Газон" радиотолқынды құрылғысын, 5 бiрлiктен тұратын "Дельфин-МП" дірілдеткіш кабельдiк анықтау құралын, 30 жинақтан тұратын "Спираль-ИИ" (Егоза) пассивтi қоршауын, 4 тонна КО-1,2 мырышты сым, 4 жинақтан тұратын көрiнбейтiн кедергiнi; телевизиялық бақылау жүйелерiн: 20 бiрлiктен тұратын MBK-16 сыртқы бейнекамераларды, 41 бiрлiктен тұратын KPC-500 iшкi бейнекамераларды, 10 бiрлiктен тұратын BWM-900 мониторларын, 20 бiрлiктен тұратын CHEB бейнекамералары үшiн термоқорғау қаптамасын, 6 бiрлiктен тұратын BQ-525A бейнебелгілердi өңдеу құрылғысын, 4 бiрлiктен тұратын мультиплексорларды, 39 бiрлiктен тұратын квадраторларды, 3 бiрлiктен тұратын JTR 9600Р арнайы бейнемагнитофондарды, 6 бiрлiктен тұратын G-1500 жақтаулық металл детекторларын; 10 бiрлiктен тұратын Унискан 7215 тексеру металл детекторларын; кiрудi бақылау жүйелерiн: 4 бiрлiктен тұратын Модель 4015 CDP-S4 автономды проксимити жүйесiн; күзет-өрт дабыл қаққыштарын: 400 бiрлiктен тұратын датчиктердi (түтiндiк, жылу, газ); 200 бiрлiктен тұратын МL-194 элекромагниттi құлыптарды; қоректендiру көздерiн: 16 бiрлiктен тұратын ББП-20 үздiксiз қоректендiру көзiн, 20 бiрлiктен тұратын FLAMM-7 аккумуляторын, 4 бiрлiк "Хонда" бензин генераторын сатып алу";
      9) көрсетiлген қаулыға 33-қосымшада:
      6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген бағанда екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Арнайы медициналық жабдықтарды: 1 бiрлiктен тұратын "ИВЛ Фаза-5" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын "УВЧ 80-02" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын

 

"Бинокулярлық микроскоп" аппаратын, 1 бiрлiктен тұратын биохимиялық

анализаторды, 2 бiрлiктен тұратын "Небулайзер" аппаратын, 1 бiрлiктен

тұратын ЛУ-2 әмбебап ларингоскопты сатып алу".

     2. Осы қаулы 2002 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады